Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет4/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

 
Антикалық 
монеталарды 
классификациялаудағы 
И.Х.Эккель еңбегі. Ғылыми нумизматика XVII ғасырдың
II жартысында пайда болды. Оның негізін салушы – Вена ну-
мизматы И.Х.Эккель. Ол ғылымның нумизматика саласында 
кӛптеген еңбектер жазып қалдырған. 
Қосалқы ғылыми пәннің дамуының алғашқы кезеңі монет-
терді әуесқойлықпен коллекциялау болды. Жинаушыларды мо-
неттің сан алуан түрде болып келуі, кӛне қалалардың біршама 
тез дамып қалатындығы, анықтаудың және классификациялау-
дың біршама оңайлығы, ақырында сақтау үшін қолайлығы қат-
ты қызықтырады. Орта ғасыр дәуірінің ӛзінде-ақ Еуропаның 
кӛптеген қалаларында кӛбіне антик заманының монеттерін жеке 
адамдардың кӛптеп жинаушылығы болған еді. 
И.Х.Эккель монеттердің хронологиялық шеңберін анық-
тауда бірнеше еңбектер жазды. Бұл бағытта кӛптеген ғалымдар 
ӛз пікірлерін білдіріп, олардың арасында шиеленістер де туып 
отырды. Эккельдің зерттеуінде монеттердің хронологиялық 


13 
шеңберін анықтауда мерзімнің не жүздігі, не ондығы белгісіз 
жағдайлар да кездесті. Қараханидтік монеттерді зерттеу жұмыс-
тары кезінде монеттерді V және VI ғасырлар ажыратады, мұн-
дай жағдайда тәжірибелі маманның ӛзі де қателесуі мүмкін. 
«Муиз ад-дуйна вад-дин Қылыш-хақан банакаттық дирхамдағы 
74 жылы» мерзіміне, А.К.Марков 474 жылғы деп қалпына кел-
тірді. Мұндай реконструкция екі себеп бойынша қабылданбауы 
мүмкін: «ад-дуниа ва-дин лақабы» тек VI ғасырда қараханидтік 
монеттерде кездеседі. Сол уақытта ірі ӛлшемдегі дирхемдер 
кӛрсетілген.Шын мәнінде, оның мерзімі 1178 -1179 жылдар ара-
лығы. Монеттің шығарылғаны туралы деректер легендада жеке 
сӛздермен жазылған, мерзімді қалпына келтіруге болады, бірақ 
әрдайым емес. Самарқандтық фельстің біреуі «Табгач-хан титу-
лы» немесе ―бес‖ жылмен кӛрсетілген. Жазудың және жалпы 
пішіні жағынан бұл типтегі фельс XI ғасырдың I жартысына 
жатады, яғни бұл титулды екі Қараханидтік –Али Хасан және 
Ибрахим Насыр алды, бұл титулды мыс монеттерде есімдері 
нақты немесе басқа әр түрлі элементтермен белгіленген.
Тағы бір мысал келтіретін болсақ, Үзкенттік 3 фельсте 
Насыр есімі жазылған, мерзімнің орнына «екі» сӛзі немесе оның 
бастапқы екі белгісі орналасқан. Беткі жағындағы жалғыз 
«Насыр» сӛзі бар монет, 390 жылдың басында шыққан Ферғана-
лық монетте ғана сипатталады, сондықтан оның датасын 1001-
1002 жылдар деп белгілеуге болады. 
Куфа фельсі де сол билеуші «бірінші жылы» соғылған, ал-
амир Насыр Али мавла мир ал-муминин деп аталған, кӛптеген 
монеттер үшін 390-402 жылдар болуы мүмкін. Бірақ теріс жа-
ғында Калиманың екінші бӛлігі тұр, Ферғана және ферғаналық 
қалаларда фельстерде 391 жыл кӛрсетілмеген, бірақ ферғаналық 
монетті сарайларда 401 жылғы монеттер бар. Бұл мерзімдер 
кубалық фельстерге де тән болуы мүмкін. 
Монет жазуларының тез анықталуы сирек кездеседі. 
Самарқандтық Қылыш Табғачи хан фельсінде «алтыншы» жыл 
аталған. Мұндай титул 556-566 жылдарда билеген. Масуд Хасан 
монетінде де кездеседі. Бірақ фельстердегі жазулардың мазмұ-
ны, безендірілуі 560 жылы аналогиялы самарқандтық фельстің 


14 
ӛзі – бұл фельс 559 жылы және 562 жылы Самарқанд фельсімен 
ерекшеленеді. 
Кейде біртекті таңдау мүмкін емес. Мысалы, Ферғанада 
соғылған Насыр Алидің үш біртекті монетінің біреуіне «тоғыз 
жүз», ал екеуіне «тоғыз» мерзімі қойылған. Бұл екі монеттің ре-
конструкциясы екі нұсқада болуы мүмкін – 389 жыл және
390 жыл. 
Әрине классификацияның басқа тәсілдері ӛзінің резонына 
ие, бірақ қараханидтік монеттерді зерттеуде оларды классифика-
цияның бір принципіне тұжырымдамау керек. Е.В.Зейналь «тип-
ті білдірушілерге белгілер, саналы ӛзгерістерді монет мӛрінің 
мазмұны (билеушінің бейнесі, титулдардың ӛзгеруі, билеуші-
лердің есімдері т.б.) сонымен қатар басқа номиналды монет жа-
сау мақсатымен мӛр кӛлемдерінің ӛзгеруі» жатады 
Бірақ қараханидтер монеттеріне келгенде сұрақтар туын-
дайды. Канибадамдық қордағы ӛз ішінде ӛзгеруіне қатысты не-
гізгі элементке монеттер жазулары жатады. 
Біздің бақылауымыз XI-XII ғасырлардағы фельстің безен-
діруіндегі ӛзгерістер курстық топтаулармен жиі байланыста бол-
ғаны байқалады. Сыртқы пішіндегі ӛзгерістер хронологиясы жа-
қын бір сарайдан шыққан монеттер әр түрлі типке жатады. 
Монеттегі бірқалыпта жазылған жазулардың сақталуындағы 
белгісіздіктер бар. Мұндай монеттер шыққан уақытының ерек-
шелігіне қарамастан, бір типке жатады. Бірақ шыққан жері 
белгісіз немесе сыртқы пішініндегі ӛзгерістер жайлы айту қиын. 
Бұдан мынадай сұрақ туындайды: безендіруіндегі ӛзгерістер 
қайта жасалған болуы мүмкін бе? 
Басқаша жағдай. Міне алдымызда тұрған бір монетті са-
райдан және бір жылда шыққан Фельс безендірілуі бірдей және 
индентивті жазумен жазылған, тек бір ерекшелігі монеттің жо-
ғарғы бӛлігіндегі жарты айда хан немесе лиллах сӛзі ұсақ жа-
зумен жазылған. Ондай монеттер бір қарағанда біртипті, олар-
дың шын мәнінде қандай болғаны, тек ортағасырлық билеуші-
лерге белгілі. Принципиалды ерекшеліктері – бір фельсте мем-
лекет билеушісі ұлы қаған аталса, басқасында ондай жоқ. Бір 
монетке үш сатылы иерархиялық баспалдақ бейнеленген, басқа-
сында тек екі және үшіншісі. Бір сӛзбен айтқанда, екі бірдей 


15 
монет сыртқы пішіні бірдей ал саяси жағынан қарағанда әр түрлі 
болады. 
386 жылы ферғаналық фельстің индентивті легендасында 
және беткі жағының ортасында ұсақ әріп пен монеттің сыртқы 
бірдей ал саяси жағынан қарағанда әр түрлі болады. Хан немесе 
тегин немесе жай ғана нүкте қойылған, басқасында иерархиялық 
пирамиданың бір сатысы бейнеленген. Бұндай кӛптеп кездеседі. 
388 жылы Ферғана фельстің кейбіреуі тек теріс жағындағы 
легендасында жазылған. Тонга тегин немесе тегин билеушісі 
есімімен ажыратылатын. 403 жылы Тараз дирхемдерінде Арслан 
тегін немесе тегін деген жазулар кӛптеп кездескен. Бір қара-
ғанда, кейде князь аты нақты кӛрсетілген. Басқа жағдайда жал-
пы түрде оның княздік дәрежесі белгіленетін болған. Мұндай 
типтік ӛзгерістер «сапалы» түрде жүргізілген. X ғасырдағы 
Ферғана монеттерінде қателіктер жиі кездеседі. Ал XII ғасыр-
дағы Тараз дирхемдерінде сирек кездескен. Бірақ ферғаналық 
фельсте аталған ӛзгерістер кездейсоқ, ал Тараздық дирхемдер 
мақсатты түрде ӛзгертілген деп айтуға болады. Бұл айтылған-
дарға қосарымыз кӛп, бірақ осының қараханидтік монеттердің 
типтік деңгейі бойынша классификациялау сұрақтары қарапа-
йым еместігін түсінуге болады. Қараханидтік монеттердің сауда 
айналымындағы мәселелердің типтерге және варианттарға бӛлу-
дің негізгі принциптерін мұқият зерттеу барысында анықталады. 
Бұл мәселелерді зерттеу, қазіргі күнде біздің міндетімізге 
кірмейді, сондықтан біз кейінгі жұмыс барысында «түр» терми-
нін «тип» ғылыми теңестіре отырып қолданамыз. Егер айтар-
лықтай бір дата бірдей кӛрсетілмесе бұл нұсқаның ерекшілігі 
«түрлендіруге» мәтіндегі ӛзгерістер, жеке тұлғалардың естелік-
тері титулдардағы ӛзгерістер жатады. Шығарылып тасталғандар 
қатарына қателіктер кӛптеп жіберілгендер жатады, бұл – нұс-
қаның ерекшелігі. Егер монеттің беткі жағында тек сенім белгісі 
орналасқан немесе екеуінде оның бӛлігі болса, мұндай монет-
терге әртүрлі «түрлер» жатады. Жеке сӛздер, қысқа тіркестер, 
жеке әріптер вариантталған болып есептелінеді. Осындай себеп-
пен түрлендіруге жүзік, үшбұрыш, тӛртбұрыш сияқты легенда-
ларының араласу тәсілі жатады. Сонымен, түрліше «түрге» әр 
түрлі безендірілген, егер бір дӛңгелекпен ерекшеленсе де мо-


16 
неттер жатады. Керісінше жағдайда сыртқы пішіні негізде «түр-
лердің» бӛлінуіне бірыңғай объективті критерий жасауы мүмкін. 
Безендіруге ұсақ заттардың қатысуы варианттың ерекшелігі 
болып саналады.
Монет материалдық классификациялық сұрақтары нумиз-
матикалық зерттеулердің негізгі түрлеріне жатады. 
И.Х.Эккель: «Классификация – ӛздік мақсат емес. Тәжі-
рибе кӛрсеткендей, сәтсіз классификация зерттеушінің мүмкін-
діктерін механикалық теріске шығарады, ал сәтті классификация 
– болжап, ақша айналымындағы кӛптеген негізгі сұрақтардың 
шешілуіне кӛмектеседі: зерттеуші жасаған XV-XVI ғасырдың 
бастапқы кезінде мыс монеттердің классификациясы – кенеттен 
табылған, қолайлы, перспективті, бірақ біздің материалымызға 
тура келмейді. Терең ғылыми классификация қараханидтік 
монеттер үшін де болуы мүмкін, бірақ біздің мақсатымыз үшін, 
мұндай классификация күрделі және мұның қажеті де жоқ. 
Бірнеше классификация түрлерін зерттеуші кейінгі қара-
ханидтік дирхемдерін зерттегенде қолданады. Типтің негізінде 
ол «тұрақтылық және ӛзгермейтін комплекстік белгілер, жазу 
мазмұны олардың монет бетіндегі бӛлігі, картуш түріндегі де-
коративті безендірілуі, ӛркениеттер мен ободоктар» енгізді. 
Типтерді бір-бірінен сыртқы түріне қарап ажырату оңай. 
Канибадтық қазба жұмыстарына қарағанда, әсіресе, «сыртқы 
пішінін» негізгі ажырату белгілері табылған. 
Әрине, классификацияның басқа тәсілдері де ӛзінің резо-
нына ие, бірақ қараханидтік монеттерді зерттеуде оларды клас-
сификациялаудың 
бір 
принципіне 
тұжырымдау 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет