Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Картоп жапырағының ширатылуы



Pdf көрінісі
бет155/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

116-сурет. Картоп жапырағының ширатылуы 
 
 


212 
3.5.5 Картопты аурулардан қорғау жҥйесі 
 
Картоп дақылын түрлі кеселдерден қорғау жүйесі ұйымдастыру және 
аурудан сау тұқымдық материалдарды ӛcipyгe негізделген негізгі қорғау 
шаралары: 
1. Белгілі экологиялық аймақтарда кездесетін ауру түрлеріне 
байланысты картоптың тӛзімді сорттарын сұрыптап, ӛсіру; 
2. Картоп түйнегін ipiктey арқылы сау тұқымдық материал дайындап, 
оны микроэлементтердің – 0,05% бор қышқылы 0,02% мыс купоросы, 0,1% 
күкірт қышқыл марганецтің қоспа ерітіндісінде ӛңдеу. Жұмыс ерітіндісінің 
мӛлшері – 20 л/т;
3. Ауыспалы eгicтіктi сақтап, бір танапқа картопты 3-4 жылдан кейін 
ғана қайта отырғызу. Картоптың жақсы алғы дақылдары – астық, дәнді 
бұршақ дақылдары, кӛп жылдық шӛптер, қызылша, қырыққабат, сондай-ақ 
– cүpi жер. Жоғарыда аталғандар инфекция қорын тӛмендетіп, картопты 
қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етеді; 
4. Картопты отырғызарда тұқымдық және азықтық танаптардың ара 
қашықтығын сақтап, алқа тұқымдас кӛкӛніс танаптарынан (қызанақ, 
бұрыш, баклажан) кемінде 500 м алшақ орналастыру; 
5. Жақсы ӛңделген, температурасы 7°С жоғары ауыр топырақта 
түйнекті 6-8 см, ал жеңіл топырақта – 12-15 см тереңдікке, оңтайлы 
мерзімінде отырғызып, ӛсімдіктің жиілігін сақтау; 
6. Нақты аймақтарға сәйкес белгіленген жоғары агротехниканы 
сақтау. Органикалық және минералдық тыңайткыштарды (калий мен 
фосфор тыңайтқыштарын үстеме, ал азотты – мӛлшерімен) топыраққа 
мерзімінде енгізу. Ӛскінді тырмалап, ӛсімдікті түптеу және уақытымен 
суару. Сілтілі топырақта кәдімгі таз-қотыр ауруының алдын алу 
мақсатында 
танапқа 
физиологиялық 
қышқыл 
тыңайтқыштарды 
(суперфосфат, күкірт қышқыл аммоний) енгізіп, шіріп үлгермеген 
органикалық тыңайтқыштарды қолдануға тиым салу. 
7. Ӛсімдіктің ӛciп-ӛну кезеңінде тұқымдық картопты вирус және 
бактерия ауруларынан 3 қайтара фитотазарту жүргізіп, ауру ӛсімдіктерді 
түйнектерімен бipгe танаптан шығарып жою: бipiншici – ӛсімдік 10-15 см-
ге биіктеп ӛскенде; eкіншici – жаппай гүлдеу кезеңінде; үшiншici – 
гүлдеуден үш апта кейін
8. Вирус инфекциясын тасымалдаушы насекомдарға қарсы жүйелі 
инсектицидтерді қолдану; 
9. Картоп танабы мен оның айналасындағы инфекция қоры 
сақталатын арам шӛптермен күресу;
10.Фитофторозға қарсы алдын-ала ӛңдеуді аурудың белгісі білінуден 
бұрын – ӛсімдік гүл түйіні байланған кезде немесе гүлдей бастағанда, 
келесісін – аурудың алғашқы белгісі білінгенде, соңғыларын – аурудың 
даму қарқынына және қысқа мерзімді болжаудың мәліметіне байланысты 


213 
жүргізу; 
11.Фитофтороз, альтернариоз және макроспориоз ауруларына қарсы 
72% ридомил МЦ, с.ұ. – 2,5 кг/га; 90% мыс хлороксиді с.ұ. – 2,4-3,2 кг/га 
фунгицидтерін тізімге сәйкес қолдану;
12.Картоптың рак ауруынан сақтандыратын карантинді шараларды 
қолдану;
13.Фитофтороз 
инфекциясының 
түйнекке 
кӛшуінен 
сақтау 
мақсатында, ӛнімді жинаудан бұрын картоп пәлегін орып танаптан 
шығару. Ӛсімдік қалдықтарын жинап жойып, терең сүдігер жырту;
14.Картоп 
ӛнімін мерзімінде, құрғақ ауа райында жинап
механикалық жарақаттан сақтап, кептіру. Қоймада сақталатын түйнектерді 
мұқият ipiктey. 
15.Тұқымдық картопты шашыраңқы жарықта 7-8 күн шынықтыру 
(түзілген солонин, түйнектерді шіруден сақтайды); 
16.Қоймаларды дер кезінде мұқият тазалап, формалиннің 1% (40 л 
ерітінді 100-150 м
2
) немесе хлорлы әктің 2% ерітіндісімен дезинфекция 
жүргізу. Қойманы картопты сақтауға салардан eкi апта бұрын, 1% мыс 
купоросы қосылған 20% әк сүтімен ағарту; 
17.Қоймада картопты сақтау режимін қатаң ұстану. Сауықтыру 
кезінде 2-3 апта бойы 12-18°С температура мен 90-95% ылғалдылықты 
сақтап, әр 2 сағат сайын желдеткішті 1,5 сағатқа қосып ауаны тазарту. 
Қоймада сақталатын картоптың тӛменгі қабатындағы (50 см) түйнектерді 
2-3°С температура және 85-90% ылғалдылықпен қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет