Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3



Pdf көрінісі
бет5/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197
f6176e30d73c3b0

Алғы сөз
 
Кітаптың негізгі мақсаттарының біріне механиканың іргелі заңдарының, 
яғни қозғалыс заңдарының, импульстің, энергияның жəне импульс 
моменттерінің сақталу заңдарының теориясын меңгеріп, берілген есептерді 
жақсы шығара алу жатады. Сонымен кітапта теориялық мəселелермен қатар, 
оларды түсіндіруге арналған бірталай мысалдар мен стандартты есептердің 
толық шешімдері берілген. Кітаптағы суреттерге əрбір тараудың өзіне 
лайықталған нөмірлері берілген, осындай жағдайлар формулалар үшін де 
орындалған. 
Кітап сегіз тараудан тұрады. 1-6 тараулары Ньютон механикасына, ал 7-
8 тараулары релятивистік механикаға арналған. Кітаптың бірінші тарауында 
механика заңдары Ньютонның жуықтамалы əдісімен, яғни қозғалыстың 
жылдамдықтары жарық жылдамдығымен салыстырғанда əлдеқайда аз 
шамаларында келтірілген. Ал екінші тарауында денелердің қозғалысы жарық 
жылдамдығымен парапар жағдайларды қарастырады.
Əрбір тараудың басында ең бірінші теориялық принциптер түсіндіріліп, 
содан кейін сол теорияны меңгеру үшін қажетті қызықты физикалық 
мысалдар мен есептер келтіріледі. Келтірілген есептер (90-нан астам) 
берілген мəтіндегі материалмен тығыз байланысты, тіпті негізгі материалды 
толықтырып та отырады.
Ең қажетті терминдер мен жағдайлар курсивпен бекітіліп келтірілген. 
Мысалдар мен есептер петитпен келтірілген.
Кітаптың мазмұны механика пəнінің қазіргі кездегі толық 
бағдарламасына сəйкестендірілген.
Кітап теориялық материалдарды тым математикаландырмай физикалық 
ұғымдарға 
басымырақ 
назар 
аударып, 
көптеген 
мысалдармен 
толықтырылған. 
Механика жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына, студенттері мен 
магистранттарына арналып, дайындалған оқулық. 
И. Иродов



 
Белгілеу жүйесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет