Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Картоптың қатпарлы теңбіл ауруы



Pdf көрінісі
бет154/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

114-сурет. Картоптың қатпарлы теңбіл ауруы:
сол жағында сау, оң жағында – ауру ӛсімдік
 
Ауру қоздырғышы – Y (Solarium virus 2 Smith.) және X,S,K,A 
вирустары. Қоздырғыш картоптан басқа алқа тұқымдастарын да 
залалдайды. Кесел негізінде картоп түйнегі арқылы жұғып, ал вегетация 
кезінде бітелер кӛмегімен және механикалық жарақаттар арқылы 
таралады. Инфекцияның негізгі қоры – заалалданған түйнектер. 
Аурудың салдарынан ӛсімдік дамымай, ӛнім шығымы 50-60% 
кемиді. 
3.5.3.3 Секпілді теңбіл 
Кесел республиканың барлық аймақтарында кездеседі. 
Жас жапырақтарда ашық-жасыл түcтi, секпілді дақтар пайда болады 
(115-сурет). Ӛсімдіктің кейбір сорттарында қара, майда некрозды дақтар 
түзіліп, басқаларында аурудың сыртқы белгісі білінбейді. 
Ауру қоздырғышы – X (Solanum virus I Smith.) вирусы. Кейде S, M, Y, 
A, F вирустары аралас кездеседі (110-сурет). қоздырғыш картоптан басқа 
да кӛптеген ӛсімдіктерді – қызанақ, темекі, беде, алқа, меңдуана және 
басқаларын залалдайды. 


211 
 
 
 
 
 
 
 
 
115-сурет. Секпілді теңбіл 
 
Кесел 
ӛсімдік 
тамыры 
арқылы 
сирек 
таралады. 
Вирус 
насекомдармен, ауру және сау ӛсімдіктердің жанасуымен, жұмыс 
киімдерімен және арам шӛптермен (қалуен, ақ алабота, гүлтәжі, далалық 
шырмауық, меңдуана және басқаларымен) таралады. Жұмыс киімінде 
қоздырғыш 6 аптаға дейін тіршілігін сақтайды. Инфекцияның негізгі қоры 
– ауру түйнектер. 
Аурудың әсерінен картоп ӛнімі 20-25% тӛмендейді. 
3.5.4.4 Жапырақтың ширатылуы 
Республиканың барлық аймақтарында кездесетін ауру. Бipіншi жылы 
залалданған ӛсімдіктің жоғарғы жас жапырағының бӛліктері үстіне қарай 
ширатылады. Екінші және үшінші жылдары 
ӛсімдіктің тӛменгі жапырақтары ширатылып
ауру бірте-бірте жоғарғыларына кӛшеді (116-
сурет). Олар қатайып, қалыңдап, морт сынғыш 
келеді, ӛңі сарғыш, қызғылт, күлгін және қола 
түсті болады. Жапырақ бӛліктері орта жүйке 
бойымен ширатылады. 
Ауру қоздырғышы – L (Solanum virus 14) 
вирусы. Қоздырғыш алқа тұқымдастармен қатар 
басқа да ӛсімдіктерді залалдайды. Вирус 
шабдалы бiтeci және eгic кандаласымен 
таралады. Инфекция қоры – түйнектер мен арам 
шӛптерде 
сакталады. 
Кеселге 
шалдыққан
ӛсімдіктің ӛciп-жетілуі тежеліп, енімі 30-40% кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет