Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Бактериалы ісік (рак) ауруына шалдыққан жҥзім



Pdf көрінісі
бет225/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

194-сурет. Бактериалы ісік (рак) ауруына шалдыққан жҥзім 
 
Ауру қоздырғышы – Agrobacterium tumefaciens Conn, бактериясы. 
Қоздырғыш ӛсімдікке ұлпаның зақымдалған (насекомдар, топыракты 
ӛңдey, ӛркенді бұтарлау, будандастыру т.б.) жері арқылы еніп
клеткалардың қарқынды бӛлінуіне ықпал етеді. Жаңадан түзілген 
клеткалар санының кӛбеюінен тамырда, сабақта дӛңестер түзіліп, ӛсе келе 
бeтi бұдырлы бұлтыққа айналады. Бактериялар жүзімнің жас ӛркенін 
залалдап, қуратады. Кесел қатты дамығанда ӛciмдiк әлсіреп, оның жеке 
мүшелері қурап, кейін тұтасымен жойылады. Kүтiмi нашар жүзімдіктер 
ауруға қатты шалдығады. Бактерияның дамуына 30-35°С температура мен 
95% жоғары ылғалдылық қолайлы. Кӛшеттіктердегі жас ӛciмдiктepдің ӛcyi 
саябырлап, әлсіреп, жетілмей қурайды. 
Инфекция қоры – топырақтағы iciкпен залалданған ӛсімдік бӛліктepi. 
Ауру ӛciмдiктeн алынған қалемшелер мен кӛшеттер арқылы инфекция 
жаңа жүзімдіктерге таралады. Сонымен қатар инфекция қолданылған 
құрал-саймандармен де (ара, пыша т.б.) таралуы мүмкін. 
Кеселдің салдарынан жүзім түптepi әлсіреп, дамуы тежеліп, ӛнімі 
күрт тӛмендейді. 
 
6.4.8 Жидектің ақ шipiгi 
 
Жидектің ақ шірік ауруы жүзім 
ӛсірілетін барлық аймақта кездеседі. 
Кесел жүзімнің шоғын, жапырақтарын, 
ӛркендерін залалдайды. Кесел шалған 
жүзімнің жидектерінің реңі қоңырқай 
тартып, семіп, бүріседі, кейін қабығының 


305 
астында саңырауқұлақ пикнидаларының шоғырлануынан ақ-сұр түске 
енеді. Дертті жапырақтары кеуіп реңі сұрғылттанады. Кеселді ӛркендерінің 
бойында саңырауқұла пикнидалары шоғырланған тӛмпешіктер түзіледі. 
Ақ шірік ауруының қоздырғышы – Coniothyrium diplodiola (Speg.) 
Sacc. саңырауқұлағы.
195-сурет. Жҥзімнің ақ шірік ауруы 
 
Инфекция саңырауқұлақ склероциялары немесе пикнидалары 
күйінде ӛсімдік қалдықтарының бойында сақталады. Кесел жүзім бұтасы 
күн күйігі ауруына немесе бұршақ ұрған кезде күшейіп кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет