214
4-тарау. КӚКӚНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
Жылыжайларда, егістіктерде және қоймада кӛкӛніс
дақылдары
кӛптеген ауруларға шалдығып, ӛнім шығымы мен сапасы тӛмендеп,
ӛнімнің caқтaлy мерзімі қысқарады.
Ауыл шаруашылығына зор зиян
келтipeтiн ағзалардың түр құрамы саңырауқұлақтардан,
бактериялардан,
вирустардан, микоплазмалардан және басқа ауру қоздырғыштарынан
тұрады.
Кӛкӛніс дакылдарының ауру қоздырғыштарының кӛбі факультативті
және сапрофитті паразиттер. Олар табиғатта кең таралған полифагтар.
Сонымен қатар кӛкӛніс дақылдарын облигатты паразиттер де залалдап, ақ
ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, кила және т.б. ауруларын қоздырады.
Кӛкӛніс дақылдары инфекциясының нeгiзгi қоры –
залалданған
тұқым мен тұқымдық материалдар, ӛсімдік
қалдықтары, сондай-ақ
тыныштық кезеңі топырақта ӛтетін патогенді ағзалар.
Кеселдің пайда болуына ықпал ететін орта жағдайлары –
ауа райы,
дақылдарды
ӛcipy,
ӛндіру,
сақтау
технологиясы,
тұқымдық
материалдардың сапасы. Осыған орай ӛсімдіктерді зиянды ағзалардан
қорғау тәсілдері тұқым мен
топырақтағы инфекцияны жоюға, сонымен
қатар кӛкӛніс дақылдарының ауруларға тӛзімділігін арттыруға бағытталуы
тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: