Б. Т. Оразалиев «Кӛлік құралдары құрылысының негіздері»


Механизмдер, жүйелер және олардың қажеттілігі



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата17.10.2023
өлшемі1.76 Mb.
#480905
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Әдістемелік нұсқау

 
1.2 Механизмдер, жүйелер және олардың қажеттілігі 
Іштен жану қозғалтқыштары иінді білікті шатунды және газбӛлістіргіш 
механизмдердің, қоректендіру, салқындату, майлау және іске қосу 
жүйелерінің тұрықтық бӛлшектерінен құралады (сурет 1,а). Қосымша іске 
қосуды жеңілдету үшін дизельдерде декомпрессиялық механизм, ал 
карбюраторлық қозғалтқыштарда электр ұшқыны арқылы қоспаны еркісіз 
тұтандыратын тұтандыру жүйесі қарастырылған. 
Иінді білікті шатунды механизм поршеннің ілгерлемелі қайтпалы 
қозғалысын иінді біліктің айналмалы қозғалысына немесе керісінше 
ауыстыруға арналған. Ол цилиндрден 6, сақиналы поршеннен 7, поршень 
саусағынан 8, шатуннан 9, иінді біліктен 12 және сермерден 10 құралған. 
Цилиндр жоғарғы жағынан қалпақпен 1 жабылған.
Газ бӛлістіру механизмі уақтылы жаңа заряд немесе ауа кіргізуге және 
жұмыс орындап біткен газдарды шығаруға арналған. 



Ол бӛлістіргіш біліктен 14, оның жетегінің тісті дӛңгелектерінен 13, 
итергіштер мен штангалардан 16, иіннен 2, клапандардан 4,5, серіппелерден
құралады. 
Қоректендіру жүйесі жанар қоспаны дайындауға, оны цилиндрге алып 
келуге (карбюраторлы және газ қозғалтқыштарында) немесе цилиндрді 
ауамен толтыруға және онда жоғарғы қысыммен отын беруге (дизельде) 
арналған. 
Салқындату жүйесі қозғалтқыштың оптималды жылу режимін қолдауға 
арналған. Қозғалтқыш бӛлшектерінен артық жылуды алып кететін зат- жылу 
алып жүруші сұйық немесе ауа болуы мұмкін.
Майлау жүйесі үйкеліс беттерін бӛлуге, салқындатуға, коррозиядан 
сақтауға және қажалу ӛнімдерін жуып алып кету мақсатында , оларға майлау 
материалын (мотор майын) алып келуге арналған. 
Іске қосу жүйесі – қозғалтқыштардың цилиндрлеріндегі жұмыс 
циклының тұрақты басталуын қамтамасыздандыратын ӛзара әсерлесетін 
механизмдер мен жүйелер жыйынтығы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет