207
3.5.2.3 Сақиналы шірік
Сақиналы шірік республиканың барлық аймақтарында кездесетін,
әcipece солтүстік және орталық облыстарда аса зиянды картоптың ауруы.
Дерт картоп ӛсімдігінің топырақ бетіндегі де, астындағы да
мүшелерін, барлық ӛсу кезеңдерінде залалдайды. Сақиналы шірік ауруына
шалдыққан ӛсімдіктердің жапырағы орта жүйкесін
бойлай ширатылып
қурайды. Кеселге тән белгі – түптің бip жақты солуы,
жеке жапырақтың
немесе сабақтың қурауы. Картоп түйнегінің кесіндісінде түтіктер
сақинасының сары түci қоңырға ӛзгергені байқалады. Дертке шалынған
түйнекті
сәл жаншыса, залалданған тұсынан (сақина бойынан) ботқа
массасы бӛлінеді (111-сурет).
111-сурет. Сақиналы шірік ауруына шалдыққан картоп:
а – дертке шалынған түйнек кӛрінісі;
б – дертті ӛсімдік
Сақиналы шірік ауруының қоздырғышы –
Corynebacterium
sepedonicum Sk.et Burk. (синонимі –
Clavibacter michiganensis
subsp.sepedonicus) бактериясы. Қоздырғыш
алқа тұқымдасына жататын
ӛсімдіктердің кейбір түрлерін ғана залалдайды. Бактерия ӛсімдік бойына
жарақат
арқылы еніп, түтік жүйесінің бойымен ӛсімдік сабағына және
түйнегіне тарайды. Ауру ӛте баяу дамып, ӛсімдік түтіктері бактериялармен
бітеледі. Залалданған түтіктердің сауларынан
сырттай айырмашылығы
болмайды. Ауруға шалдыққан тұқымдықтың ӛнгіштігi тӛмендеп, инфекция
столон арқылы жаңа байланган түйнектерге ӛтеді. Инфекция кесілген
тұқымдық түйнектерден сауларына жұғады да ауру қоры болып табылады.
Сақиналы шірік ауруына шалдыққан картоп ӛсімдігі солып,
түйнектің сапасы тӛмендеп, шipiк aypyларына жиі шалдығады.
Бұл кесел
салдарынан картоптың ӛнім шығымы кейбір жылдары 20-40% кемиді.