18
1 сурет. Кризистік температура гарфигі.
Бақылау сұрақтары
1. Булардың қасиеті. Қайнау деген не?
2. Агрегаттық күйлер. Әр агрегаттық күйдің қасиеті.
3. Ауадағы су буы деген не? Буды өлшейтін құралдар.
Сабақ № 10
Тақырыбы:1.3.2 Ауадағы су буы. Буды өлшейтін құралдар
Сабақ жоспары
1.Атмосферадағы су буы
2. Салыстырмалы ылғалдық
3. Психрометр мен гигрометр
Ауадағы су буы. Буды өлшейтін құралдар.
Атмосферадағы су буы. Мұхиттардың теңіздердің,
көлдердің және өзендердің
алып жатқан ауданы орасан зор болғанына қарамастан, ауадағы су буы қаныққан
буға жатпайды. Ауа массаларының орын ауыстыруы берілген бір мезетте
планетамыздың бір жерлерінде конденсацияға қарағанда буланудың басым
болуына, ал
басқа бір жерлерде, керісінше, конденсацияның басым болуына
әкеліп соғады. Дегенмен, іс жүзінде, ауада әрқашан да су буының белгілі бір
мөлшері болады.
Ауадағы су буының мөлшері, яғни оның ылғалдылығы бірқатар шамалармен сипатталады.
Су буының парциал қысымы. Атмосфералық ауаның өзі түрлі газдардың және су
буының қоспасы болып саналады. Ауаның өз ішіндегі денелерге түсіретін қосынды
қысымына газдардың әрқайсысы өз үлесін қосады. Егер басқа газдардың барлығы
жоқ десек, онда су буының түсіретін қысымы су буының парциал қысымы делінеді. Су буының
парциал қысымы ауа ылғалдығы көрсеткіштерінің біріне алынады. Оны қысым бірліктерімен —
паскальмен — немесе миллиметрмен алынған сынап бағанасымен өрнектейді.
Салыстырмалы ылғалдық. Берілген бір жағдайларда су буының қанығу күйіне қаншалықты жақын
екені туралы судың парциал қысымына байланысты әлде де қорытынды жасауға болмайды. Ал бұған
судың булану қарқыны және тірі организмдердің ылғалдықты жоғалтуы да байланысты. Міне, осы
себепті берілген температурада су буының қанығудан қаншалықты алыс екенін көрсететін
Достарыңызбен бөлісу: