Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет63/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

1- сурет.Тербелмелі контур. 


59 
және
(4
Электромагниттiк тербелiс кезiнде, әрине, бұл энергиялардың жекелей алғандағы мәндерi тұрақты 
болып қалмайды. Бiрақ конденсатор мен индуктивтi катушканы қосатын өткiзгiштердiң кедергiсiн 
елеместей аз деп есептесек, жүйенiң толық электромагниттiк энергиясы
(5
сақталады. Тербелмелi контурда туындылайтын электромагниттiк тербелiс, механикадағы серіппеге 
немесе салмақсыз созылмайтын жiпке iлiнген жүктiң тербелiсiне ұқсас. Бұл жағдайлардағы 
айырмашылық , тек өзгеретiн шамалардың табиғаттарының әр түрлi болуында.  
Контурдағы еркiн электр тербелiсiнiң периоды. Томсон формуласы 
Контурда туындылайтын еркiн электр тербелiсiнiң периодын табалық. Ол үшiн, алдымен бұл 
контурдағы тербелiс кезiнде өзгеретiн физикалық шамалардың бiрiнiң ( заряд, ток т.с.с.) уақыттан 
тәуелдiлiгiн табу қажет. Бұдан әрi осы тәуелдiлiктен тербелiс периодын анықтау аса қиынға түспейдi. 
Мұндай есептеулер үшiн өзгеретiн шама ретiнде конденсатор астарларындағы электр зарядының 
мәнiн алу ыңғайлы. Оның кез-келген уақыт мезетiндегi мәнiн осы тiзбек үшiн жазылған Ом заңынан, 
не болмаса конденсатор мен индуктивтi катушканың толық энергиясының сақталу заңынан оңай 
табуға болады. Ендi сақталу заңын пайдалана отырып бұл мәселенi қалай шешуге болатынын 
көрсетелiк. Шындығында, (5) өрнегiн уақыт бойынша туындыласақ
немесе
(6) 
Бұдан әрi, ток күшiнiң анықтамасының I=q′ өрнегiн және осы өрнектен туындылайтын I=q″ теңдiгiн 
ескере отырып, (2.6)-дан мына теңдеудi аламыз
Егер бұл жердегi 1/LC – нi ω
0
2
деп белгiлесек
q" + ω
0
2
q = 0 немесе
(7) 
Бұл электр зарядының мәнiне қатысты екiншi реттi сызықтық дифференциалдық теңдеу. 
Математикалық тұрғыдан тура осындай теңдеулердi механикадағы тербелiстердi қарастырған кезде де 
алған болатынбыз. Дифференциалдық теңдеулердi шешу әдiстерi мектеп бағдарламасына кiрмейдi. 
Сондықтан, бұл жерде оны шешудiң жолдарын толық қарастырып жатпай-ақ бiрден шешiмдi 
келтiремiз. Ол мынадай
q = q
m
cos (ω
0
t + φ) (8) 
Ал бұл өрнектiң шынында да жоғарыдағы (2.7) теңдеуiнiң шешiмi екенiне, оны тiкелей осы теңдеуге 
алып барып қоя отырып көз жеткiзуге болады. Алған (2.8) шешiмдi (2.3) өрнегiмен салыстыра 
отырып, бұл жердегi ω
0
-дiң циклдiк жиiлiк екенiн анықтаймыз. Онда бұл жиiлiкке сәйкес келетiн 
тербелiстiң периоды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет