145
Аурудың әсерінен тұқымның тауарлық сапасы,
май мен ақ уыз
құрамы, тұқым шығымы (20-26%) және кӛк балауса массасы едәуір
тӛмендейді.
2.11.2 Асбҧршақтың деформациялаушы теңбілі
Қазақстан республикасында асбұршақ егістігінде жиі кездесетін
вирус ауруларының бірі асбұршақ теңбілі. Кесел республиканың асбұршақ
ӛсірілетін аймақтарда кең.
62-сурет. Асбҧршақ теңбілі
Кесел белгісі жапырақ пен жапырақ серіктерінің қыртыстанып,
бұйраланып немеее секпілденіп теңбілденуі (62-сурет).
Аурудың дамуы
барысында жапырақтағы хлорозды дақтар ағарып, селдірейді. Кесел бірден
ӛрбігенде ӛсімдік мүшелері деформацияланып, дәні майдаланып, сау
тұқымға қарағанда оның реңі сарғыш тартады.
Ерте егілген асбұршақ
егістігі теңбіл ауына сирек шалдығады.
Ауру қоздырғышы –
Pea enation mosaic virus вирусы. Қоздырғыш
бітелер кӛмегімен таралады. Бiтe денесінде вирустың инкубациялық кезеңі
9-48 сағатқа созылады. Тасымалдаушы бітелердің бойында вирус 29
тәулікке дейін сақталады. Қоздырғыш тұқым арқылы таралмайды.
146
Инфекция коры – кӛп жылдық бұршақ тұқымдас шӛптер. Бұл ауруға
асбұршақтан
басқа қытайбұршақ, атбасбұршақ, бӛрібұршақ, жоңышқа,
беде және басқа да бұршақ дақылдары шалдығады.
Кесел қарқынды дамығанда тұқым мен кӛк балауса массасының
ӛнімі кемиді.
Достарыңызбен бөлісу: