222
Қауданның сыртқы жапырақтары шipiп, шырыштанып, қоңырайады,
ал құрғақ ауа райында залалданған бӛліктер кеуіп, жұқарады. Қауданның
iшкі бӛлігі кӛбіне шipiп, ӛзегінде қуыс пайда болады (123-сурет). Мұндай
қаудандар жетілмей, мезгілінен бұрын ӛзегінен ажырап, түсіп,
жағымсыз
иістенеді. Шырышты бактериозбен кӛбіне насекомдар әсерінен
зақымдалған ӛсімдіктер залалданады. Сондай-ақ, оңтүстік аймақтарда кеш
отырғызылған ӛсімдіктерде құрғақ, ыстық ауа райында байланған
қаудандар жиі шіриді. Мұндай ӛсімдіктердің ауруы қоймада жалғасып, сау
қаудандарға тарайды. Отырғызылған науқас тұқымдық ӛсімдіктер
бірден
солып, қурап, шipiп, жағымсыз иіci болады.
Шырышты бактериоздың әсерінен түсті қырыққабат бас байламай,
жапырағы солып, түсіп қалады.
Ауру қоздырғышы –
Erwinia corotovora Holland, E. aroideae Holland
және
Pseudoraonas fluoresens Mid. бактериялары.
Қоздырғыш егісте
қырыққабат шыбыны, кандаласы және басқа насекомдар кӛмегімен
таралады. Инфекция қоры – ӛсімдік қалдықтары, ауру қаудандар мен
ӛзектер, арам шӛптер және тұқым. Кеселдің дамуына 20-25°С температура
және 50% ауа ылғалдылығы қолайлы жағдай туғызады.
Жауын-шашын мол жылдары ауру қарқынды дамып, ӛнім шығымын
едәуір тӛмендетеді. Бұл аурудың себебінен егістікте және қоймада қаудан
ӛнімi 35-48% кемиді.
Достарыңызбен бөлісу: