Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет165/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

4.2 Қызанақ аурулары 
 
4.2.1 Бактериялдық қара дақ 
Қызанақтың бактериялдық қара дақ ауруы кең таралған кесел. Ол 
әcipece жауын-шашын мол жылдары жиі кeздeceдi. 
Қызанақтың қара бактериалдық дақ ауруы дақылды ашық жерде де, 
жабық жерлерде ӛсіргенде кездеседі. Бактериялдық қара дақ дертіне 


224 
қызанақтың жас және ересек ӛсімдіктерінің топырақ бетіндегі барлық 
мүшелері вегетациялық кезең бойына шалдығады. Бұл дертке әсіресе 
ӛсімдіктің жас ұлпалары тӛзімсіз келеді. Дерт шалған қызанақ ӛскінінің 
тұқым жарнағының бетінде жүйкені бойлап орналасатын қара дақтар 
түзіледі. Жапырақ бетіне түскен майда майлы дақтардың түci алғашқыда 
қара-қоңыр болып, кейін қарайып, шеті сарғыш жиекпен кӛмкеріледі. 
Ӛсімдік сабағы мен жапырақ сағағына түскен қара дақтар, аталған 
мүшелерді бойлап, созылыңқы орналасады. Жауын-шашыны мол жылдары 
кесел шалған ӛсімдіктердің сабағы шытынап, жарылады.
Қызанақтың дерт шалған жасыл жемістерінің бетінде алғашқыда 
қара реңді, дӛңестеу, айналасы суланып тұратын дақтар түседі. Кейін 
дақтар ұлғайып (диаметрі 6-8 мм) ойық жараларға айналады (124-сурет). 
Қызанақтың бактериялық қара дақ ауруының қоздырғышы – 
Xanthomonas 
campestris 
Dow
бактериясы. Инфекция ӛсімдікке 
жапырақтың леп тесіктері және механикалық жарақат арқылы еніп
бойында клетка аралығымен тарайды. Залалданған ӛсімдік жапырағында 
қоздырғыштың инкубациялық кезеңі 3-6, ал жемісінде – 5-6 күнге 
созылады. Аурудың дамуына 25-30°С температура және жоғары 
ылғалдылық қолайлы. Инфекция қоры – залалданған тұқым мен шipiмeгeн 
ӛсімдік қалдықтары. 
Бұл қоздырғыш қызанақтан басқа бұрышты залалдайды. Кесел 
шалған ӛсімдіктің ӛcyi саябырлап, ӛнімнің шығымы мен сапасы 
тӛмендейді. 


225 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет