231
Қызанақ жемісінің бойында пайда болған қоңыр түсті, сәл басылған
дӛңгелектеу дақтардың бетінде түci қара мақпалды ӛңез түзіледі. Кесел
жемістің сағаққа бекіген бӛлігінен басталады.
Ауру қоздырғышы –
Macrosporium solani Ell. et Mart.
саңырауқұлағы.
Оның
жіпшумағы
эндофитті,
ұлпа
бетіне
конидиятасушылар мен конидиялар шығады. Конидияларының құрылысы
әртүрлі. Жас конидиялары бip клеткалы, түссіз, жетілгендері –
бip-eкi
перделі, ал толық жетілгендерінің пiшiнi шоқпар тәрізді, бірнеше кӛлденең
және бойлы перделері бар.
Құрғақ, ыстық ауа райынан кейін жаңбыр жауса немесе мол шық
түскен жағдайда, ауру қарқынды дамиды. Инфекция қоры ӛсімдік
қалдықтарында жіпше мен конидия түрінде
және дертті жемістің
қалдықтарында, тұқым арасында сақталады.
Аурудан жапырақтың ассимиляциялық аумағы кішірейіп, тұқымның
сапасы тӛмендейді. Кесел кеңінен тараған кезде дертті ӛсімдіктердің
жапырақтары қурап қалуына байланысты дақыл ӛнімі күрт тӛмендеп
шаруашылықтар едәуір зиян шегеді.
Достарыңызбен бөлісу: