Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Қызанақтың бактериалдық қара дақ ауруы



Pdf көрінісі
бет166/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

124-сурет. Қызанақтың бактериалдық қара дақ ауруы: а – сол жақта – 
кеселдің жеміс бетіндегі белгісі; б – оң жақта – кеселдің жапырақ 
бетіндегі белгісі 
 
4.2.2 Бактериялдық рак 
 
Республикада кесел сирек кездеседі. Бактериялық рак ауруына 
ӛсімдік бүкіл вегетация бойына шалдығады. Кеселдің диффузды және 
жергілікті түрлері болады. Диффузды түрінде кӛшеттер солып, қурап, ал 
ӛciп-жетілген ӛсімдіктің жапырақтары мен ӛркендері солады. Ӛсімдік 
кейде бip жақты, яғни жапырақтың бip бетінің жеке бӛліктерін залалдаса, 
кейін жапырақ түгел қурап, түтіктері қоңырайады (125-сурет).Қызанақтың 
сабағы залалданғанда, оның бойында қоңыр жолақтар түзіліп, кейін олар 
жарылады. Дерт шалған ӛсімдік сабағының кӛлденең кесіндісінде 
түтіктерінің қарайғаны байқалады. 


226 
125-сурет. 
Қызанақтың 
бактериалдық рак ауруы: 1 – 
дерт шалған қызанақ ӛсімдігі; 2 – 
кесел 
шалған 
жасыл 
жемісі, 
бетінде «құс кӛзі» дағы; 3 – дертті 
піскен жемісі және оның кесіндісі; 
4 – дертті сабақтың (ӛткізгіш 
түтікредің қараюы) кӛлденең (сол 
жақта) және бойлы кеісндісі (оң 
жақта) 
Залалданған жемістің пiшіні бұзылып, тұқымы қарайып, ӛнгіштігі 
жойылады. Сыртынан сау кӛрінген ауру жемісті кескенде, оның тұқым 
ұяшығына қарай таралған сары түcтi бактерия массасы кӛрінеді. Ӛсіп-
жетілген ересек ӛсімдік қайта залалданғанда кесел жергілікті болып
барлық 
мүшелері 
ауруға 
шалдығады. 
Жапырақтардың, 
оның 
сағақтарының, сабақтардың бойында майда, қоңыр түсті, ойық жаралар 
түзіледі (126-сурет). 
 
126-сурет. Қызанақтың бактериалдық рак ауруының жапырақ 
сабағындағы (сол жақта) және жасыл жемісіндегі (оң жақта) кӛрінісі 
 
Жеміс бетіне түсетін дақтар тeгic, ортасы қоңыр, шеті ашық түспен 
кӛмкерілген. Кӛк жемістердің бетіндегі шытынаған, майда дақтардың 
ортасы қара, жиегі ақ түсті болады. Піскен жемістің бетіндегі қоңыр жиегі 
ақ дақтар, пішіні "кӛз" сияқты, сондықтан ауру "құс кӛзі' деп аталады. 
Мұндай жемістердің тағамдық сапасы жойылмайды, сондай-ақ инфекция 
тұқымына ӛнбейді. 
Ауру қоздырғышы – Clavibacter michiganensis бактериясы. Ӛсімдікке 
қоздырғыш жарақаттар арқылы еніп, түтік жүйесін залалдайды.


227 
Бактерияның дамуына қолайлы температура – 25-27°С, ал температура 
жоғарылағанда (50-53°С) бактерияның тіршілігі жойылады. Инфекция 
қоры тұқым мен ӛсімдік қалдықтарында сақталады. Вегетация кезінде 
бактерия насекомдар, жаңбыр тамшысы, суарған су, қолданылған 
құралдармен таралады. 
Бұл ауру ӛте зиянды, оның салдарынан ӛсімдіктің дамуы саябырлап, 
диффузды түрінде жеміс пен тұқымның сапасы тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет