Б. Т. Оразалиев «Кӛлік құралдары құрылысының негіздері»



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата17.10.2023
өлшемі1.76 Mb.
#480905
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Әдістемелік нұсқау

 
 
 
 



1. Іштен жану қозғалтқыштарының жалпы құрылысы 
Автомобильдерде орнатылған қозғалтқыштар энергия кӛзі ретінде 
автомобильді қозғалысқа келтіруге және басқада жұмыстарды орындауға 
қажетті механикалық энергиямен қамтамассыздандыратын құрылым 
міндетін атқарады. Олар бір энергия түрін механикалық энергияға 
ауыстырады. Мысалы электр энергиясын электрқозғалтқыштар механикалық 
энергияға ауыстырса, іштен жану қозғалтқыштары жұмысшы қоспаның 
жануынан пайда болған жылу энергиясының біраз бӛлігін механикалық 
энергияға ауыстырады. 
Электрқозғалтқыштары 
экологиялық 
тазалығына 
қарамастан 
пайдаланатын электрэнергиясының желілермен берілуіне байланысты 
олардың қызмет кӛрсету аймағы немесе энергия қорына байланысты жүру 
жолы шектелген. Кӛрсетілген бірінші кемшілікті жою үшін электр кӛлігінің 
мүмкін болатын барлық қызмет кӛрсету аймағына электр желілерін орнату 
қажет болған болар еді. Бұл жасалған әрекет экономикалық жағынан үлкен 
қаражат шығындарын талап етеді және барлық жағдайларда тиімді 
болмайды. Сонымен қатар құрылымдарға қосымша күрделі ӛзгерістер енгізу 
қажет. Екінші кемшілікті жою бағытында қазіргі кезде дүниежүзілік
ғалымдар, машина жасаушы фирмалар белгілі жұмыстар жүргізуде. Орын 
алған кемшілік кӛбіне қорландыру құрылымдарындағы электр 
энергиясының белгілі уақыттан немесе жол жүргеннен кейін сарқылуына 
байланысты болғандықтан, қорландыру құрылымдарын жетілдіру, күн 
кӛзінің энергиясын қолдану арқылы электр тогын алу мәселелері 
қарастырылуда. 
Іштен жану қозғалтқыштары поршеньді, роторлы-поршеньді, реактивті 
және газотурбиналы болады. Аталған құрылымдардың бір-бірінен 
айырмашылығы негізінен құрылысында, қолданылатын отынында. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет