Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3



Pdf көрінісі
бет152/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   197
f6176e30d73c3b0

7.1-сурет


205 
қозғалысты қарастырады). Механиканың өзінің де табысты даму қарқыны 
осыған дем бере түсті. Сондықтан классикалық механиканың кеңістік пен 
уақыттың қасиеттері жайлы көзқарастары іргелі деп саналды. 
Бірінші сынақ Галилейдің салыстырмалық принципіне түсті, ол 
физиканың сол кездегі дамуының шыңына көтерілген бөлімі – механикаға 
ғана қатысты болатын. Физиканың басқа бөлімдерінің оның ішінде оптика 
мен электродинамиканың дамуына да салыстырмалық принципті таратуға 
бола ма деген табиғи сұрақ туады. Егер жоқ десе, онда механикалық болып 
табылмайтын құбылыстардың көмегімен инерциялық санақ жүйелерін бір-
бірінен ажыратуға болар еді жəне басты санақ жүйесінің немесе абсолюттік 
санақ жүйесінің болуы жайлы мəселені де көтеруге болар еді деген 
принциптер туар еді. 
Əртүрлі санақ жүйелерінде түрліше өтуге тиіс деп саналған осындай 
құбылыстардың бірі – жарықтың таралуы. Сол кезде үстем болатын 
жарықтың толқындық теориясы бойынша жарық толқындары қайсы-бір 
гипотезалық ортаға қатысты (жарық тасүшы эфирген) белгілі жылдамдықпен 
таралуы тиіс болатын, бірақ мұндай ортаның қасиеттері қандай болмасын ол 
барлық инерциялық жүйелерінде сөзсіз бір мезгілде тыныштықта бола 
алмайды. Осылайша, инерциялық санақ жүйелердің ішінен біреуі дара 
шығып, абсолютті болып, жарық тасымалдаушы эфирге қатысты 
тыныштықта болуы керек еді. Міне тек осы санақ жүйесіне қатысты ғана 
жарық барлық бағыттарда бірдей 
жылдамдықпен таралады деп есептелді. 
Егер қандай да бір инерциялық санақ жүйесі эфирге қатысты 
жылдамдықпен қозғалатын болса, онда бұл санақ жүйесінде жарықтың 
таралу жылдамдығы жылдамдықтарды қосудың (7.2) заңына бағынуы тиіс, 
яғни 
.
Бұл болжам Майкелсон (Морлимен бірге) тəжірибесінен алынған 
қорытындыларға негізделген.
Жер қозғалысының жарық жылдамдығына əсерін өлшеу мақсатымен 
американдық физик А. Майкельсон (1852-1931) тəжірибе жүргізген (1881). 19 
ғасырдың аяғына дейін физика ғылымында жарық белгілі бір универсалды 
орта - эфирде таралады деген көзқарас қалыптасып тұрды. Мұның үстіне 
бірқатар құбылыстар (жарық аберрациясы, Физо тəжірибесі) негізінде эфир 
қозғалмайды, не қозғалған дене эфирдің белгілі бір бөлігін өзімен ілестіре 
кетеді деген қорытындылар жасалды. Қозғалмайтын эфир жөніндегі гипотеза 
бойынша, Жер эфир ішінде қозғалғанда, “эфир желі” байқалуға тиіс, əрі 
жарық жылдамдығы жарық сəулесінің Жердің қозғалу бағытына қарағанда 
ғана тəуелді болуға тиіс еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет