Ж. Б. Аширбекова


Генеология деректерінің тҥрі



Pdf көрінісі
бет73/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Генеология деректерінің тҥрі. Қазіргі кезеңдегі 
Қазақстан тарихы ғылымының дамуы түрлі терең маңызы бар 
мәселелердің зерттелуіне жағдай туғызып отыр.Енді саяси сұра-
ныстан азат жағдайда зерттеліп, бұрмаланбаған тарих жазылуы 
тиіс. Зерттеудің негізгі әдістік принципі ретінде ақиқаттың тұ-
руы шарт. 
Кӛшпенділер ӛркениеті тарихындағы зерттелетін мәселе-
лер әлі шексіз. Әсіресе тарихнамалық және деректану саласына 
сәйкес, қазақ қоғамындағы шежіре институтының және қазақ 
шежіресінің жазба дәстүрі зерттелуінің қажеттілігі маңызды. 
Бүгінгі күні бұл ғылыми мәселе эмприкалық материалдардың 
кӛптеп жинақталып толығымен белгілі, ендігі міндет - осы мате-
риалдарды зерттеу, талдау. 
Қазақ шежіресінің тарих ғылымы тұрғысынан зерттелуіне 
қойылатын талаптар жеткілікті. Соның негізгілері шежіре инс-
титутының кӛшпелі қоғамның саяси, әлеуметтік жүйесіндегі жә-
не қатынастарындағы орны, шежіресіндегі тарихи деректану 
қорын толтыратын мүмкіндігі, қазақ шежіресіндегі тарихи тұл-
ғалар, олардың мифтік бейнесі, тарихи ӛмір сүрген кезеңі, тари-
хи қайраткерлігі. Осыдан бӛлек біз екі түрлі мәселені қарасты-
рамыз. 
Біріншісі, XIX-ХХ ғғ. қазақ шежіресінің жазба дәстүрін 
қалыптастырған Мәшһүр Жүсіп, Құрбанғали Халиди, Шәкәрім 
Құдайбердіұлы. 
Екіншісі, қазақ шежіресіндегі тарихи уақыт, кеңістік, та-
рихи жеке тұлға мәселесі. Шежіренің зерттелуіне әр түрлі уа-
қытта әдебиетшілер, этнографтар, тілші-филологтар, фольклор-
танушылар, тарих ғылым ӛкілдері назар аударды және сол се-
бепті үш ғылыми зерттеу жолын аңғаруға болады. 
1. Әдебиеттану – фольклорлық. 
2. Ғылыми – кӛпшілік. 


253 
3. Тарихнамалық – деректік. 
Қазақ балалар поэзиясының генеалогиялық түр арналары-
ның бірі – ежелгі жазба әдебиет жәдігерлері.
Кӛне дәуірлер еншісіндегі ұлттық мәдениетіміздің болмы-
сынан жан-жақты мағлұмат алуға мүмкіндік беретін ежелгі 
жәдігерлер отандық және шетелдік зерттеушілер тарапынан ал-
уан қырынан зерделеніп келеді. ҮІІІ ғасырда тасқа бәдізделген 
Орхон-Енесей жазуларынан басталып, одан бергі аралықта 
«Оғыз-нами», «Китәби дәдәм Қорқыт» («Қорқыт ата кітабы»), 
«Диуани лұғат-ит-түрк» («Түрік тілінің сӛздігі»), «Құтадғұ 
біліг» («Құтты білік»), «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы»), 
«Хибатул-хақайық» («Ақиқат сыйы»), «Бақырғани кітабы», «Ко-
декс Куманикус» («Қыпшақтар кітабы»), «Қисса – суләнбия», 
«Хұсрау-Шырын», «Мұхаббат-нами», «Жәдігернама», «Гүлстан 
биттүрки» («Түркі тіліндегі Гүлстан») т.б. жазба мұраларға 
ұласқан жәдігерлер ғылыми айналымға түскен уақыттан бергі 
аралықта, жалпы тарихи құндылығы мен деректілігі, барша 
адамзаттық және ұлттық мәдениет дамуындағы маңызы мен 
орны, әдеби-кӛркемділік сипаттары т.с.с. мәселелер тұрғысынан 
қарастыруда.
Кӛшпелі дәуір баяншысы ӛзіне таныс әдеби дүниені кейде 
тұтас, кейде бӛлшектеп жеткізер, кейде қаз-қалпынша әңгіме-
лер, кейде ӛз жанынан әсерлі ӛзгерістер үстеп баяндар, қалай 
болғанда да, ежелгі әдебиет жәдігерлерінің ӛз дәуіріндегі қоғам-
ға қызмет еткені сӛзсіз. Ал үлкендермен қатар тыңдаған әңгіме-
ден баланың да эстетикалық әсер алғаны, қиялы қанаттап, рухы 
асқақтап, әдеби қаһармандарға ұқсауға ұмтылғаны анық.
Әдеби даму заңдылықтарына сәйкес, ӛз ішінен поэзиялық-
прозалық салаларға, тектер мен түрлерге, жарналарға бейімделе 
дараланып, олардың қай-қайсысы да ӛзіндік арна түзуге бетбұ-
рыс жасалған бергі дәуірлерге дейінгі аралықта бүгінгі әдебиет 
салаларының барлығы да біртұтас әдебиет құрамында іштей 
жетіліп, дамып келгені түсінікті. Сол себепті бүгінгі (әдебиет 
құрамында іштей жетіліп) таңда жан-жақты кемелденіп үлгерген 
ұлттық әдебиетіміздің толыққанды салаларының біріне айналып 
отырған балалар поэзиясының генеалогиялық бастауларының 
бірі ежелгі дәуірде жасалған әдебиет нұсқауларында жатқаны 


254 
даусыз ақиқат. [А.Д.Әлтай Қазақ балалар поэзиясы: генеология, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет