Б. Т. Оразалиев «Кӛлік құралдары құрылысының негіздері»



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата17.10.2023
өлшемі1.76 Mb.
#480905
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Әдістемелік нұсқау

Поршень саусақтары қуыс болаттан жасалады. Осьтік жылжудан 
тапылжытпайтын сақиналармен 8 ұсталып тұрады. Саусақ (сурет 7в) 
поршеньді шатунмен жалғастырылады. 
Поршень сақиналары қажеттілігіне байланысты компресиялық және 
майсылғыш болады (сурет 7б). 
Компрессиялық сақиналар жану камерасынан картерге газдардың 
ӛтуін болдырмайды. Сақиналар легирленген шойыннан немесе болаттан 
жасалады. 
Поршень саусағындағы ойма құлып деп аталады. Ол қиғаш немесе тік 
болады. 
Майсылғыш сақиналар цилиндрлер қабырғаларынан артық майды 
сылып алып майдың картерден жану камерасына ӛтуін болдырмайды. 
 
2.2 Шатундар 
Шатундар поршенді иінді білікпен жалғастырып, оған поршеньдер 
қабылдаған күшті береді. Қозғалтқыштың жұмысында шатунға газдардың 
қысымының және инерцияның күштері әсер етеді, сондықтан ол берік, қатты 
және жеңіл болуы тиіс. Шатунды жоғарғы сапалы болаттан екі бастамалы 
стержень түрінде жасайды (сурет 8). 
Шатунның жоғарғы бастамасына қола втулканы 2 престейді. Шатунның 
тӛменгі бастамасы ажыратылатын болады. Оның ажыратылатын бӛлігі 
қақпақ 6. 
1 – жоғарғы бастама; 2 – втулка; 3 – стержень; 4 – тӛменгі бастамам; 5 – астар; 6 – қақпақ; 
7 – шплинт; 8 – тәжді гайка; 9 – фиксирлейтін мұртша; 10 – шатун болты 


17 
Сурет 8- Шатун 
 
 
2.3 Иінді білік және сермер 
Иінді білік поршеньдерден шатун арқылы берілген күштерді қабылдап, 
айналдыру моментін туындатады, сонымен қатар қозғалтқыштың әртүрлі 
механизмдерін және бӛлшектерін іске қосу үшін қолданады (сурет 9). 
Иінді білікті жоғарғы сапалы болаттан штамптайды немесе жоғарғы 
беріктікті шойыннан құяды. 
Ол түбірлік 1 және шатун 11 мойындарынан, оларды қосатын жақтардан 
2, алдыңғы бӛліктен (носок) және артқы бӛліктен (хвостовик) құралады. 
Түбірлік және шатундық подшипниктер болат алюминилі ленталардан 
астар түрінде дайындалады. 
Сермер иінді біліктің бірқалыпты айналуын қамтамасыздандырады және 
машина орнынан қозғалғанда жоғарғы жүктеулерді еңсеруге кӛмектеседі, 
сонымен қатар поршеньдерді ӛлі нүктелерден шығарады (сурет 10). 
а – қатарлы; б – V-тәрізді; в – ауалы салқындатылатын бірқатарлы 
1 –штангалар тесіктері; 2 – сұйықты алып кету тесіктері; 3 – шпилькаларды бекіту 
тесіктері; 4 – су бӛлістіру каналы; 5 – май беру; 6 – түбірлік подшипник қақпағы; 7 -
құйма; 8 – резиналы тығыздағыш сақина; 9 – бӛлістіру білігінің втулкасының тесігі; 10 – 
гильза; 11, 13 – сол және оң жартыблоктар; 12 – ауа қуысы; 14 – шпилька; 15 –цилиндр 
гильзасы; 16 – цилиндр гильзасына тесік; 17 – картер; 18 – тығыздағыш астар 


18 
Сурет 9– Қозғалтқыштың блок-картері 
1 – түбірлік мойын; 2 – жақ; 3 – тірек жартысақинасы; 4 түбірлік подшипниктің тӛменгі 
астары; 5 маховик; 6 – мақайтарғыш; 7 – орнату штифті; 8 – сермерді бекіту болты; 9 – 
тісті шет; 10 – түбірлік подшипниктің жоғарғы астары; 11 – шатун мойны; 12 – 
қарсысалмақ; 13 – иінді біліктің шестернясы; 14 – май сорғысының жетек шестернясы; 15 
– болт; 16 – шкив; 17 – тығын; 18 – таза май түтігі 
Сурет 10- Иінді білік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет