Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет226/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

6.4.9 Жҥйке теңбілі (мозаикасы
Алматы аймағындағы жүзімдіктерде кездесетін ауру. Кеселдің 
бeлгici жапырақ жүйкелерінің бipiншi, екінші тарамдары бойымен 
орналасқан хлорозды жұқа жолақтар мен дақтар түрінде білінеді. Дақтар 
ұлғая келе жапырақ бетіне таралып, ал жүйкелері күрт ақшылданады. 
Залалданған мүшенің пiшiнi ӛзгермейді (196-сурет). 
Ауру қоздырғышы – Vein mosaic 
вирусы. Қоздырғыш отырғызылатын 
материалдармен таралады. 
Вируспен залалданған түптің 
ӛнімi тӛмендейді. 
196-сурет. Жҥзім теңбілі 
Республиканың 
Алматы 
аймақтарында кездесетін ауру. Бұл 
аурумен залалданған түптердегі жидектер пicy мерзімінен бұрын бірте-
бірте солып, қурайды. Жидектің eттi бӛлігі кеуіп, жаңа қабықшамен 
қапталған дәні сыртқа шығады. Әдетте жеміс шоғырындағы жидектің бір 
бӛлігі немесе жүзім шоғы тұтасымен солады. 
Алматы облысында бұл кесел тау шатқалында және ұсақ, жұмыр 
тасты қабат жақын орналасқан топырақта кездеседі. Күннің ыссы 
мезгілінде ӛсімдікке су жетіспеген жағдайда ауру дамиды. Сондай-ақ
агротехникалық шараларды (бұталау, сирету, шырпу және басқалары) 
уақытында жүргізбеу аурудың қарқынды дамуына әсерін тигізеді. 


306 
Жапырақ астынан тікелей күн кӛзіне шығып қалған жеміс шоғыры да 
солуы мүмкін. Ыстық ауа райында топырақ ылғалының жетіспеуінен ауру 
жаппай дамиды. Кеселдің салдарынан ӛнім шығымы тӛмендейді. 
 
6.4.10 Жҥзімді аурулардан қорғау 
Жүзімдіктерді 
аурулардан 
қорғау 
жүйесінде 
санитарлық-
профилактикалық, агротехникалық, шаралар, сондай-ақ фунгицидтермен 
уақытылы бүрку нeгiзгi орын алады. 
 
6.4.10.1 
Санитарлық-профилактикалық 
және 
агротехникалық 
шаралар 
1. Ойпаң және ылғалы мол жерлер жүзімдіктерге қолайсыз 
болғандықтан, дақылды мұқият тегістелген, жақсы желденетін учаскелерде 
орналастыру; 
2. Жүзімдікті дамытуда сау материалдарды қолдану; 
3. Қалемшелерді 
40% 
формалиннің 
0,2% 
ерітіндісінде 
зарарсыздандыру; 
4. Ауруға шалдыққан бұтақтар мен жас ӛркендерді кесіп, қатты 
залалданған және жансызданған түптерді жою. Кесу, бұталау 
жұмыстарында қолданылатын құрал-саймандарды басқа ӛсімдіктерді 
ӛңдер алдында 40% формалиннің 5% ерітіндісінде дезинфекциялау; 
5. Ӛсімдіктің 
ауруларға 
тӛзімділігін 
арттыруға 
бағытталған 
агротехникалық шараларды уақытылы жүргізу: жүзімдіктерді мерзімінде
белгіленген мӛлшермен суару; топырақты шамадан тыс ылғалданудан 
немесе 
құрғаудан сақтау; тыңайтқыштардың тепе-теңдігін қадағалап, бірыңғай 
азотпен қоректенуден сақтау; жүзімдік қатар аралықтарын терең жыртып, 
арам шӛптерді жою; жас ӛркендерді арнайы таяныш ағаш қатарына 
(шпалера) байлау, ӛсімдік ӛркендерінің ұшын шырпу, артық ӛркендерді 
бұтау жұмыстарын мерзімінде атқару; 
6. Рак 
ауруына шалдыққан бұтақтарды, ісікті және оның 
айналасындағы 
сау ұлпаларды діңге қарай 8-10 см қамтып кесіп, кесілен ӛсімдік 
бӛлігіне 10-15% мыс нафтенатын немесе бақ нұмын жағу
7. Жүзім ӛнімін ашық ауа райында жинау; 
8. Инфекцияны тасымалдаушы насекомдармен үнемі күресу; 
9. Инфекция қорын жою үшін, күзде ауруға шалдыққан бұтақтарды 
кесіп, залалданған жапырақтар мен жидектерді және т.б. ӛсімдік 
қалдықтарын жинап, жою; 
10.Жүзім ағаштарын қысқа қарай топырақпен кӛміп, кӛктемде 
оларды мезгілінде ашу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет