Б. Т. Оразалиев «Кӛлік құралдары құрылысының негіздері»


 Газбӛлістіру механизмнің бӛлшектері



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата17.10.2023
өлшемі1.76 Mb.
#480905
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Әдістемелік нұсқау

2.5 Газбӛлістіру механизмнің бӛлшектері 
1. Клапан (сурет 13) табақшадан, стерженнен және хвостовиктен 
құралады. Табақшадан стерженнге ӛтуінің жайлы жасалуы, қажетті беріктікті 
береді, жылу алып кетуді жақсартады және газдардың қозғалысына кедергіні 
тӛмендетеді. Клапан стержені қайралған. стержень шеті шынықтырылуы, 
иіннің әсерінен қажалуы азаяды. Кӛптеген қозғалтқыштарда кіргізу клапаны 
хромды, шығару клапанын ыстыққа тұрақты болаттан дайындалады.


21 
Цилиндрді ауамен толтыруды жақсарту үшін кейбір қозғалтқыштарда 
кіргізу клапанының табақшасының диаметрі шығару клапанының 
табақшасының диаметріне қарағанда үлкен болады. 
2. Сухариктер екі бӛлікке кесілген конусты сақина түрінде болады 
(сурет 12). 
3. Бағыттаушы втулка клапан қозғалысының бағытын және оның ерге 
қисық отырғызылмауын қамтамасыздандырады. Бағыттағышты шойыннан 
немесе металлокерамикадан жасап цилиндрлер қалпағына престеп 
отырғызады.
4. Серіппе клапандарды жабуға қажетті және олардың ерге тығыз 
отыруын қамтамасыздандыратын күштерді туындатады. Серіппелер 
орамдары түрақты немесе айнымалы адымды болып жасалады. Кейбір 
қозғалтқыштардың әр клапанына екі серіппеден қойылады. Олардың 
орамдарының бағыттары әртүрлі.
5. Иін 7 (сурет 12) екі иықты рычаг түрінде, болаттан дайындалған 
болады. Оның қалыңдау орта бӛлігіндегі тесікке втулка престеліп 
отырғызылған. Бір иығындағы (ұзынында) боекпен клапанды қысады, ал 
екінші иығындағы реттеу винтімен клапан мен иін боегының арасындағы 
саңылауды реттеп, клапанның тығыз жабылуын қамтамасыздандырады.
6. Штанга 12 итергіштен иінге күш беру қызметін атқарады. Ол бүтін 
немесе қуыс болат стерженнен дайындалады. Штангалардың шеттерінде 
әрленген термикалық ӛңделген ұштықтар болады. Тӛменгі ұштық пішіні шар 
тәрізді және итергіштің 13 сфералық тереңдемелеріне тіректенеді. Жоғарғы 
ұштық та шар тәрізді пішінді және оған реттеу винтінің 9 бастамасы тіреледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет