§ 1.1. Нүкте кинематикасы Өлшемдерін берілген жағдайда ескермеуге болатын денені материалдық
нүкте деп атайды.
Əрбір дене белгілі бір өлшемдерге ие. Дененің əртүрлі бөліктері
кеңістіктің əртүрлі жерлерінде орналасады. Алайда, механиканың көпшілік
есептерінде дененің əртүрлі бөліктерінің орнын көрсетудің қажеті жоқ. Егер
дененің өлшемдері басқа денелерге дейінгі арақашықтығынан аз болса, онда
бұл денені оның материалдық нүктесі деп санауға болады. Мəселен, оған
ғаламшарлардың Күн айналасындағы қозғалысы жатады. Материалдық нүкте қозғалысын берудің үш түрлі тəсілі бар: векторлық,
координаталық жəне табиғи. Оларға жеке-жеке тоқталып өтейік.
Векторлық тəсіл Бізге қажетті А нүктесінің орны r радиус-векторымен беріледі. Радиус-
вектор уақыттың бастапқы кезіндегі нүктенің орны. Ал r радиус векторының
өзі таңдалынып алынған санақ жүйесінде орналасқан қозғалмайтын О нүктеден А нүктесіне жүргізілген. А нүктесінің қозғалысы кезінде жалпы
алғанда оның радиус-векторы модулі бойынша да, бағыты бойынша да
өзгереді, яғни rрадиус-векторы t уақытқа тəуелді болғаны. А нүктесінің
траекториясы деп r радиус-векторінің ұшындағы геометриялық орынды
айтамыз. Қозғалып бара жатқан нүктенің
кеңістікте қалдыратын ізі траектория деп
аталады. Траектория түзуден тұратын болса,
түзу сызықты қозғалыс, қисық сызықтан
тұратын болса, қисық сызықты қозғалыс деп
аталынады.
Нүкте жылдамдығы деген түсінікті
енгізейік. А нүктесі Δt уақыты ішінде 1 нүктеден 2 нүктеге орын ауыстырсын делік
(1.1-сурет). Суретте көрсеткендей, A нүктенің алғашқы орнынан оның
1.1-сурет