Ж. Б. Аширбекова


О.М.Смирнова, Е.А.Давыдович еңбектері



Pdf көрінісі
бет7/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

О.М.Смирнова, Е.А.Давыдович еңбектері. Тухси монет-
теріне алғаш кӛңіл аударған О.И.Смирнова болатын, ол 
Лившицтің ұсынғанын оқуға кірісті, «тухустық YWBW‖. Ол 
теңгелердің жасалуынан үш типті бӛліп кӛрсетеді. Бұл қызықты 
топты зерттеуге В.И.Настич кірісті. Жаңа табылған қалдықтары 
арқасында түргештерге сонымен қатар тухустарға да жататын 
теңгелердің жаңа типтері анықталды. Түргештер мен тухустар-
дың теңгелерінің типтері мен нұсқаларын салыстыра келе, 
жоғарыда айтылған ғалымдар бір қорытындыға келді – тухустар 
теңгелерін түріктерден ертерек (VII-VIII) шығара бастаған. Ал 
тухус теңгелерінің бір тобында «Құдіретті түргеш қағанының 
теңгесі» деген жазуы, тек VIII ғасырда түргештерге бағынышты 
болған кезден бастап шыға бастады және олар тек кейінірек 
шығарылған. Тухус теңгелері әзірге тек Шу даласынан ғана 
табылған. Теңгелер Ақбешім қалашығында, ежелгі археологтар 
ежелгі Суябпен байланыстырады; Жаңакентте және Ақтӛбе қа-
лашығында табылған «чу» тамгасы бар тухси теңгелерінің орта-
лығы Суяб болған, Клаусонның дерегі бойынша VIII ғасырда 
түргештердің қолында болған қаладан олардың теңгелері жасал-
ған. Теңгелерді басқа астаналық қала – Жаңакентте шығаруы 
мүмкін. Теңгелердің 45 данасы Красная Речка қаласынан, ал 24 
данасы Ақбешімнен табылған. Красная Речкадан (Қызылӛзен) 
табылған теңгелер данасы шамамен алынған, ӛйткені Қырғыз 
КСР мұражайында сақталған деректер толық емес, ал музей 
қызметкерлері Қазақстандық археологтармен бірігіп, осы жерде 
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде. Новокент 
(Жаңакент) қаласының VII-VIII ғасырлардағы астаналық сипаты 
және халықаралық саудадағы орны бойынша, қаладан табылған 
археологиялық қазбалардың арқасында қаланың ӛзінің номина-
лы және типтері бар деуге болады.
VIII ғасырдың II жартысында Жетісу түргештерін түрік 
тайпасы қарлұқтар бағындырды. Ӛңірдегі шаруашылық ӛмірін 
қарлұқтар ӛзгертпеді. Нумизматикалық материалдар бойынша 


37 
мынаны байқауға болады: осы ӛңірде Қараханидтер келгенге 
дейін түргештердің негізгі теңгелері ақша айналымында болған. 
Теңге жасау технологиясы әр кез жаңарып отырған. Бұған дәлел 
осы уақытқа дейін олардың жақсы түрде сақталуы. 
Мұндай суреттер Мәуереннахр мен Оңтүстік Қазақстанға 
да тиесілі. VIII ғасырдың басында Мәуереннахрға арабтар басып 
кірді. Арабтармен бірге елге олардың теңгелері де келді. VIII ға-
сырдың ортасында Орта Азияда жергілікті арабтардың теңгелері 
алғашқы Орта Азиялық фельстер шыға бастады. Орта Азияда 
Таяу Шығыспен ақша байланысы кеңеюі нәтижесінде қалалар 
феодалдық дамыған қалаға айналды. Ірі қалалар IX-X ғасырда 
облысаралық, тіпті халықаралық сауда орталықтары болды. 
Тахир және Саманидтер мемлекетінде негізгі теңге – күміс дир-
хемдер әлемдік ақша ролін ойнады. Бұған дәлел ретінде Шығыс 
Еуропа, Прибалтика және Скандинавия елдерінен та-былған 
теңгелер саналады.
Мәуереннахр және Қазақстанның оңтүстігінде ақша айна-
лымы ретінде IX-X ғасырда Саманид теңгелерінен басқа үш 
түрлі дирхемдер – муссейяби, мухаммади және гитрифи болған. 
Оларда күміс дирхемдермен салыстырғанда, араб жазбалары ӛте 
аз жазылған. Теңгенің беткі жағында ел билеушісінің бейнесі, ал 
артында құрбандық және от. Бұл Ү ғасырдағы Сасанид драхман-
дарының кӛшірмесі. Нумизматикалық әдебиеттерде оларды 
«бұхарлы-даттық теңгелер» немесе «қара дирхемдер» деп атай-
ды. Бұхар-даттық теңгелерге кӛптеген әдебиеттер арналған, бі-
рақ кӛп сұрақтар: олардың жасау әдісі, айналымы кӛрсетілме-
ген не дұрыс шешілмеген. Бұл теңгелердің құрамындағы метал-
дардың ӛзгеруі, хронологиясының сипаттамасы туралы 
М.С.Массон жазды және О.И.Смирнова, кейде оларға 
М.Т.Федоров та қосылып отырды. Бұхар-даттық теңгелердің 
типтік нұсқауларға, жаңа сұрыптауға бӛлген металл құрамын 
және айналым уақытын анықтаған Е.А.Давидович болды. 
Ежелгі Қазақстан аумағында ӛмір сүргендер ерте заман-
нан бері саудамен айналысты. Бұған біздің дәуірімізге дейінгі
ІІІ ғасырдан бастап Қазақстан аумағы арқылы бірнеше мың ша-
қырым бойы ӛтіп жатқан Ұлы Жібек жолы алғышарт ретінде 


38 
қызмет етті. Монеталар барлық уақытта тӛлем құралы ретінде 
пайдаланылды.
Түркі билеушілері Орта Сырдарияда, Отырар алқабында 
және Жетісуда VII-VIII ғасырда меншікті монета ӛнімдерін шы-
ғарды. 
Алтынтӛбе қалашығын қазу кезінде Түркеш мемлекетінің 
VII ғасырда қола ақшасы табылды.
Қазіргі кезде монеталар Ұлттық банктің Шығыс Қазақстан 
облысы Ӛскемен қаласында орналасқан Қазақстан ақша сара-
йында соғылады. Қазақстан ақша сарайы Еуразия ақша сарайла-
ры қауымдастығының мүшесі болып табылады. Бүгінде ол ға-
сырлық дәстүрлері бар жетекші ақша сарайлары мен тең дәре-
жеде бәсекеге түсе алады. 
Алғашқы монеталардың дизайнын жасаумен Ұлттық банк-
тің мамандары айналысты. Үлгілері екі аптаға жетпей дайын 
болды және 1992 жылы қарашада неміс жағынан алынған мате-
риалдан монеталардың алғашқы ӛнеркәсіптік партиясы соғыл-
ды. Сол кезде ХРҰБ-мен монеталар дайындауға арналған бірін-
ші шартқа қол қойылды, «Балқаш мыс» ӛндіріс бірлестігі мен 
шикізат жеткізу мәселесі шешілді. 
Ежелгі «Жібек жолының» қос құрлықтағы адамзат бала-
сының экономикалық сауда және мәдени қарым-қатынастары-
ның жан-жақты дамып, олардың бір-бірімен тығыз байланыста 
болуына үлкен ықпал еткендігі тарихтан белгілі. «Жібек жолы» 
арқылы Шығыс пен Батыстың кӛптеген елдерінің саудагерлері 
Тараз және оның маңайындағы орта ғасырлық қалалардың 
базарларына келіп, тауарларын күндеп-айлап жатып сатып қызу 
сауда – саттық жүргізілген. Ал тауар қатынасының дамуы елдегі 
сауда айналымының негізгі табысына айнала бастағандықтан, 
оған бақылауды күшейту мақсаты мен VII ғасырда Түрік, соңы-
нан Түркеш қағанаты теңгелер шығарып айналысқа енгізген. 
Бұл жайында арнайы зерттеу жүргізіп, ой тұжырымдаған белгілі 
археолог-ғалым А.Бернштам: «Түркеш қағанатының күшейгені 
соншалықты, тіпті 704-766 жылдар аралығында Талас аңғарын-
дағы Тараз қаласында олардың теңге құйып шығаратын арнайы 
сарайы болған» - деген. Әрі осы ғылыми тұжырымның дұрысты-
ғы, археолог Т.Сенигованың кӛне Тараз қаласының орнында 


39 
жүргізген археологиялық қазба жұмыстары барысында, VIII-
X ғасырлардағы тӛменгі мәдени қабаттан тапқан теңгелермен 
толық дәлелденді. 
Түрік қағанаты кезінде сауда-тауар байланысының кең 
ауқымды дамуына қарай, халықтың тауарға деген сұранысын 
қанағаттандыру үшін Тараз және осы маңайдағы басқа да қала-
ларда ақша шығаратын сарайлар жұмыс істеген. Мұның ӛзі қала 
билеушілерінің ӛз алдына биліке ұмтылып, сауданы ӛз қолына 
ұстауға тырысқандықтарын байқатады. Дегенмен 1997 жылы 
қазіргі Орталық базардың тұсындағы қала халықтарының негізгі 
бӛлігі – цитадельде жүргізілген қазба жұмыстары барысында бір 
ғимараттың еденінен 10 түргеш, 2 соғды теңгесі табылған. 
Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының мамандары 
Тараз қаласынан шыққан осы теңгенің бірінен кӛне Түркінің 
таңбасын анықтады. Екіншісінен, соғды тіліндегі «Түркі қағана-
тының тәңірі» деген сӛзді оқыды. Сарапшылар бұл теңгелерді 
ҮІІІ ғасырдың алғашқы ширегіне жатқызады.
Бертін келе мемлекетаралық сауда-саттық жұмысының 
жоғарғы дәрежеде дамуы, тауарларды айырбастаудан гӛрі жап-
пай теңгенің айналысқа түскенін қажет еткен сияқты. Бұған 
Тараз қаласының айналасындағы Тӛменгі Барыс хан, Жікіл және 
Қостӛбе ортағасырлық қалалардың орнында жүргізілген қазба 
барысында табылған теңгелер куә. Мәселен, 1940 жылы 
А.Н.Бернштам Тӛменгі Барыс хан қаласының батыс жағындағы 
қоныс-жай орнынан кездейсоқ табылған 150 теңгесі бар құмыра-
дағы екі теңгені Тараз қаласында шыққанын растады. Оның бі-
реуінде: Халиф ал-Каим (422-467 жылдар), екіншісінде: ал-
Муктали (467-487 жылдар) деген кісі есімдері бар. Міне, осы ну-
мизматикалық деректер Халиф ал-Каим мен ал-Мукталидің 
Таразда 65 жыл билік жүргізгендігін айғақтайды.
Сондай-ақ Қостӛбе қаласындағы қазба жұмысы кезінде 
Шашта шыққан теңгемен бірге Испиджаб пен Таразда билік ет-
кен Имтиген Ахмет атты қағанның атына соғылған теңгенің та-
былуы да кӛңіл қоярлық. Теңге дегеніміз – сол мемлекеттің 
күш-қуатын, билігін білдіретін бірден-бір тарихи дерек кӛзі. 
Онда қағанның аты, билік еткен жылдары және кейде таңбалары 
кӛрсетіледі. 


40 
М.Е.Массон ӛзінің «Қара дирхем муссеяби туралы сұрақ-
тар» атты еңбегінде кіріспеде кӛптеген ғалымдар туралы 
(Х.М.Френ, И.Штеккел, Э.Друэн, Э.Томас, Ф.Соре, П.И.Лерх, 
А.К.Марков, В.В.Бартольд), олардың еңбектеріне сипаттама 
жазды. Оның ойынша, Орта Азиядан табылған материалдың кӛ-
мегімен ғана, олардың дәл құжатталуы және теңгелердің топог-
рафиялық табыстары бар болса ғана осы сұрақтар туралы соңғы 
сӛз айтуға болады. Массон дирхемдер «Мусеяби» зерттеу үшін, 
олар дәуірдің барлық тарихи кезеңдерін алды. Сыртқы кӛзге бұ-
хар-даттық теңгелер біртектес, бірақ әрбір топ ӛзінің таралу ара-
лығы бар деп есептейді Массон. Ол бұхар-даттық монеттерді
4 типке және айналым уақытын 3 кезеңге бӛледі. 1-кезең – 
Махди Халиф кезі, бірақ Мұқандағы кӛтерілістің басып-жаншы-
луынан кейін Хорасан наместнигі Муссайаб және Фадл кезінде 
жасалған жоғарғы сапалы күміс бұхар-даттық теңгелер; 2-кезең 
(792 жылдан кейін) – 6 түрлі металдан және күміс, кішкене ал-
тын қосылған жоғарға сапалы теңгелер; 3-кезең – ең ұзақ кезең-
де (басы анықталмаған) металл біраз нашарлайды және бұхар-
даттық теңгелер мыс теңгелерге ұқсай бастады. Массонның 
Қарахандықтардың «Қара дирхемдері» мұраға алу туралы, олар-
дың Саманидтер ысырып тастаған теңгелерге ұқсамауы туралы 
сұрақтары бар мақаласы кӛңіл аударарлық. «Қара дирхемдер-
дің» ХІІ ғасырдың ортасында айналымнан шығуын, Массон 
Қараханидтер кезінде шығарылған қола және мыс теңгелердің 
жасалуы, олардың бұхар-даттық теңгелер арасындағы айырма-
шылық жарамсыз болды, алайда базарлар 100 жыл шамасында 
болған осы теңгелермен толықтырылған. 
О.И.Смирнова зерттеу жұмыстарын бұхар-даттық теңге-
лер үшін жүргізді. Ол Мұхаммед атының және әл-Махди атауы-
ның осы теңгелер жазылған уақытын тексере келе, Мұхаммед 
және әл-Махди жазуының осы теңгелерінде басылуы әл-Махди 
халиф алғанға дейін болған, Яғни оның хорасандық билік еткен 
кезі еді. Смирнова Соғдының ақша айналым уақытын 2 кезеңге 
бӛледі. 2 кезеңнің (период) ерте теңгелеріне ол, билеушіні ар-
тында жазылған, Смирнова араб жазуы деп оқыған пехлева жа-
зуы бар монеттері (теңгелері). 


41 
Мұндай дұрыс оқылмаған жазу туралы Беленицкий және 
Давидович ӛздерінің мақалаларында кӛрсеткен. Нәтижесінде, 
бұхар-даттық теңгелердің бірінші кезеңінде теңгенің 80% күміс 
(ҮІІІ ғасырдың басы), кейінірек 60% болғандығы анықталды. 2-
кезең Тұрғардың реформасынан басталады, осы кезде теңгенің 
50% күміс болды. Смирнова бұл теңгелердің субэраттығына кӛ-
ңіл аудармады. Оны Е.А.Давыдович кӛріп жариялады. Субэрат-
ты теңгелер ішінде – темір, қола, мыс металдары бар, ал екі жа-
ғын жұқа қабатты қымбат металмен жапқан. Е.А.Давыдович бұ-
хар-даттық монеттердің сырты күміспен қапталғанын айтты. ІХ-
ХҮІІІ ғасырларда Орталық Азиядағы ақша айналымындағы ал-
тын теңгелерін зерттеу жұмыстарының соңғысында, Давыдович 
Муссеяби мен Мухаммади теңгелері субэратты емес, тек оның 
кішкене бӛлігі, яғни теңгелер тек күміс және мыстың қоспасы 
болғандығын анықтады. Бұл жаңалық тиындарды классифика-
циялағанда қажет болды. 
Орталық Азияның ҮІІІ-ХІІІ ғасырлардағы ақша айналы-
мын зерттеу барысында «қара дирхемдерді» де М.Н.Федоров 
қоса алған. Оның ойынша бұхар-даттық жазуы бар монеттер 
Тұрғар драхмдарының үлгісі бойынша жасалған және олардан 
еш айырмашылығы жоқ, тек соғды және араб жазуларынан бас-
қа Давыдович 1965 жылы Заравшандағы Вашан тау қыстағынан 
табылған материалды зерттей келе, бұхар-даттық теңгелердің 
кӛп типі Тұрғар теңгесі бойынша жасалмағандығын айтты. Ол 
ГЭ. ГИМ, МИУ-дегі жарияланған және жарияланбаған теңге-
лерінен 10 белгілі типті анықтады. Бұл типтің ерекшелігі теңге-
нің беткі жағындағы билеуші басы суретінің артындағы жазу. 
Сыртқы кӛзге бұл теңгелер жоғарғы сапалы кӛрінеді: 792-
793 жылдары Бұхардағы Гитрифи Атаның реформасына дейін 
олардың құрамында күміс кӛп болған. Кӛптеген материалдарды 
зерттей отырып, Давыдович мынаны анықтады: қүмістен жа-
салған Гитрифи жасаған теңгелер гитрифтер деп аталмаған, ол 
«мухаммади» деп аталған. Бұл ӛте тӛменгі субэтратты, аз уақыт 
қолданылған теңгелер. Кейінірек бұхар-даттық теңгелердің са-
пасы мүлдем нашарлап, «гитрифтер» деп аталды. Қызығы, бұл 
монеттер бір типте (әл-Махди) және олардың жасалуы ұзақ. Жо-
ғарғы құрамды, түрлі типтегі бұхар-даттық теңгелер, 


42 
Давыдовичтің ойынша, ІХ ғасырдың І ширегінен басталып 
«Муссейаб» деп аталған. Бұхар-даттық теңгелердің 3 типінде 
уақыт анықтау мүмкін емес, себебі олар ӛте ұзақ, 400 жылдан 
астам уақыт қолданыста болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет