Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет150/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

3.5.2.2 Қара мойнақ 
Қара мойнақ, немесе қара сирақ ауруы республиканың картоп 
ӛсірілетін барлық аймақтарында кездеседі, әсіресе шығыс және орталық 
Қазақстан ӛңірінде зияндылығы жоғары. 
Бұл кесел картопты ӛсімдікті ӛскін кезеңінен бастап ӛнімді жинауға 
дейін залалдайды. Ауруға шалдыққан картоп ӛскіні нашар жетіліп, 
сарғайып, солып қалады. Кесел шалған ӛсімдіктердің жапырақтары 
ширатылып, бірте-бірте қурайды, сабақ негізі қара-қоңыр немесе қара 
түске еніп, тамыр мойыны шipидi. Дерт шалып, әлсіреген ӛсімдік 
топырақтан жеңіл суырылады. Ауру түйнектің столонға беркіген бӛлігінен 
басталып, демді шірік түрінде ортасына қарай жылжиды (109-сурет). 
Залалданған ұлпа қарайып, жағымсыз иiс шығарады (110-сурет). Қара 
сирақ дерті ылғалдылық жоғары пен температура орташа болғанда (16-20° 
С) жақсы дамиды. 
Қара сирақ ауруының қоздырғышы – Pectobacterium phytophthorum Appel
бактериясы. Бұл кесел картоптан басқа дәнді бұршақ дақылдарын, 
қырыққабатты, асқабақты, темекіні, қызанақты, пиязды т.б. 
залалдайды. 


206 
 
 
 
 
 
109-сурет. Картоптың қара сирақ ауруына шалдыққан картоп ӛскіні 
мен тҥйнегі 
Бактерия түйнекке столон бойындағы түрлі саңылау немесе жарақат 
арқылы енеді. Дерт картоп түйнектерін сақтау кезінде де залалдайды. 
Қоймадағы жоғары ылғалдылық пен температура ауруға қолайлы жағдай 
туғызады. Ауру қоздырғыш бактериялар түйнек бетінде немесе ұлпасында 
бірнеше ай сақталып, қолайлы жағдай туғанда, ауру қайта ӛpшyi мүмкін.
Аурудың алғашқы қоры залалданған түйнек пен шірімеген пәлек 
болып табылады. Кейін қоздырғыш ӛскінге еніп, столон арқылы жаңа 
байланған түйнектерді залалдайды. Кейін қоймада ауру ӛршіп, сау 
түйнектерге жұғады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет