Үшіншіден, жалпы кӛркем ой сияқты қондырғылық эле-
мент болғандықтан мәдени дамуға тән зандылықтарға, эпосқа да
ортақ. Дегенмен, кӛшпенділікке сүйенген шаруашылық-мәде-
ниет жағдайында негізделген феодалдық-патриархалдық қаты-
настар үстемдік құрған қоғамда оның алар орны мен атқарар
қызметінде ӛзіндік ерекшеліктері бар екендігі сӛзсіз. Соның ең
негізгісі, жазба әдебиеті, философия, тарихтану ғылымдарының
қоғамдық ой салалары ретінде дербес ӛркен жаймауы ӛз кезе-
гінде ауыз әдебиетінің синкреттік сипат алуына, оның барлық
256
жанрларының кемелдене дамуына негіз болды. Соған байла-
нысты оның қоғамдық-әлеуметтік жүгі де жеңіл болған жоқ. Ол
қоғамдық ойдың, пікірдің, әлеуметтік және саяси күрестің идео-
логиялық құралы қызметін де атқаруы тиіс еді.
Эпос қоғамдық күресте, тәрбие жүйесінде қазақ қоғамы-
ның рухани тіректерінің біріне айналып, белгілі дәрежеде та-
рихи материалды сақтаудың оны келесі ұрпаққа жеткізудің
ерекше әдісі ретінде қалыптасты. Ал кітап мәдениеті мен са-
уаттылықтың ӛрісі тар жағдайда тарихи білім, алдымен, екі та-
лапқа сай бейімделеді. Біріншіден, есте сақталуға қолайлы түрде
айтылуы және екіншіден, қалың тыңдаушыға түсінікті әрі
тартымды болуы еді. Тарихи білімнің шежіре және эпос сияқты
жанрларының ӛркен жаюы тікелей осы екі ӛмірлік талаптан
туындағандығы күмәнсіз. Міне, осыған байланысты эпосты та-
рихи білімнің мифологиядан кейінгі сатысы ғана емес, сонымен
бірге белгілі бір жағдайда тарихи ойды дамытудың ерекше та-
рихи түрі ретінде қарауға негіз бар.
Осы уақытқа дейін халқымыздың мәдени даму жолын со-
ның ішінде эпикалык, дәстүрді тарихилық (историзм) принципі
тұрғысынан қарау жетіспей келеді. Кӛшпенділікке негізделген
қоғамда эпикалық дәстүрдің белгілі объективті себептерге бай-
ланысты толық даму фазаларынан, қалыптасу, ӛсу және гүлдену
кезеңдерінен ӛткендігін кӛреміз.
Сонымен бірге эпос ӛзін жаратушы халықпен бірге кемел-
деніп, шындықты бедерлеуде сапалы ӛзгерістерге ұшырап отыр-
ғандығы да ақиқат. Оның бұл ерекшелігін біз батырлық жырлар-
дан, оның жаңа тарихи кезеңдегі мұрагері, қазақ халкының ӛз
саяси тәуелсіздігі мен әлеуметтік мүддесі үшін жүргізген күре-
сінің тарихи шежіресіне айналған тарихи жырлардан анық бай-
қаймыз.
Батырлық жырларда Қобыланды, Алпамыс, Қамбар сияқ-
ты батырлардың ерлік қызметінде жалпы халықтық мүдде бұ-
лыңғыр да, оның есесіне рулық, тайпалық мүдде анық, ашық
кӛрініп жатады. Қобыланды «Қараспанды жайлаған, қалың қып-
шақ елінен», Алпамыс «Жиделі байсын жерінен, қоңырат деген
елінен», ӛздері де сол елдердің намысын қорғап, «үйде отырсаң,
түзің жоқ, түзге шықсаң, үйің жоқ» жалғыз болуы келеді.
257
Сондай-ақ ол батырлардан одан жоғарыны, ұлттық мүддені,
бүкіл қазақ жерін қорғауды күту де әділеттік болмас еді. Атал-
ған батырлық жырларды олар пайда болған тарихи контексте
қарасақ, нақты тарихи материал осындай қорытындыға жете-
лейді. Ӛйткені ол тарихи кезеңде тайпалық бірліктің, соған сай
ұғым-түсініктік үстемдік құруына байланысты отандық, елдік
мүдде сол тайпалық одақтың қонысымен шектелетін.
Ал тарихи жырда басқаша Бӛгенбай, Тайлақ, Саңырақ,
Қабанбай, Жәнібек, Қойгелді, Олжабай, Райымбек және басқа
батырлар – рулық мүдде, рулық матриотизм бүкіл халықтық
мүддеге, патриотизмге жол бере бастаған жаңа тарихи кезеңнің,
соған байланысты ӛмірін тек ӛз руының ғана емес, бүкіл байтақ
қазақ халқының тағдырымен байланыстырған, тек ӛз руының
теңдігі мен еркіндігі үшін емес, жалпы ұлттық теңдік пен еркін-
дікті мақсат мүдде тұтқан, демек ӛз дәуірінің үздік принцип-
терін ұстанған қайраткерлер.
Тарихи жырдың қалыптасып, дамуының әлеуметтік негіз-
дерінің қазақ қоғамындағы жеке адамның дүниетанымында бо-
лып ӛткен ӛзгерістерге де байланысты, басқаша айтқанда, та-
рихи жыр оның рухани кемелденуінің, азаматтық шыңдалуының
бірден-бір кӛрінісі еді. «Ақтабан шұбырынды» оқиғалары, ең ал-
дымен, қазақ қоғамындағы жеке адамға оның тағдырының жал-
пы халық тағдырымен тығыз байланыста екендігін кӛрсетіп бер-
ді. Ауыр жұт, оның үстіне қалмақ шабуылының қосылуы, бүтін
елдің жаңа жер, жаңа ортада әлеуметтік қанауға ұшырауы, кір-
ме, келімсек атануы, біржола жойылып кету қаупімен бетпе-
бет келуі XVIII ғасыр адамының Отан, Ел туралы ұғымының
кӛкжиегін кеңейтіп, сапалы ӛзгерістерге ұшыратты. Жаңа кезең-
де енді жеке адам бұрынғыдай ӛзінің ру, тайпасымен шектеліп,
отандық, елдік ұғымға соқпай кете алмайтын еді. Себебі, оның
ӛз басының, ошағының, тіптен сол руының болашағы, игілігі
бүкіл елдің болашағы мен игілігіне тікелей тәуелді болды. Мі-
не, сондықтан да XVIII ғасырдың адамы жаратқан «Бӛгенбай
батыр», «Қабанбай батыр», «Олжабай батыр», «Тӛле би тари-
хы», «Ӛтеген батыр» және басқа кӛптеген тарихи жырлардың
ӛзекті тақырыбы – жеке батырдың немесе рулы елдің тағдыры
емес, бүкіл қазақ қоғамының тағдыры.
258
Тарих айту, тарих арқылы тәрбиелеудің тарихи жыр сияқ-
ты дәстүрі Қоқан басқыншылары және патша отаршыларымен
күрес кезеңінде де ӛз жалғасын тапты. XIX ғасырда Қоқан фео-
далдарының үстемдігіне карсы халықтық күреске байланысты
туған «Саурық батыр», «Сұраншы батыр», «Жанқожа» сияқты
тарихи жырлардан бұл күрестің сипаты, ерекшелігі және бары-
сы туралы жазба деректерінде берілмеген ӛте маңызды факті-
лерді, халықтық ой-тұжырымдарды кездестіреміз.
Сонымен, егер XVIII ғасырдағы тарихи жыр қалмақ бас-
қыншылығына қарсы қол бастаған халық батырларын, ел тәуел-
сіздігін жырлап, елді бірлікке шақырса, XIX ғасырда да сырттан
тӛнген жаңа қауіп алдында Отанды қорғау тақырыбы, соған бай-
ланысты халықтың тарихи танымын, ұлттық сапасын тәрбиелеу
- оның негізгі міндетінің бірі болып қала берді.
Тарихи жырларды ӛмірге әкелген қоғамдық дамудың не-
гізгі ішкі себептерінің бірі таптық қайшылықтардың дамыған
феодалдық-патриархалдық, қатынастар жағдайында одан әрі
шиеленісе түсуі. Оның жиынтық кӛрінісі - XVII ғасырдың со-
ңында «Жеті Жарғы» заңдар жинағының ӛмірге келуі. «Тӛле би-
дің тарихы» жырының авторлары «Жеті Жарғының» ӛмірге ке-
лу себептерін жүзаралық қақтығыстардың күшеюімен, әлеумет-
тік қайшылықтардың шиеленісуімен, соған байланысты Есім
хан заманынан бері келе жатқан айып жазаларын уақыт тала-
бына сай жаңа сападағы жазалармен ауыстыру қажеттілігінен
туындағандығын айтады.
Эпос – белгілі дәрежеде кӛркем туынды. Соған байланыс-
ты оның қоғамдық, құбылыстарды кӛрсетуде ӛзіндік ерекшелік-
тері бар екендігі түсінікті. Бұл жағдай зерттеуші алдына поэти-
калық текске енгізілген тарихи деректі ажырата алу және оның
шындыққа қатынас деңгейін анықтау мәселесін қояды. Ал, эпос
мәліметтерін тарихи дерек ретінде пайдаланудың әзірге қалып-
тасқан әдістемесінің жоқтығын еске алсақ, мәселенің жеңіл-жел-
пі еместігін түсіну қиын емес. Осы және басқа киыншылықтар
тарихшыларға эпос мәліметтеріне тарихи дерек ретінде қара-
уына белгілі дәрежеде осы уақытқа дейін кедергі болып келді.
Бұл салада еңбек етіп жүрген зерттеушілердің тәжірибесі-
не сүйенсек, эпос мәліметтерінің тарихи негізін, шындық дең-
259
гейін ажыратудың тиімді жолы оларды кешенді тарихи-фило-
логиялық тұрғыдан, басқаша айтқанда, әдеби талдау және тари-
хи сынау әдістерін ұштастыра қарау болып табылады.
Шежірені кӛшпелілердің ауызша тарихи аңыз, қария сӛз
үлгісінде жалғасатын тарихи дәстүр деп қарастырамыз. Тарихи -
генеалогиялық әңгімелер бірде ақсүйек танылған хандардың
шығу тегімен, бірде кӛшпелі тұрмыс кешкен халықтың генеало-
гиясымен байланысты сипатта болады. Қазақтың рулық жүйесі
осы шежіре нұсқаларында кӛрініс тауып, олардың этноәлеумет-
тік құрылымы қамтылады. Қазақ тарихына қатысты бұл шежіре
деректері ғылыми қолданысқа толық ене бастауы кейінгі он бес
жыл шамасында ғана. Ж.Артықбаевтың 18-19 ғасырлардағы қа-
зақ тарихын зерттеудегі еңбектерінде қазақ шежіресіне аса кӛп
кӛңіл бӛлінеді. Кешегі Ә.Марғұлан, Е.Бекмаханов, М.Вяткин
сияқты ғалымдардың тарихи зерттеулерінде қазақ деректерін
қолдану әдісі жаңа деңгейде жалғасын тапты. Ж.Артықбаевтың
Бұқар жырау, Қаздауысты Қазыбек сияқты қазақтың белгілі
мемлекет қайраткерлерінің тарихын жазуы соның бір ғана
кӛрінісі. Сонымен қатар, бұл ғылыми ізденістер К.Леви-Стросс
сияқты батыс этнологтары қолданған ғылыми теориялармен ұш-
тастыру арқылы іске асырылды. Шежірені ең белгілі тұлғалар
ӛмірбаяны мен тарихы олардың ата тегін кӛрсететін кесте, туған
жері, қыстау орнын, жерленген жері,моласына тұрғызылған ес-
керткіштер,ескерткішке жазылған жазу сияқты деректермен рас-
талады. Қазақ даласында кӛптеген кездесетін осындай ескерт-
кіштер сол адамдарға, сол жерлерге байланысты шежіре әңгіме-
лермен орайлас. Мәселен, зерттеуші С.Әжіғалиевтің кӛрсетуін-
ше, Батыс Қазақстандағы эпиграфика деректерін ғылыми талдау
Кіші жүз қазақтарының этноәлеуметтік құрылымы ерекшелік-
терін анықтауға мүмкіндік береді. 20 ғасырдың 90-жылдарынан
бері кӛптеген шежіре жарық кӛруде. Бұл шежірелерде кӛп жағ-
дайда қазақтардың генеологиялық таратылуы мен сол тұқым-
дардың аты-жӛні ғана берілген, шежіредегі ата таратылуы ғана
сақталып, тарихи әңгімелері аз болып келеді, сондықтан, дұры-
сын айтқанда, бұл кітаптар - насабнамалар болып табылады.
Баспалардан шығып жатқан ата тарату кітаптарында ше-
жіре ірілі-кішілі қазақ руларының атымен байланыстырылып
260
айтылады. Кейбір жағдайларда бұл кітаптардың аты мен мазмұ-
ны сәйкессіз болып келеді. [Мурат Аджи. Полынь половецкого
Достарыңызбен бөлісу: |