Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет3/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Введение в античную нумизматику. Москва, 1969. 15 б) 
Қазіргі кезде нумизматтардың алдына ӛте маңызды жауап-
кершілігі мол міндеттер қойылып отыр. Бірінші кезекте 
А.Н.Зографтың синхрондық принципіне негізделген монеталар-
дың ғылыми классификациясын жасап шығару мәселесі болып 
табылады. Яғни, әр түрлі қалалар мен облыстардың монета кор-
пустарын салу үшін ең алдымен нумизматикалық коллекциялар, 
кӛмбелерден табылған монета коллекциялары, монета сарайла-
рының топографиялары және т.б. нумизматикалық құралдар 
қажет болады. Зерттеудің жаңа әдістерінің пайдаланылуы, ар-
хеологиялық заттардың қолданылуы, стратиграфия, монета са-
райларын зерттеу, штемпельдерді салыстыру әдістерінің қолда-
нылуы – бұлардың барлығы нумизматиканың одан әрі ғылым 
ретінде дамуына орасан зор әсер етеді. Штемпельдерді салыс-
тыру және кӛмбелерді талдау әдістері қолданылады. Бұл екі 
әдісті ғалымдар XIX ғасырдың ӛзінде қолдана бастады. Ал 
оның одан әрі кең қанат жаюы XX ғасырда басталды, яғни оған 
себеп, археологиялық қазбалардың кӛптеп қазылуы, оларды 
ғылыми әдістермен зерттеу, кӛмбе монеталарын нақты түрде 


11 
тіркеу және мұражайлық коллекцияларда монеталық құралдар-
дың кӛптеп жиналуы әсер етті.
Нумизматиканың негізгі міндеті – ежелгі заманғы сауда 
жолдарын анықтау мақсатын кӛздеп, табылған кӛмбелер мен 
монеталардың топографиясын жасау, кейбір монеталардың қай 
типке жататындығын анықтау, монеталардың техникалық ерек-
шеліктерін, темпельдерін салыстыру міндеттері жатады. 
(Л.Н.Казаманова. Введение в античную нумизматику. Москва, 
1969. 22-24 б). 
Тарихи қосалқы пән ретінде нумизматика монеталар та-
рихын, чеканка ісін, монеталардың сыртқы белгілерін, салма-
ғын, ақша жасау техникасын зерттейді. Монета техникасында 
ортағасырлық брактеаттар ерекше орын алады. Оларды жіңішке 
материалдардан, яғни қорғасыннан соққан. Бұл чеканка аз энер-
гияны қажет ететін болғандықтан, яғни үлкен монета ыдысына 
қарағанда, оны бір соққы жасау арқылы үлкен кӛлемді монета 
пластиналарын жасауға болады. Қолмен соғу техникасының 
прогресі – бұл балғалық снарядтың шығуы шамамен XV ғасыр-
да пайда болды. Ерте капиталистік кезеңде тауар-ақша қатынас-
тарының дамуына байланысты монеталар шығарудың жолдары 
жетілдіріліп, машиналар ойлап табылды. XVI ғасырдың орта-
сында монетаны кесуге қабілеттілік және вальцевалдық машина 
пайда болды. Ірі монеталарды соғу вальцевалдық машинаның 
пайда болуымен жеңілдеді. Монетаны машинаның кӛмегімен 
соғу кең етек жая бастады. Кӛптеген монета сарайлары бұл ма-
шинаға қарсылық білдірді. Себебі олардың кӛпке созылған еңбе-
гі сақталмай, ұмытылып, зая кетеді деп қорықты. ХІХ ғасыр-
дың басында индустриальды капитализм кезінде буынды рычаг-
ты машина жасалып шығарылды.
Шетелдік монеттер кей кезде басқа қаланың заңды айна-
лым құралдарына айналып отырды. Монеталарға оны қабылда-
ған мемлекеттің таңбасы қойылады. Бұл таңба екі тәсілмен 
қойылды – монета түрін ӛзгертеді немесе соңғысы ӛзгертілмеген 
күйі қалдырады. Осылайша монетаға белгілі бір белгі қойып, 
оның жергілікті нарықта кеңінен қолданылуын қамтамасыз ете-
ді. Бұл екі тәсіл шетелдік монеттерді қалалық монеттерге айнал-
дырады. Үстіне соғу екі түрге бӛлінеді – орнын және уақыт соғу. 


12 
Біріншісі айналым орнын, ал екіншісі монеттің уақытын ұзар-
тады. Бұған мысал ретінде соғу Тир қаласының атымен шыққан 
римдік мыс монеттерін келтіруге болады. Осы қалада 
Веспасианның тұсында соғылған монеттер, соғудан кейін де, 
тіпті Антонина Тии тұсында одан әрі қолданылуға құқық алды. 
Шетелдік монеттерді қайта соғу мен үстіне соғу кейде монета-
лық металдың жетіспеу кезінде қолданылған. Тіпті ескі айна-
лымнан шыққан монеттер де қайта соғылып, қайтадан айна-
лымға түсіп отырды. Бұндай тәжірибе эллинизм дәуірінде кең 
таралды, оған Солтүстік Қара теңіз қалалары да жүгініп отырды. 
Смирна, Магнезия, Мирина сияқты Кіші Азиялық қалалар 
тетрадрахмалары б.з.б. III ғасырда ӛздерінің атақты Александр-
лық тетрадрахмалардың қайта соғылғанын кӛрсетеді және ескі 
монеттерді жою үшін соғылған балға іздерін сақтайды. Соғу 
біржақты және екіжақты болады: соңғысы таңба бейнесі бар 
ерекше қысқышпен жасалынады. Соғу таңбасы әр түрлі форма-
лы болып келеді – дӛңгелек, сопақ, ромбы түрде, тікбұршты 
және т.б. (Л.Н.Казаманова. Введение в античную нумизматику. 
Москва, 1969. 91 б). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет