217
Қара сирақ кеселінің салдарынан кӛшеттердің сапасы тӛмендеп,
егістік сирейді. Нәтижесінде дақылдың ӛнім беру ддеңгейі тӛмендейді
4.1.3 Жалған ақ ҧнтақ немесе пероноспороз
Жалған ақ ұнтақ ауруы қырыққабат ӛсірілетін барлық аймақтарда
кең
таралған, әcipece жылыжайларда жиі кездеседі. Бұл ауруға кӛкӛніс
дақылдарының кӛшеттері, ересек ӛсімдіктердің жапырағы, сонымен қатар
тұқымдықтардың сабағы, бұршақ және тұқымқаптары шалдығады.
Жалған ақ ұнтақ кеселінің негізгі белгісі – жапырақтың үсіңгі
бетінде ашық-сары түсті, жайылған дақ, ал оның астыңғы бетінде ақшыл-
сұр, селдір ӛңез түзілуі. Дерт шалған ӛсімдік жапырақтары сарғайып,
жансызданып, ӛсімдік қурайды (119-сурет).
Дерт шалған тұқымдық ӛсімдіктердің жапырағында,
сабағында, гүл
сағағының және бұршаққабының бойында түci қара, аумағы әртүрлі дақтар
түзіледі. Бұршаққаптың бойында пайда болған беті ойыс дақтардың
бетінде селдір, ақ түсті ӛңез пайда болып, бұршаққаптың ішінде түзілген
тұқым да ауруға шалдығады. Мұндай тұқымнан ӛніп шыққан ауру ӛскін
дамып-жетілгенде, бойындағы ауру қоздырғыш
саңырауқұлақ диффузды
таралып, дерттің алғашқы бeлгici тұқым жарнағы жапырақтарында
білінеді. Қоймада сақтау кезінде залалданған қауданның сыртқы жапырақ-
тарында беті ақ түсті ӛңезбен кӛмкерілген, жайылған сұрғылт дақтар пайда
болады.
Ауру қоздырғышы –
Peronospora brassicae Gaeum. саңырауқұлағы.
Оның бip
клеткалы жіпшумағы клетка
аралығында таралып, жапырақ сыртына леп
тесігі
арқылы
конидиялы
спора
тасушылары шығып, түci ақ, жеңіл ӛңез
түзеді. Конидиятасушылар дихотомиялы
тармақталып, сәл иілген соңғы тармақтың
ұшында
бip ктеткалы, пiшіні сопақша
келген, мӛлшері 12-28
11-23 мкм
конидиялар
пайда
болады.
Ӛсімдік
бойында, ұлпа ішінде түзілген диаметрі 25-
30 мкм ооспоралар ӛсімдік қалдықтарында
қыстап шығып, кӛктемде ӛсімдікті
алғаш
залалдайды,
ал
қайта
залалдану
–
конидиялармен жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: