250
19 ғасырдың 2 жартысы мен 20 ғасырдың басында статис-
тика ғылымы қарқынды дами бастады. Оған кӛптеген ғалымдар
мен статистиктердің сіңірген еңбектері дәлел бола алады. Мы-
салы: Математикалық статистиканың ықтималдылық теориясын
қолдану арқылы кӛптеген сандық кӛрсеткіштерді есептеу тәсіл-
дері анықталады. Бұл салада Т.Л.Чебышев, А.А.Марков,
А.М.Ляпуков, С.Н.Бернштейн сияқты атақты математиктер
елеулі еңбек етті. Бұл кезде мемлекеттік
статистика органдары
да жетіліп дами бастады.
Қазіргі егемен республикамыздағы статистиканың дамуы
еліміздің статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып са-
налады, яғни статистикалық теория мен әдістемелерінің түбе-
гейлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа үлгілері
жасалынды. Сонымен қатар, нарықтық эканомикаға ӛту кезеңін-
де статистика туралы 1996 жылы заң мен ереже қабылданды жә-
не оның негізгі міндеттері мен функциялары анықталды. Соны-
мен статистика органы халық шаруашылығы салаларының есе-
бін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік эканомикалық
саясаттың жүргізілуімен орнын қамтамасыз етеді және ол жүйе-
лі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі
болып саналады.
Қазақстан Республикасының статистика тамыры ӛткен
ұзақ уақыттарға кетеді. Қазақ мемлекеті қазақ хандығы туралы
оны растайтын статистикалық тарихы мәліметтер бар: оның ал-
ғашқы пайда болуы кезеңінде (1459ж.) Шу және Талас ӛзенінің
бойында (бүгінгі Жамбыл облысының)
аумағында халықтың
саны 200 мың адам, ал 15 ғасырдың сонында олар 1 млн. болды.
Бірақ бүгінгі Қазақстан аумағында азды кӛпті болсада жүйелі
және орталықтандырылған статистика қызметінің ӛмірге келуі
ХҮІІІ ғасырдың 2 жартысында, былайша айтқанда Қазақстан
Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның ау-
мағындағы бірінші жалпы халық санағы, орыс
патшалығының
барлық жеріндегідей 1897 жылдың 9 ақпанында жағдай бойын-
ша ӛткізілді.
Қазақстан аумағында құрылған 1 мемлекеттік ресми ста-
тистикалық орган болып, Түркістан Губерниялық статистикалық
комитеті (құрылған күні 1868 ж. 22 қаңтары) пен оған бағыныш-
251
ты Сырдария және Жетісу облысындағы статбюролар саналады.
ХІХ ғасырдың 70 жылдарының ортасында Орал облыстық стат-
комитет, 1877 ж. Семей және Ақмола және 1895 жылы Торғай
облысының статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ 1920 жыл-
ға дейін Қазақстанда аталған және басқада жергілікті статисти-
калық қызметтің біріктіретін біріңғай статистикалық орган бол-
ған жоқ.
Ресей кеңестік федерациялық социалистік республикасы
құрамында қазақ автаномиялы социалистік республикасы құры-
луына байланысты (1920 ж. 26 тамыз) байланысты.
Қазақ
АКСРО үкіметі ӛзінің 1920 ж. 8 қарашадағы қаулысымен ― Қа-
зақ АКСРО мемлекеттік статистика туралы‖ ережесін бекітті
және Қазақ АКСРО статистика басқармасы құрылды. Сонымен
Қазақстанның орталықтандырылған біріңғай статистика органы
құрылған күні 1920 ж. 8 қарашасы болып қабылданды.
1925 ж. қаңтарда Орынбор қаласында бірінші, ал 1927 ж.
сәуірде Қызылорда қаласында екінші республикалық статистика
конференциялары болып ӛтті, олардың шешімдері мен ұсыным-
дары статоргандары ұйымдастырылып оның нығаюына және
методологиялық жабдықтамаларына үлкен рӛл атқарады.
1930-1948 жылдары республикадағы
статистика қызметі-
нің жалпы жұмысына және оның жоспарлы жүруіне басшылық-
ты Қазақ АКСР-ң мемлекеттік жоспарлау органы, жүргізеді.
1948 жылдан бастап статистика жүйесін дербес мемлекеттік ор-
ган республика министрлер кеңесі жанындағы статистикалық
басқарма басқарады, ал 1960 жылдан бастап орталық статистика
басқармасы 1987 ж. басқармасының статистика жӛніндегі мем-
лекеттік комитеті басқарады.
Статоргандағы барлық жедел және статистикалық есеп
берулердің 1957-1958 жылдан бастап орталықтануына байла-
нысты олар кейінгі жылдардың
барлығында да шын мәнінде
басшылық, жоспарлау және басқада барлық деңгейдегі басқару
органдарының "еліміздегі экономикалық және мәдениет жағда-
йы туралы және халық шаруашылығы жоспарлаудың және кӛп-
теген шаруашылық жұмыстардың барысымен орындалу қорла-
ры туралы" жедел және жалпы жинақталған ақпаратпен жабдық-
талған жалғыз-ақ жүйе болды. Қазақстаның статоргандары бұ-
252
рынғы КСРО барлық статистикалық жүйесі сияқты Бүкілодақ
барлық 8 халық санағын ұйымдастырып ӛткізіп,
жиынтығын
қортындылады,үнемі статистикалық жылнамалықты және кӛп-
теген кезеңдікті салалық және тематикалық жинақтарымен
анықтамалары басылып шығарылды. [Ы.Әміреұлы «Статисти-
каның жалпы теориясы» / Алматы 2008]
Достарыңызбен бөлісу: