Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет65/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

§ 8. ГЕНЕАЛОГИЯ 
 
Шежіре (арабша шаджарад – бұтақ, тармақ) – халықтың 
шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тарма-
ғы. Сәбит Мұқановтың анықтамасы бойынша «Шежіре» деп 
кімдерден кімдер туып, қалай ӛрбігенін баяндайтын ерте заман-
нан атадан балаға мирас болып келе жатқан ауызша деректерді 
айтады. 
Шежіре шын мәнінде рудың, тайпаның, халықтың тарихы-
ның құрамды бӛлігі. Тарихи ата салты бар халықтар жеке отба-
сының, әулеттің, атақты қолбасшы, мемлекет қайраткерлерінің 
шежіресін жасауды салтқа айналдырған. Шығыста бұл салт 
Қытай елінде ӛте ерте дамыған. Онда сол мемлекетте, кӛрші ел-
дерде күнбі - күнгі басты оқиғалар «хроника» есебінде жазылып 
отырған. Осылай ӛз тарихының деректі негізін жасаған. Кӛрші 
Ресейде патшалардың, текті сословиелердің, жеке дворян әулет-
терінің шежіресін жасау салты қалыптасқан. 
Қазақ халқында ата шежіресі ерте кезден бар. «Жеті ата-
сын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ер жеті рулы елдің 
қамын жер, жалғыз ӛзін білген ұл, құлағы мен жағын жер» деген 
аталы сӛздер соның айғағы. Ал жеті атада үлкен сыр бар. Әр ұр-
пақ 25 жастан десек, ол 175 жыл. Бұл болса, бір адамның жеке 
басының тағдыры арқылы оның құл емес екенін, ата тегін, ӛз 
ортасының белді мүшесі екенін, он алты жаста ордаға енер, жау 
ортасын бұзып-жарып кірер азамат екендігін байқататын 
фактор.
Шежіре арқылы оның тегі, ата қонысы, қауымға қосқан 
үлесі, отан қорғаудағы орны, меншік, адами құқы, т.б. болмысы 
білінетін болған. Ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тек, арыс, жүз, 
жұрт, ел, отан сияқты халықтың барша тарихын кӛрсетер кате-
гориялар айналып келгенде, шежіренің негізгі категориялары. 
Бұл болса тұтас этнос, халық тарихының сырын ашуға бірден-
бір қажет сюжеттер. 
Қазақ үш жұрттан тұрады: ӛз жұрты, нағашы жұрты, қа-
йын жұрты. Шежіреде осы үш жұрттың динамикасын кӛрсетіп, 
соның нәтижесінде барша халықтану қалыптасары даусыз. 


226 
«Монғолия қазақтарының ата-тек шежіресі» атты Рахмет-
ұлы Шынайдың еңбегінде: «Туыстас немесе кӛршілес бірнеше 
отбасы бір қоныста отырса – ауыл, ауылдас, кӛрші; іргесі алшақ-
тау болса – жерлес. Қандас – жеті атадан құралғандар (бір ата-
ның кіндігінен тараған), бір ата 13 атадан асса-ру. Бірнеше тай-
па қоғамдасып, жүз болып қауымдасады. Тайпадан ірілесе ха-
лық немесе ел, оның мемлекет ішінде ӛзге ұлт, ұлыстармен сая-
си теңдігі болса ұлыс,дербес шекара, саяси – экономикалық тә-
уелсіздікке қолы жетсе мемлекет, тілі мен дәстүрі, мәдениеті, 
ӛзіндік - мекен жері, әлеуметтік рух, жігері, этникалық ерекше-
лігі ортақтасып, дараланса ұлт болады» - деп ӛте орынды кӛр-
сеткен. 
«Жеті ата», «ата – бабалар», «немере ағайын», «жамаға-
йын», «қалыс ағайын» деген терминдердің анықтамалары беріл-
ген: «Жеті ата: 1. Әке. 2. Ата. 3. Әз ата (бұл үшеуі Аталар).
4. Баба. 5. Тектін. 6. Тӛркін. 7. Тұқияң (бұл тӛртеуі Бабалар). 
Жоғарыдағы жетеуі бірігіп «Ата – бабалар» делінбек. Енді
3 ағайын, 15 ұрпаққа келейік: 
а) Немере ағайын: 1. Бала. 2. Немере. 3. Шӛбере. 4. Шӛп-
шек. 5. Ӛбере. 
ә) Жамағайын: 6. Туажат. 7. Жүрежат. 8. Жекжат 9. Жұра-
ғат. 10. Жамағат. 
б) Қалыс ағайын. 11. Ӛркен.12. Әулет.13. Зәузат. 14. Жа-
ран. 15. Қалыс. 
Шежіренің қоғамдағы орны ерекше. Мұнда тарихымыз-
дың ата тарихы екенін (патриархат дәуірінен) байқаймыз, оның 
үзбей даму жолында, динамикада, қозғалыстағы тоқтаусыз про-
цесс екендігін әр буынның есіне саламыз. Шашырап жүрген 
ағайынға шежіре арқылы бӛтенсінбей бір бірінің танысуына 
болатынын, қарға тамырлы қазақтың алысы жоқ, сұрай сұрай 
қарын бӛле шығатынына назар аударамыз. 
Шежіре ендеше ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бӛ-
лінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ор-
тақ діні, ортақ Отаны, елі, жұрты бар екеніне, тірлікке, бірлікке, 
ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған. 
«Қазақ, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қуғыншы халық». 
Ол ӛмір бойы ӛзін іздейді, ата-бабасын іздейді, кешегі күнін, 


227 
болашағын іздейді. Шежіре әр адамның жоғын тауып береді, ата 
бабасының ӛрлігін, ерлігін, тектігін, ӛз мүддесін ұлт мүддесіне 
қабыстырған жандар екенін кӛрсетеді. «Бӛлінгенді бӛрі жейді», 
жүз деп бӛлініп жүргендердің «жүзі күйсін», «жүзі қара атан-
сын»,- деген Ғабит Мүсірепов ағаның айтқаны тарих сабағы еке-
нін білдіреді. 
Шығыстанушы ғалым В.В.Вельяминов – Зернов қазақ 
жүздерінің Хақназар ханның тұсында (XYI ғ.) қалыптасқандығы 
туралы халық аңыздары негізінде жүздердің XYII ғасырда 
Қазақстанның оңтүстігінде пайда болғандығын баяндайды. 
Ресей бас штабының офицері М.Красовский қазақ жүздерінің 
қалыптасуын Қасым, Хақназар және Шығай сияқты қазақ хан-
дарының заманындағы (XYI ғ.) олардың бір-бірінен алшақ орна-
ласқан қоныстары қазақ жүздерінің шығуына негіз болғанды-
ғын дәлелдейді. 
Х.М.Әділгереев пен С.А.Аманжолов сияқты қазақ ғалым-
дары қазақ жүздерінің қалыптасуын монғол шабуылына дейінгі 
заманға, яғни б.з.YII-XI ғасырлардағы Батыс түрік қағанаты дә-
уіріне апарып тірейді. 
Қазақ жүздерінің қалыптасу себептері жайында тарихи 
шындыққа недәуір жақын келетін ой-пікірді академик 
В.В.Бартольд айта келіп, табиғи және климаттық жағдайына қа-
рай бір-бірінен ерекшеленген үш аймақта (Жетісу, Сырдария-
ның тӛменгі ағысы мен Орталық Қазақстан және Батыс 
Қазақстан), қазақ жүздері мен қазақ хандығының қалыптасқан-
дығын баян еткен. 
Академик В.В.Бартольдтың бұл пікірін қолдай отырып, 
профессор М.П.Вяткин географиялық орта әсеріне қоса, ол ай-
мақтардың экономикалық және саяси жағынан ерекшелене түсуі 
сол ӛңірлерде үш бірдей қазақ жүздерінің қалыптасуына негіз 
болғандығын дәлелдей түскен. 
Бес томдық Қазақ ССР тарихының авторлары да кӛптеген 
этносаяси және кәсіби факторлардың әсерімен XY-XYI ғасыр-
ларда Қазақстан жерінде үш этноаумақтық бірлестік– Ұлы, Орта 
және Кіші жүздер қалыптасқандығын атап кӛрсеткен. XY ғасыр-
дың 60 жылдарында Жетісудың батысында қазақ хандығы құ-
рылды. Ол бұдан кейінгі жылдарда ӛз аумағын үздіксіз кеңейте 


228 
берудің нәтижесінде Батыс, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік - 
шығыс Қазақстанның кең байтақ атырабында мекендейтін кӛп-
теген түркі, түркіленген монғол және т.б. тайпалар мен руларды 
бағындырып, оларға ӛз үкімін жүргізді. Нәтижесінде осы кең 
ӛлкеде қазақ халқы қалыптасты. Оның құрамына негізінен 
Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер қоластын-
да болған жергілікті тайпалар енді. XY-XYI ғасырларда оның 
құрамына Кӛк және Ақ ордалар ыдырауынан кейін қалыптасқан 
Ӛзбек хандығы, Ноғай ордасы, Моңғолстан және т.б. мемлекет-
тер енді. 
Хандықтың және біртұтас халықтың қалыптасуы кӛшпелі 
қоғамда ру – тайпалық жікшілдікті, феодалдық бытыраңқылық-
ты жоя алмады. Қазақ халқының қалыптасуымен бірге, үш жүзге 
бӛліну шырғалаңы басталды. Бұл, әрине, жүздеген жылдарға 
созылған бұралаңы мол ӛте ауыр да ұзақ дамуы кезеңі болды. 
Сӛйтіп, Қазақстан жерінде жүздердің құрылуы ондағы 
бір-бірінен оқшауланған үш табиғи географиялық және шаруа-
шылық аймақта (Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан) саяси 
тұтастықтың 
әлсіздігіне 
байланысты 
еді. 
Жетісудағы 
Моңғолстан мемлекетінің атырабында Ұлы жүз бірлестігі
Батыс Қазақстандағы Ноғай ордасы атырабында Кіші жүз бір-
лестігі қалыптасты. Бұл бірлестіктердің арасында қарымқатынас 
бір сәт үзілген емес, бірақ геополитикалық талқыға түскен елде 
саяси бірлік әлсірей берді, әр жүзде феодалдық ыдырау күшейе 
түсті. Жеке хандықтар, сұлтандар иеліктері XYIII ғасырдың ал-
ғашқы ширегіндегі Жоңғар шабуылына тӛтеп бере алмай, олар 
тез арада Ташкент, Түркістан қалаларына дейін басып алды. 
Мұның ӛзі қазақ жүздерінің саяси әлсіздігін кӛрсетті. 
Қазақ халқының құрамына енген кӛне тайпалардың тари-
хы тек қазақтың ғана емес, сонымен бірге басқа да кӛптеген 
Орта Азия және Еділ бойы халықтарының шығу тегін зерттеуде 
де маңызды. 
Жетісу ӛңірінде ежелгі үйсіндердің маңайына басқа тайпа-
лардың топтасуы қазақ халқының қалыптасуынан кӛп бұрын 
болған. Мұндай бірігудің кәсіби себептерімен бірге сыртқы жау-
дан қорғану мақсаты да болғанға ұқсайды. Сӛйтіп, күндердің 
күнінде Моңғолстан құрамындағы бір топ тайпаларының тіл 


229 
табысып шығысуының нәтижесінде, олардың арасында пайда 
болған бірлік, ортақ мәдени дәстүр Ұлы жүз бірлестігін қалып-
тастырды. Ұлы жүз құрамына енген тайпаларды халық «Ұлы 
жүз – үйсін» атандырған. Бұны кейбір архив, әдеби және ел 
арасынан ӛзіміз жинаған деректер де дәлелдей түседі. Ұлы жүз 
құрамына жалайыр, албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, 
ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары енеді. 
Үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақ еліне хандық құрған 
Тәуке ханның заманында (1680-1718) Ұлы жүздің тікелей билеу-
шісі Тӛле би болды. Тәуке хан, одан соң Болат хан ӛлгеннен ке-
йін, әр жүзде хандықтар пайда болған кезде Ұлы жүзге 
Жолбарыс хан сайланды да, ол Ресеймен жақындасу амалын із-
дестірді. Бірақ, Жолбарыс хан 1739 жылы бәсекелестер қолынан 
қаза тауып, елді оның мұрагерлері басқарған. XYIII ғасырдың 
40жылдарында Ұлы жүз тайпаларының кейбір бӛлігі Ресейге 
бодан болды. Бірақ бұл ӛңірдің Ресейден тым шеткері орнала-
суының нәтижесінде, патша ӛкіметінің әмірі Ұлы жүз еліне шын 
мәнінде XIX ғасырдың ортасына дейін жүре қоймады. 
1848 жылы патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын басқару 
үшін Батыс Сібір генерал губернаторының құрамында Үлкен 
орда приставствосын (басқармасын) құрды. XIX ғасырдың
70 жылдарында Түркістан генерал губернаторының құрылуына 
байланысты, оның құрамында Жетісу және Сырдария облыста-
ры құрылды да, олар уездерге, облыстарға және ауылдарға бӛ-
лінді. Ұлы жүз қазақтарын патшалы Ресей тарапынан осылайша 
басқару жүйесі Қазан тӛңкерісінің жеңісіне дейін созылды. 
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ұлы жүз 
қазақтары негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және 
Верный уездерінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент 
және Ташкент уездерінде мекендеген. 
Қазақ хандығы мен жүздерінің қалыптасуынан кӛп бұрын, 
сонау Алтайдан Дунайға дейінгі атырапта Қыпшақ тайпалық 
этникалық құрамына енді. Уақыт ӛте келе Шығыс және Орталық 
Қазақстан жерінде Орта жүз бірлестігі қалыптасты. Олардың 
тікелей түп тӛркіні Кӛк орда мен кӛшпелі ӛзбек мемлекетінің 
құрамындағы тайпалар еді. Оның ішінде әсіресе, Орта жүз бір-
лестігін қалыптастырудағы Арғын тайпасының ықпалы мен 


230 
орны ӛзгеше болатын. Сондықтан да халық Орта жүз қазақта-
рын «Орта жүз – арғын» атандырған. Оның құрамына – арғын, 
найман, уақ, керей, қыпшақ және қоңырат тайпалары енеді. 
Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы – Сырдарияның 
орта ағысында, Қызылқұм, Мойынқұм ӛңірлерінде, Қаратаудың 
терістік беткейінде, Балқаш кӛлінің солтүстігінде болатын да, 
жазда Тобыл, Есіл, Торғай, Ертіс, Сарысу ӛзендерінің бойлары 
мен Сарыарқа ӛңірін жайлайтын. Орта жүз бірлестігі пайда 
болғаннан бастап, оның мекен жайының аумағы біртіндеп кеңе-
йе түсті. XYII ғасырда Орта жүз жұртшылығы Орталық, 
Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның кең атырабын 
мекендеген еді. XYI-XYII ғасырларда Қасым, Хақназар, 
Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың қоластындағы кең ӛңірде 
негізінен Орта жүз қазақтары мекендеді. XYIII ғасырдың басын-
да Орта жүз жерінде Сәмеке және Күшік хандардың дербес хан-
дықтары; Барақ және Әбілмәмбет тӛрелердің дербес иеліктері 
жеке дара ӛмір сүрді. Мұндай феодалдық бытыраңқылық қазақ 
жерінің айтарлықтай бӛлімін XYIII ғасырдың барысында 
Жоңғар мемлекетінің жаулап алуына мүмкіндік туғызды. Айта-
лық, наймандар мен керейлерді Алтайдан, Ертіс бойы мен 
Тарбағатай ӛңірінен; арғындарды Орталық және Оңтүстік 
Қазақстанның Солтүстік – батысы мен Оңтүстік ӛңіріне ығысуға 
мәжбүр етті. Бірақ Орта жүз жұртшылығы Жоңғар басқыншыла-
рына қарсы азаттық күресті бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Оның 
басында Абылай хан, Қанжығалы Бӛгенбай батыр, Қаракерей 
Қабанбай батыр, Шақшақ ұлы Жәнібек батыр, Қаз дауысты 
Қазыбек би, Сүйіндік, Бұқар жырау, Олжабай батырлар тұрды. 
Ұлы жүз тайпаларының мекен жайы түгелдей Жоңғарлар би-
леуіне кӛшті де, Тӛле би Ташкентте отырып, Жоңғар хандығына 
бағынышты жағдайда салық тӛлеп тұруға мәжбүр болды. Ал, 
Кіші жүз елі солтүстіктен казақтар, башқұрттар, батыстан Еділ 
бойы қалмақтарының толассыз шабуылының нәтижесінде 
Әбілқайыр ханның басшылығымен Ресейге арқа сүйеуге мәжбүр 
болды. Сӛйтіп, олардың Орталық, Солтүстік және Шығыс 
Қазақстанда жоңғарға қарсы жүргізілген шайқастардан тыс қал-
ғандары да шындық. Тіпті, Жоңғар мемлекетінің күйреуі кезінде 


231 
Шығыс Түркістан шегінен ӛтіп жауға ойран салған да Бӛгенбай, 
Қабанбай батырлардың айбынды қолдары болатын. 
XYIII ғасырдың екінші жартысында, Жоңғар хандығының 
күйреуінен кейін Орта жүз тайпалары ӛздерінің атамекеніне 
оралды. XYIII ғасырдың соңына қарай олар Ырғыз, Торғай 
ӛзендеріне, Ресей шекарасынан Сырдарияның ортаңғы ағысына 
дейінгі аралықты алып жатты.
XYIII ғасырдың 40 жылдарында Орта жүз Ресей патшалы-
ғына бодандыққа түсуге мәжбүр болды. Жоңғар хандығы мүл-
дем күйреген соң, Абылай сұлтан Орта жүз қазақтарын жеке 
хандыққа біріктіріп,1771 жылы үш жүзге хан сайланды.
XYIII ғасырдың соңы XIX ғасырдың басында Орта жүз жұрт-
шылығы біршама ӛсіп, олардың мекен-жайы да кеңейе түсті. 
Нәтижесінде 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық қалыптасып, 
Бӛкей хан сайланды. 1817 жылы Бӛкей хан, 1819 жылы Уәли 
хан ӛлгеннен кейін патша үкіметі Орта жүздегі хандықтарды 
жойып, олардың орнына 1824-1859 жылдар аралығында 
Қарқаралы, Кӛкшетау, Аякӛз, Ақмола, Аманқарағай, Баянауыл, 
Үшбұлақ, Кӛкпекті, Құсмұрын және Атбасар сияқты он сыртқы 
дуандарды құрып, оларды дуанбасы - тӛрелер басқаратын етті. 
Дуан 15-20 болыстан, әр болыс 10-12 ауылдан тұратын. Мұндай 
әкімшілік жүйесі XIX ғасырдың 60-жылдарына дейін ӛмір сүрді. 
Патшалы Ресей тарапынан қазақ хандығын жою халықтың 
мемлекеттігін, ӛз алдына елдігін жою әрекеттері отарлау саяса-
тының негізгі мақсаты болғаны даусыз. Сондықтан қазақ мемле-
кеттігі үшін күрес толастамады. Абылай ханның немересі 
Кенесары Қасымұлы 1837-1847 жылдар арасында азаттық үшін 
күрес жүргізді. Кенесары қазақ халқының соңғы ханы болды. 
Оны халық ақ киізге отырғызып хан кӛтерді.1847 жылы патша 
генералдары астыртын айдап салған Алатау қырғыздарының 
қолынан қаза тапты. Осы тұста азаттық қозғалыс туыс халықтың 
қан тӛгісіне ұласқанын да айту керек. 
1868 жылы саяси реформа бойынша Қазақстан жері об-
лыстарға, уездерге, болыстарға және ауылдарға бӛлінді. Қазан 
революциясына дейін Орта жүз жұртшылығы негізінен Торғай, 
Ақмола, Семей және жартылай Жетісу, Сырдария облыстарында 
мекендеген. 


232 
Қазақ халқы қалыптасқаннан кӛп бұрын Батыс Қазақстан 
ӛңірінде Маңғыт немесе Ноғайлы тайпалар одағы қалыптасқан-
ды. Бұл одақтың құрылуына ішкі себептермен қоса, сыртқы 
дұшпаннан қорғану мақсаты да әсер еткен болар, мүмкін сәл 
кейініректе шығар, Ноғай Ордасынан бӛлінген қазақ тайпалары-
ның, яғни Алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қа-
лыптасты. Сондықтан да Кіші жүз қазақтарын ел арасында 
«Кіші жүз – Алшын» атандырған. Оның құрамына – 12 ата 
Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, 
таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш); Жетіру (табын, тама, 
кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан) ;6 ата Әлімұлы 
(қаракесек, қарасақал, тӛртқара, кете, шӛмекей, шекті) енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет