216
4.1.2 Қара сирақ
Қара сирақ ауруы кең таралған қырыққабат кеселі, ол әcipece
қырыққабат кӛшеттіктерінде жиі кездеседі.
Қара сирақ ауруының белгілері алғаш қырыққабат кӛшеттерінде
білінеді. Дерт шалған қырыққабат кӛшеті
сабағының етегі мен тамыр
мойыны қарайып, жіңішкеріп, шipiп, ӛсімдік жапырылып, қурайды. Ауруға
шалдыққан қырыққабаттың тамыры нашар дамуы салдарынан топырақтан
оңай суырылады.
Қара сирақ ауруының қоздырғыштары –
Rhizoctonia solani Kuehn.,
Olpidium brassicae Wor., Pythium debaryanum Hesse, Alternaria, Fusarium
туыстарына жататын саңырауқұлақтар (118-сурет).
Қазақстанда қырыққабат кӛшетін кӛбіне
Rhizoctonia solani Kuehn
саңырауқұлағы залалдайды. Саңырауқұлақтың алғаш түссіз, кейін
қоңыраятын жіпшелерінің бетінде ақ түсті, кейін қоңыр түсті түйіршіктер
–
псевдосклероцийлер
түзіліп,
топырақта
бірнеше
жыл
бойына сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: