Б. Т. Оразалиев «Кӛлік құралдары құрылысының негіздері»



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата17.10.2023
өлшемі1.76 Mb.
#480905
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Әдістемелік нұсқау

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


23 
 
3. Майлау жүйесі 
 
3.1 Үйкеліс және майлау туралы түсініктер 
Қозғалтқыштың жұмысында оның жылжымалы бӛліктері жылжымайтын 
бӛліктері бойымен сырғанайды. Қозғалтқыштың үйкелістегі беттері жақсы 
ӛңделгеніне қарамастан беттерінде тегіс еместік болады. 
Жұмыс үрдісінде жанасатын беттердегі тегіс еместік қозғалысқа кедергі 
жасайтын үйкеліс күшінің ұлғаюына жағдай жасап, қозғалтқыш қуатын 
тӛмендетеді. Құрғақ үйкеліс бӛлшектердің қызуын туындатып, олардың 
қажалуын жеделдетеді. Үйкеліс күшін тӛмендету және біруақытта 
бӛлшектерді салқындату үшін үйкелетін беттер аралығына май қабатын 
кіргізеді. Сұйықты үйкеліс құрғақ үйкеліске қарағанда оншақты есе кіші. 
Сұйықты үйкелісте бӛлшектердің қажалуы бірнеше есе тӛмен. 
Қозғалтқыштың майлау жүйесі үйкелетін беттер арасына үздіксіз май 
беруге және олардан жылуды алып кетуге арналған.
Автотрактор қозғалтқыштарын майлауда мотор майлары қолданылады. 
Майларда оптималды мүмкіншіліктер, жақсы майлау қасиеттері, жоғарғы 
антикоррозиялық қасиеттері және тұрақтылық болуы тиіс. Майлардың 
пайдалану қасиеттерін жақсарту мақсатында оларға арнайы отырғызбалар 
(присадки) қосылады.
Ауылшаруашылығы тракторлары мен автомобильдерінде Б, В және Г 
тобының майлары қолданылады.
«Б» тобының майлары аз форсирленген, «В» - орташа форсирленген, «Г» 
- жоғары форсирленген қозғалтқыштарға арналған. Майларды маркілеуде 
келесі белгілеулер қабылданған, мысалы М-8Б
1
, М-10Г
2
, 8, 10 – 
кинематикалық тұтқырлық, мм
2
/
с
100
0
С- де; «Б», «Г» - майлар тобына 
қатыстылығы; цифр 1 –карбюраторлы қозғалтқыштар үшін, цифр 2 –
дизельдер үшін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет