97
Жартылай өткiзгiштердегi тундылайтын iшкi фотоэффект
құбылысы онда қосымша электрондар
мен кемтiктердiң пайда
болуына алып келедi. Бұл жартылай өткiзгiштiң ток өткiзу
қабiлетiн елеулi арттырады.
Оны әдетте фотоөткiзгiштiк деп атайды. Осы фотоөткiзгiштiк
құбылысына негiзделген құралдарды
фотокедергiлер деп атайды. Қарапайым фотокедергiнi әдетте
изолятор пластиналарға жартылай өткiзгiштiң жұқа қабатын жағу арқылы жасайды.
Мұндай
пластиналарға жарық түскен кезде фотоэффект салдарынан туындылаған электрондар мен
кемтiктердiң арқасында тiзбекте фотоөткiзгiштiк пайда болып, ол арқылы ток өте бастайды. Өтетiн
токтың шамасы кедергiден тәуелдi болғандықтан бұл құрал жарық
ағынының өзгерiсiн тiкелей
электр сигналдарына айналдыруға мүмкiндiк бередi. Мұндай фотокедергiлер дыбысты кинода,
теледидарда, автоматтандыру мен телемеханикада кеңiнен қолданылады.
Фотокедергiлер адамдар тiкелей бақылай алмайтын жердегi өтiп жатқан өндiрiстiк үрдiстердiң
қалыпты өтуiн жiтi бақылай алады. Бұл үрдiстердiң қалыпты
өтуi бұзылатын болса сәйкес
фотокедергiге түсетiн жарық ағыны өзгередi де бiз оны фототоктың қалыптан тыс өзгерiсi арқылы
сезiп, үрдiске сәйкес түзетулер жасаймыз.
Фотокедергiлер сонымен қатар әртүрлi халық тұтынатын заттарды өлшемдерi мен түрлерiне қарата
iрiктеуге мүмкiндiк бередi. Қарапайым фотокедергiлер метро стансаларына кiре берiсте
жолаушылардың жолақыны дұрыс төлеуiн қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: