Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет63/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

§ 7. КҤНТІЗБЕ 
 
Кҥнтізбе, календарь (латынша: calendariumқарыз кі-
табы) — ұзақ уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің кӛрі-
нерлік қозғалысының ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негіз-
делген жүйесі, анықтамалық басылым. Ежелгі Римде әрбір ай-
дың 1-күні к а л е н д ы деп аталған. Сол күні қарыз алғандар не-
сиеқорларға ӛсім тӛлеп отырған. Осыған байланысты календы-
лары кӛрсетілген қарыз кітаптары болған. Күнтізбенің негізгі 
ұғымдары - тәулік, ай және жыл. Күнтізбе жасау үшін күннің, 
айдың, жылдың ұзақтықтарын есептеп, олардың арақатынаста-
рын анықтау керек. Тағылық дәуірден ӛтіп, азды-кӛпті мәде-
ниетке қол жеткен халықтардың бәрінде де күнтізбе болған, 
ӛйткені күнтізбесіз шаруашылықты ұйымдастыруға болмайды. 
Мекеніне, шаруашылығына және даму дәрежесіне қарай халық-
тардың күнтізбелері әр түрлі болған. Ерте замандағы халықтар 
қардың кетуі, ӛзендердің - тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген 
табиғи күнтізбелерді пайдаланған. Қазақстан жерінің ежелгі ха-
лықтары жыл есебін құстардың кӛктемде келіп, күзде қайтуы 
бойынша жүргізіп отырған. Жыл құстары атауы сол ертедегі 
күнтізбе негізінде қалыптасқан. Ежелгі славяндар жылды жаз 
бойынша есептеген. Шаруашылық күрделеніп, еңбек бӛлісу ая-
сы кеңейген кезде дәлдігі құбылмалы ауа райына тәуелді табиғи 
Күнтізбелер халық қажетін қанағаттандыра алмады. Ақыры, 
адамзат уақыт есебін дүркін-дүркін дәйекті түрде қайталанып 
тұратын аспан құбылыстарына негізделген күнтізбелер бойын-
ша жүргізетін дәрежеге жетті. Мұндай күнтізбелер алғаш рет 
Ежелгі Шығыс елдерінде шықты. Жуық түрде тропиктік жыл-
дың ұзақтығы 365 күн тәулігі 5 сағ 48 мин 46 с, синодтық айдың 
ұзақтығы 29 күн тәулігі 12 сағ 44 мин 3 с. Орташа күндік тәулік 
24 сағ. Демек, жылдың ұзақтығы ӛз құрамындағы айлар мен 
күндердің сандарына бүтін сан ретінде бӛлінбейді. Бұл үшеуі 
бірдей қалдықсыз бӛлінетін сан да жоқ. Бӛлшектерін тастап, 
жылды 365, айды 29 күн деп немесе жыл ұзақтығы 366, айды
30 күн деп алғанда, уақыт есебі бірнеше жылда табиғи тұғыры-
нан тайып, шатасып кетеді. Сондықтан кейбір жылдардың ұзақт. 
365, екінші біреулерін 366 күн деп, айларды 28, 29, 30, 31 күнге 
тең деп алып, орташа мәндері бойынша жоғарыда келтірілген 


215 
сандарға жақындатып отырады. Орташа мәндерге келтіру де 
оңай емес. Бұл мәселені ертедегі халықтар әр түрлі жолмен ше-
шуге талаптанған, соның арқасында әр түрлі күнтізбелер шық-
қан. Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелер-
ді 3 топқа бӛлуге болады, олар: күн күнтізбелері, ай күнтізбелері 
және аралас күнтізбелер. 
Күн күнтізбесі Ежелгі Мысырда шыққан. Мысырлықтар 
жыл ұзақтылығы дәл 365 тәулікке тең деп ойлап, оны әрқай-
сысы 30 күндік 12 айға бӛлген, артық қалатын 5 күнді ешбір ай-
ға қоспай, құдайға құлшылық ететін күндер деп есептеген. 5 сағ 
48 мин 46 с, жуықтап алғанда 6 сағ, яғни 0,25 күн есепке алын-
бай қалатындықтан, мысыр жылының ұзақт. тропиктік жылдан 
кем. Ол нақты жылдан 4 жылда 1 к, 100 жылда 25 күн дерлік 
озып кетеді. Мұны түзету үшін Мысыр патшасы Птолемей
III Эвергеттің б.з.б. 238 ж. 7 наурызда шығарған жарлығы бо-
йынша алғашқы 3 жыл 365 күнге тең болып, одан кейінгі 4-жыл 
366 күн болып есептеледі. Сонда жылдың ұзақтығы орташа 
есеппен 365,25 күн болып, әрдайым тот айының 1-інде (бізше
29 тамыз) басталады. Бірақ Эвергет қайтыс болғаннан кейін 
Мысырда бұл күнтізбе қолданылмай қалды. Эвергет күнтізбесі 
осы күні Эфиопияда қолданылады. Мысыр күнтізбесі Еуропа-
лық күнтізбелерге арқау болды. Б.з.б. 45 жыл бұрын Рим импе-
раторы Юлий Цезарь, астроном Созигеннің жобасы бойынша 
ескі рим күнтізбесін ӛзгертіп, жаңа күнтізбе жариялады. Бұл 
күнтізбе Юлий күнтізбесі деп аталады. Юлий күнтізбесі Эвергет 
күнтізбесіне ұқсас, бірақ Эвергет күнтізбесінде жыл басы 1 тот, 
Юлий күнтізбесінде — 1 януарист (қазіргі қаңтар, ақпан, т.с.с. 
ай аттары — рим айларының орыс тілінде қалыптасқан аттары). 
Юлий күнтізбесі ескі санат (стиль) деп те аталады. Юлий күн-
тізбесіндегі жылдың тропиктік жылдан 11 мин 14 сағат артық-
тығы бар. Бұдан 128 жылда 1 күн, 384 жылда 3 күн жиналады. 
Сондықтан 325 жылы 21 наурызда күн мен түннің жазғытұ-
рымғы теңелуі 16 ғасырда 11 наурызға сәйкес келген. Теңелу 
күнін әрдайым 21 наурызға келетін етіп тұрақтандыру үшін Рим 
папасы Григорий XIII 1582 ж. уақыт есебін 10 күнге ілгері 
жыл-
жытып, 5-қазанды 15-қазан деп есептеу және әрбір 400 жылда
3 кі-
бісе жылды жай жыл есебінде алу туралы жарлық шығарды. 


216 
Уақыт есебінің бұл жүйесі Григорий күнтізбесі немесе жаңа са-
нат деп аталады. Осы күні кӛптеген елдерде Григорий Күнтізбе-
сі қолданылады. Григорий күнтізбесіндегі жыл тропиктік жыл-
дан 26 с ұзақ. Бұдан 3280 жылда 1 күн жиналады. Григорий 
Күнтізбесі Ресейде Қазан тӛңкерісінен кейін ғана қолданыла 
бастады. 1918 ж. 24 қаңтарда (6 ақпанда) РКФСР Халком кеңесі 
"Ресей республикасында батысеуропалық күнтізбені қолдану 
туралы" декрет қабылдады. Декрет бойынша Күнтізбе 13 күнге 
жылжытылып. 31 қаңтардан кейінгі күн 14 ақпан болып есептелді. 
Алғашқы ай күнтізбесі ежелгі Вавилонда шықты. Онда 
әрбір 8 жылдың 5-інің ұзақт. 354 күннен, ал қалған 3-інікі 384 
күннен есептелді. Сонда жылдың орташа ұзақт. (354*5+384*3): 
8- -365,25 күнге тең болады. Ұзақт. 354 күндік жылдар 29 күндік 
6 ай мен 30 күндік 6 айдан – барлығы 12 айдан, 384 күндік жыл-
дар 29 күндік 6 ай мен 30 күндік 7 айдан – барлығы 13 айдан 
тұрады. 29 және 30 күндік айлар кезек алмасып отырады. Апта 
есебі де бұдан 4000-5000 ж. бұрын осы ежелгі Вавилонда шық-
қан, содан біртіндеп басқа елдерге тараған. Араб күнтізбесі Ай 
қозғалысына негізделген. Ерте кезде әрбір 24 жылдың 15-і 12 
айдан, 9-ы 13 айдан есептелген. 13-ай "нәси" деп аталған. 631 ж. 
мұсылман дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар (571- 
632) нәсиді есептен мүлдем шығартып тастаған. Содан бері араб 
жылы 12 айдан құралады. Әрбір 30 жылда 11 жыл 355 күн-нен, 
19 жыл 354 күннен саналады. Сонда араб жылының орташа 
ұзақтығы (354*19+355*11):30=354,37 күнге тең болады. Нақты 
жылдан 11 күні кем болғандықтан, араб жылының басы жыл-
жып отырады. Мысалы, 1 мұхаррам 1971 ж. 27 ақпанға, 1972 ж. 
16 ақпанға дәл келді. Сондықтан бізше 33 жыл арабша 34 жылға 
жуық. Бізге 622 ж. арабша 1-жыл, Мұхаммедтің Меккеден 
Мединеге кӛшіп барған жылы. Жылдардың бұл жүйесі айһижра-
сы деп аталады. Араб күнтізбесі араб елдерінде. Азия мен 
Африканың мұсылман дінін тұтатын кӛптеген елдерінде ресми 
қолданылады. Еурейлер ертеде Вавилон күнтізбесін қолданған, 
кейін б.з.б. ІҮ ғасырда жылдарды күн қозғалысы, айларды Ай 
қозғалысы бойынша есептейтін аралас Күнтізбеге кӛшкен. 
Еврей жылында 353, 354, 355 күн (жай жылдар, 12 ай) немесе 
383, 384, 385 күн (кібісе жылдар, 13 ай) болады. Бұлар жӛнінде 


217 
арнайы ережелер бар. Израиль еврейлерінде минут, секунд 
ұғымдары жоқ, олардың орнына хелек пен рэг қолданылады. 
Сағат –1080 хелек, хелек – 76 рэг. Еврейше жылдар есебі б.з.б. 
3761 жылдан басталады. Діншілдердің долбарынша сол жылы 
"дүние жаралған. Бұл күнтізбе Израиль мемлекетінде қолданы-
лады. Аралас күнтізбенің бір түрі Ежелгі Қытайда қолданыл-
ған. Онда әрбір 19 жылдың 12-сі 12 айдан 7-і 13 айдан есептел-
ген. Қытайда 60 жылдық мүшел мен цзеци (жарты ай) есебі де 
болған. Жылдар есебінің жүйесі заман деп, заманның басталған 
уақыты оның дәуірі деп аталады. Әр күнтізбесінің дәуірі әр 
түрлі. Ежелгі славяндар табиғи күнтізбе қолданған. Русь 998 ж. 
Юлий күнтізбесіне кӛшкен, бірақ жылдар "дүние жаралғаннан" 
саналған. Онда бұрынғы сухий, березозол, травень, т.с.с. айлар-
дың орнына наурыз, сәуір, мамыр, т.с.с. рим айлары алынған. 
Жыл қыркүйектен басталған. Петр I патшаның жарлығымен 
Ресейде "дүние жаралғаннан" делінген 7209 ж. "Ғайса туғаннан" 
делінетін 1700 болып қабылданды, жыл қаңтардан басталатын 
болды, Бұл күнтізбе 1917 жылғы Қазан тӛңкерісіне дейін қолда-
нылып келді. Ежелгі түркілер негізінен күн күнтізбесін пайда-
ланған. Кейін ол қазақ, ӛзбек, түрікмен, татар, әзербайжан, т.б. 
халықтардың күнтізбелеріне негіз болған. Жылдың ұзақт.
30 күндік 12 айға бӛлінген, айлардың ұзақтығынан тыс қалған 5-
6 күн қосылып, жылдың ұзақтығы 365,25 күн тәулігіне тең 
болып алынған, жыл басы - 1 наурыз (яғни 1 амал – 22 наурыз) 
болған. Қазақтар мүшел есебі мен тоғыс есебін де қолданған. 
Қазақстанда 1918 жылдан бері Григорий Күнтізбесі қолданылып 
келеді. Күнтізбе кітапшаларының бізге жеткен ең кӛнесі -
354 жылы Римде қолмен жазылған қарыз кітабы. 1448 жылы 
неміс ӛнертапқышы И.Гутенберг тұңғыш рет күнтізбе кестесін 
басып шығарды. Неміс астрономы И.Мюллер (латынша аты 
Региомонтан) Күнтізбе кітабын журнал түрінде бастырып 
шығарды (1474 ж.). 1491 ж. Краковта (Полыпа) кӛне славян 
әріптерімен шіркеулік 
Күнтізбе - "Часослов" басылып шықты. 
Ресейде Күнтізбе кітапшалары 1708 жылдан шыға бастады. Күнтіз-
бе шығаруда И.Д.Сытин
(1851-1934) кӛп еңбек сіңірді, 1877-
1922 ж. ол орыс тілінде сан алуан күнтізбе кітаптарын бастырып 
шығарды. 


218 
Қазақ халқы орта ғасырларда тақтайшаға, жез қаңылтырға 
жазылған, тоқыма бұйымдарға кестеленген, т.б. күнтізбе қарапа-
йым күнтізбелерді, Омар һайям (қ.Дарихи Жәлели күнтізбесі) 
мен М.Т.Ұлықбек күнтізбелерінің кӛшірмелерін қолданған, ал 
18-19 ғасырларда түрік ғалымы М.Дәурендәуидің "Рузнамасын" 
пайдаланған. 1870-1875 ж. татар тілінде "Гәреліктер", 1877 жыл-
дан бастап Қайым Насыридың "Күнтізбе" Кітапшалары (Қазанда 
басылған) таралған. 1889 жылдан бастап Санкт-Петербургте ша-
ғатай тілінде Ш.Тадивидің "Мұсылман күнтізбесі шығып тұр-
ған. 1897 жылы Орынборда жекелеген әріптері қазақ дыбыста-
рына ыңғайланып, реформаланған орыс әліпбиімен, қазақ тілін-
де, қазақтарға арналған "Календарь для киргизов на 1897 год. 
1897 жылға қазақ үшін шығарған календарь" атты 91 беттік кі-
тап басылды. Қазақ тіліндегі тұңғыш Күнтізбе кітабы сол бола-
тын, одан кейін алғаш рет араб әрпімен (тӛте жазумен) жарық 
кӛрген қазақша Күнтізбе 1922 ж. Орынборда басылып шыққан 
"1923 жылдың қазақ календары". 1929-1931 ж. Б.Майлин мен 
І.Жансүгіров «Шаруа календарын» шығарып тұрды. Қазақ тілін-
де жыртпа күнтізбе тұңғаш рет 1960ж. шықты.
Ай (лат.Luna) - ӛзінен жарық шығармайтын жердің табиғи 
серігі. Жерге ең жақын аспан денесі – Ай Жерді эллипстік 
орбита бойымен (1,02 ш/с жылдамдықпен) айналады. Айдың 
Жерден қашықтығы 356400 шақырымнан (перигейінде) 406800 
шақырымға дейін артады, орташа қашықтығы 384401 шақырым. 
Оның Жерді бір айналып шығатын уақыты 27,32 тәулік (сидер-
лік ай немесе жұлдыздық ай). 
Әлем халқы ежелден-ақ уақыт ӛлшемін Аймен, Күнмен 
белгілеген. Аймен аталатын мынандай уақыт ӛлшемдері бар: 
1. Синодтық Ай. Бұл – айдың бірдей екі фазасы аралығын-
дағы шамамен 29,53 күн тәулігіне тең уақыт.
2. Сидерлік (жұлдыздық) Ай. Бұл - айдың жұлдызға қа-
тысты Жерді бір рет айналып шығатын (шамамен 29,53 күн 
тәулігіне тең) уақыт.
3. Айдаһар Айы. Бұл орбитаның белгілі бір нүктесінен үзі-
ліссіз екі рет ӛткен 27,21 күн тәулігіне тең уақыт.
Бұрындары кӛнекӛз қариялар бір-бірінен «Бүгін айдың 
нешінші жұлдызы?»,- деп сұрап жататын. Бұл біздің ата-баба-


219 
ларымыздың ежелден-ақ уақытты Күннің, Айдың, Жұлдыздың 
қозғалысы мен тууына қарай белгілеп келгенін, оған табынға-
нын танытады. Иә, біздің данагӛй халқымыз, айдың туу, тоғысу, 
аралық шағын үнемі байқап, есептеп, ерекшеліктерін екшеп 
отырған. Мұны ай санау дәстүріне байланысты қалыптасқан 
кӛптеген кӛне тіркестерден де танып, білуге болады. Негізінен, 
олардың кейбірі мынандай: ай туды, ай отырып қалды, ай кеші-
гіп туды, айдың қараңғысы және тағы басқалар. 
Жылды он екі айға бӛліп, ай санау дәстүрін қалыптастыр-
ған қазақ халқы ай арқылы алдағы ауа-райын да болжаған. Яғни, 
табиғат тамыршыларының пайымдауынша: ай шалқасынан туса, 
шаруашылыққа ауа-райы қолайсыз болады; ай қызыл түспен қо-
раланып, әлгі шеңбер кеңейіп барып жоғалса, келесі күні ашық 
болады. Осындай екі шеңбер немесе күңгірт бір шеңбер қатты 
суыққа кӛрінеді; егер ай бұлыңғыр болса, жаңбыр болатынын, 
ал ашық түсті ай ауа-райының ашық болатындығын білдіреді; ай 
қораланса, жаз жаңбырлы, қыс қарлы, боранды болады. Күн 
қораланса, қар қалың жауады.
Қазақ халқында: «Ай кӛрдім – аман кӛрдім, баяғыдай за-
ман кӛрдім. Ескі ай есірке, жаңа ай жарылқа!», - деп бата жасау 
да салты бар. Ол біздің ата-бабаларымыздың әр айдың тууын 
жіті бақылап, қадір-қасиетін талдап, талғамдап отыратындығы-
нан. Аймен аталған уақыт ӛлшеміне байланысты тағы бір дерек: 
алғашқы ай күнтізбесі ежелгі Вавилонда шықты. Онда әрбір 8 
жылдың бесеуінің ұзақтығы 354 күннен, ал қалған үшеуінің 
ұзақтығы 384 күннен деп есептелді. Араб күнтізбесі де Ай қозға-
лысына негізделіп жасалған. Ерте кезде әрбір 24 жылдың он бесі 
12 айдан, тоғызы 13 айдан есептеліп, он үшінші ай «нәси» деп 
аталды. 631 жылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар нәсиді есептен 
мүлдем шығарып тастап, содан бері араб жылы 12 айдан тұрады.
Ислам дінінде Ижтима уақыты деген ӛлшем бар. Оған 
түсінік берсек, Ай Жердің айналасында шығысқа қарай айналу 
барысында Жер мен Күннің арасында келіп, үшеуі бір түзу 
бойында тұрады. Бұл жағдайды «Ижтима – инайи-райн» деп 
айтады (Сonjunction - Бірлесу - Ай басы). Айдың жерге қараған 
бӛлігі күннен сәуле алмағандықтан қараңғы тартып, жерден 
кӛрінбей қалады. Айдың кӛрінбейтін осы уақыттары – «Махақ» 


220 
деп аталады. Махақ уақыты 28 бен 72 сағат арасында ӛзгеріп 
отырып, Ижтима уақыты осы Махақ уақытының дәл ортасын 
кӛрсетеді. Мұның бәрі Рамазан айы мен айт күндерінің басталу 
уақытын дәл айту үшін жаңа айды күзететіндер үшін аса қажетті 
уақыт ӛлшемдері. 
«Ай қысы». Ол жеті күнге созылады. Осы мезгілдің ша-
рықтау шегі – Ай туған күн. Айдың тууы осы мезгілдің дәл ор-
тасына сәйкес келеді. Айдың адам ағзасына ықпалын зерттеуші-
лердің болжамы бойынша, «Ай қысында» адамның ӛмірлік бел-
сенділігі бәсеңдейді, биоырғағы тӛмендейді. Адам бойындағы 
мұндай жағдай ай туған күні ӛзінің құлдырау шегіне жетеді. 
«Ай жазы». Ол да жеті күнге созылады. Мұнда шарықтау 
шегі ай толған күн. Ай мезгілдерінің ішінде оның ерекшелігі, 
«Ай жазында» адамдардың ӛмірлік күшқуаты күшейеді, айдың 
толған күні адам биоырғақтары ең жоғары кӛтеріледі. Осылай-
ша әр ай сайын адам баласы жылдың тӛрт мезгілін ӛткергендей 
ерекше күйге бӛленеді. 
Ай мезгілдері жӛнінде халықтың ежелгі таным-түсінігі 
бар. Сол бойынша ой қорытсақ, Айдың алғашқы ширегі («Ай 
кӛктемі») – ылғалдандырады, Айдың екінші ширегі («Ай жазы») 
– қыздырады, Айдың үшінші ширегі («Ай күзі») – «құрғатады», 
Айдың тӛртінші ширегі («Ай қысы») – мұздатады. Адам ағзасы-
ның биоырғағы бойынша, Ай циклінің әрқайсысын 14,5 күннен 
тұратын екі жартыға бӛліп қарастыруға болады. Бірінші кезең – 
толысып келе жатқан Ай кезеңі (туған айдан толған айға дейін). 
Екінші кезең – кішірейіп бара жатқан Ай кезеңі (толған айдан 
туған айға дейін). Толысып келе жатқан Ай кезеңінде: адамдар-
дың белсенділігі күшті, ӛмірлік қуаты мол. Кішірейіп бара жат-
қан Ай кезеңінде: адам ағзасының ӛмірлік қабілеті бәсең, шар-
шап-шалдығу басым. Олай болса, ӛз шаруаңызды жоспарларда 
мың ойланып, мың толғанып, оның Ай мезгілінің қайсымен тұс-
па-тұс келетініне де назар аударыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет