Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет210/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
173-сурет. Қарақаттың антракноз ауруы 
 
Қатты залалданған жапырақтар қоңыр түске еніп, шеттері 
ширатылады. Кесел тӛменгі жапырақтардан басталып, біртіндеп түседі. 
Жапырақ сағақтары мен жас ӛркенде майда, қоңыр түсті ойық 
жаралар түзіледі. Жидектердің бетінде жеке-жеке орналаскан қоңыр-сұр 
түсті майда жаралардың, пiшiнi дӛңгелек, қабыршақ тәрізді болады. 
Ауру қоздыргышы – Gloeosporium ribis Mont, et Desm. – конидиялы, 
қалталы кезеңі – Pseudopeziza ribis Kleb. саңырауқұлағы. Оның қызыл, қара 
қарақат түрлеріне – G.f.rubri Kleb., G.f.nigri Kleb. және қарлығанға сәйкес – 
G.f.grossularia Kleb. сияқты арнайы бейімделген формалары белгілі. 
Жапырақтағы дақтарда саңырауқұлақтың конидиялы спора 
тасушылары тӛсеніш (ложа) түзіп, онда конидиялар пайда болады. 
Конидиятасушылардың пішіні таяқша тәрізді, конидиялары ұзынша, сәл 
иілген немесе орак пішінді, бip клеткалы. Жаз бойы конидиялар бірнеше 
ұрпақ бepiп дамып, насекомдар және жаңбыр тамшылары арқылы 
таралады. Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы 16-20°С температурада 
инкубациялық кезеңнің ұзақтығы – 8-12 күн. 
Қоздырғыштың жіпшумағы ӛсімдіктің түскен жапырақтарында 
қыстап, кӛктемде одан қысқа, жуан сабақты, тостаған тәрізді апотецийлер 


286 
түзіледі. Қалталары шоқпар тәрізді, ал споралары түссіз, пішіні сопақша, 
бip клеткалы. Аскоспоралар мамыр айында жаппай таралып, ескі 
жапырақтарды залалдайды. 
Кеселге шалдыққан ӛсімдік түптepi жапырақтарынан айрылады. 
Залалданған жеміс сағақтарындағы жидектер түсіп, жаңа ӛркендердің 
дамуы екі есе кеміп, ӛнімі үш есе азаяды. Ауру түптердің суыққа 
тӛзімділігі тӛмендеп, бүpшіктepi зақымдалып, жеке ӛркендері, кейде 
ӛсімдік түгел үсікке шалдығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет