10
(жеті жасқа дейін) ЕБҚ бар балаға күтім жасаудың үш түрінің бірін таңдай алады:
инклюзивті саясаты
бар муниципалды балабақша; жәрдемақы төленетін жеке
бала күтімі; үйдегі бала күтімі, бұл ретте ата-аналардың бірі бала күтімі бойынша
демалыста болады әрі оған ЕБҚ бар бала күтімі бойынша жәрдемақы төленеді
[6].
Еуропада ЕБҚ бар баласы бар отбасымен өзара
әрекеттесудің отбасылық
саясаты ата-аналардың жұмыспен қамтылуын және отбасылық міндеттерін
біріктіреді, осылайша отбасы мен жұмыс мәселелерін шешуге қол жеткізіледі,
дегенмен бұл тұрғыда әр елдің өзіндік ерекшелігі
бар және оң нәтижеге жету
үшін он жылдан астам уақыт жұмсалды [7]. Барлық батыс елдерінде ЕБҚ бар
бала күтімі жүйесі нормаға айналғаннан бері
отбасылық саясаттың басты
аспектісі әйелдерді «ерекше» баланы күту және тәрбиелеу міндеттерінен босату
деңгейі туралы мәселе болды. Осылайша,
тағы бір компонент пайда
болады – күтім бойынша қызметтер нарығы, ал мұндай балаларды күту және
тәрбиелеу
функциясы мемлекет, нарық, ерлер мен әйелдер арасында бөлінеді.
Еуропа елдерінде мектепке дейінгі/мектеп жасындағы ЕБҚ бар балаларға күтім
жасаудың бірнеше түрі бар.
Достарыңызбен бөлісу: