Б. Т. Оразалиев «Кӛлік құралдары құрылысының негіздері»



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата17.10.2023
өлшемі1.76 Mb.
#480905
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Әдістемелік нұсқау

1.1 Негізгі түсініктер 
 
Қазіргі кездегі доңғалақты және шынжыртабанды кӛліктерде поршеньді 
қозғалтқыштар орнатылған. Бұл қозғалтқыштардың жұмысының негізіне 
газдардың қызғандағы кеңею қасиеті алынған. 
Қозғалтқыш – бір энергия түрін екінші бір механикалық энергияға 
айналдыратын машина
Поршеньді іштен жану қозғалтқыштары келесі негізгі белгілеріне 
байланысты классификацияланады: 
- жұмысшы қоспаның тұтануына байланысты қысыммен температураның 
әсерінен (дизельді қозғалтқыштарда) және еркісіз электр ұшқынның әсерінен 
тұтанатын болады (жағар қоспа жағармай мен ауаның белгілі қатынастағы 
қоспасы, ал оған қалдық газдар қосылғанда оны жұмысшы қоспа деп 
атайды); 



- қоспа әзірлеу әдісіне байланысты сыртта немесе іште әзірленетін 
болады. Сыртта отын мен ауа қоспасын кабюраторда дайындау үрдісі 
кабюраторлы поршеньді қозғалтқыштарда қолданылады, ал іште дайындау 
қысылған ауа мен қалдық газдар қоспасына жағар май бүркіп жұмысшы 
қоспаны дайындау дизельді қозғалтқыштардың жұмыс үрдісіне тән. 
- жұмыс циклын жүзеге асыру әдісіне байланысты екі және тӛрт ырғақты 
болады. Жұмыс циклы иінді біліктің бір айналысында жүзеге асса оны екі 
ырғақты, ал жұмыс циклы иінді біліктің екі айналысында жүзеге асса оны 
тӛрт ырғақты қозғалтқыш деп атайды. 
- қолданылатын отын түріне байланысты бір отын түрінде, яғни сұйық 
немесе газ отынында және бірнеше отында жұмыс істейтін болады. Сұйық 
отын ретінде бензин немесе дизель жағармайы қолданылады. Газ отынына 
сұйытылған, табиғи газды жатқызуға болады. Егер тек бір сұйық инемесе газ 
отыныны қолданылса онда оны бір отынды, ал екі ауыстырмалы отын 
қолданылса оны екі отынды қозғалтқыш деп атайды. 
- цилиндрлер санына байланысты бір және кӛп цилиндрлі болады. 
Әлемдік тәжірибеде екі, үш, тӛрт, бес, алты т.б. цилиндрлі қозғалтқыштар 
қолданылады. 
- цилиндрлерінің орналасуына байланысты бір қатарлы, және екі қатарлы 
немесе V тәрізді болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет