Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет167/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

4.2.3 Сабақ ӛзегінің некрозы 
Қызанақ сабағының некрозы ауруы дақылды жабық жерлерде 
ӛсіретін аймақтарда кеңінен тараған кесел. Бұл дерттің қоздырғышы – 
Pseudomonas corrugata бактериясы. Бұл әбден зерттелмеген, қызанақтың 
«жаңа» ауруларының бірі болып табылады. 
 
127-сурет. Қызанақ сабағының некрозы ауруының белгісі
(сол жақта – сабақтың кӛлденең қимасындағы ауру белгісі;
оң жақта – аурудың сабақтың бойлы қимасындағы кӛрінісі) 
Аурудың бастапқы белгілері – ӛсімдік бойындағы жоғарғы 
жапырақтардың ағаруы және ӛсімдіктердің тұтас солуы түрінде 
жемістерінің алғашқы пісуі кезеңінде білінеді. Дерт шалған ӛсімдік 
сабағының бетінде пішіні ұзынша келген (кейде ұзындығы 40 см-ден 
асатын) сулы некрозды дақтар пайда болады. Кӛбіне ӛсімдік сабағының 
етек жағы шытынап жарылып, ішінен бактерия экссудаты бӛлініп шығады.
Ауруға қатты шалдыққан ӛсімдіктер кейде топырақ бетінен әр түрлі 
деңгейде болатын ауа тамырларын түзеді. Бұндай ӛсімдіктер сабағының 
ӛзегі қарайып, некроздалады. Біраз уақыт ӛткеннен соң сабақтың іші 
қуысқа айналады (127-сурет). Кеселге шалдыққан ӛсімдік жапырақтары 
тургорын жоғалтып, жасыл түсті болса да, «пісіп» қалған сияқты болып, 
тез қурап кетеді. 
Сабақ некрозы ауруының таралуында күтіп-баптау кезінде жиі 
кездесетін контактты тәсілі ерекше орын алады. 


228 
Ауру инфекциясы залалданған тұқымдар және ӛсімдік қалдықтары 
арқылы таралады. 
4.2.4 Бактериалдық солу 
Қызанақтың бактериалдық солу ауруы барлық аймақтарда, әсіресе 
тропикалық және субтропикалық аймақтарда жиі кездеседі.
Қоздырғышы – Burkholderia solanacearum (синонимі: Pseudomonas 
solanacearum және Ralstonia solanacearum). Қоздырғыштың толық 
сипатталған кем дегенде үш нәсілі белгілі. 
Аурудың алғашқы белгілері тӛменгі жапырақтарының солуынан 
басталып, ӛсімдік бойына тұтас жайылады. Бұл солу ауруынан 
жапырақтардың сарғайғаны (хлороз) байқалмайды. Дертке шалынған 
ӛсімдік сабағын тілсе, ішінен сұр түсті шырышты бактерия экссудаты 
шығады. Сабақты бойлап тілсе, түтікті жүйесінің сары түстен қоңырға 
дейін ӛзгергенін байқалады (128-сурет). Кейін ауру меңдегенде түсі 
ӛзгерген тұстан сабақ іші қуыс болып қалады. Бұл дертті тез арада 
анықтаудың бір тәсілі – жаңа кесілген сабақты суға салу. Залалданған 
тұсынан ақшыл түсті бактерия экссудаты бӛлініп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет