Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Жоғарғы құрсақастылық өрім



Pdf көрінісі
бет182/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Жоғарғы құрсақастылық өрім (plexus hypogastricus superior) омыртқы 
бағанасының (L
ІҮ-Ү
–S
І
) алдыңғы бетінде жалпы мықын артерияларының арасындағы 
кеңістікте орналасады. Екінші сегізкөз омыртқасының деңгейінде өрім екі тармаққа 
(n.hypogastricus dexter ̸ sinister) бөлініп, кіші жамбас қуысының артқы-бүйір қабырғасында 
орналасатын жұп оң және сол төменгі құрсақастылық өрімге (plexus hypogastricus inferior 
s.plexus pelvinus) ауысады. Төменгі құрсақастылық өрім есебінен келесі висцералды 
өрімдер түзіледі: ортаңғы тік ішек өрімі (plexus rectales medii), төменгі тік ішек өрімі 
(plexus rectales inferiores), қуықасты без өрімі (plexus prostaticus), шәует шығаратын 
түтік өрімі (plexus deferentiales), жатыр-қынап өрімі (plexus uterovaginalis) және үңгірлік 
нервтер (nn.cavernosi). 
Вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің 
қызметін біріктіретін және реттейтін орталықтар мишықта, гипоталамус ядроларында 
және жолақты денеде орналасқан. 
Барлық нерв жүйесінің қызметін реттейтін жоғарғы орталықтар үлкен ми 
қыртысында орналасады.
СЕЗІМ АҒЗАЛАРЫ 
Көру ағзасы. 
Көру ағзасы, organum visus, адамның қоршаған ортамен арақатынасын қамтамасыз 
ететін сезім ағзаларының өте маңызды бөлігі болып табылады. Эволюция барысында адам 
көзі түрлі-түсті кескін қабылдап, жарық шоғырына бағыттала қимылдай алатын күрделі 
құрылымды ағзаға айналды. Көру ағзасының құрамына көз, oculus, (грек. оphtalmos
немесе көз алмасы, көру нерві және көздің қосалқы ағзалары кіреді. 


322 
Көз алмасы. 
Көз алмасында алдыңғы және артқы полюстерді , polus anterior et polus posterior
ажыратады. Алдыңғы полюс көз алмасының алдыңғы дөңесінің ортасына, артқы полюс 
артқы дөңесінің орталығына (көру нервінен 2-3 мм сыртқа) сәйкес келеді. Көздің екі 
полюсін қосатын сызық көз алмасының сытқы білігі, axis bulbi externus, деп аталады, 
оның ұзындығы 24 мм. шамасында болады. Сыртқы біліктің мөлдір қабықтың артқы 
бетінен торлы қабықтың ішкі бетіне дейінгі бөлігі, көз алмасының ішкі білігі, axis bulbi 
internus, деп аталады(21,75 мм. шамасында). Алдыңғы полюстен торлы қабықтың орталық 
шұңқыршасына дейін, ішкі білікпен қиылысатын, көру білігі, axis opticus, өтеді. Көз 
алмасының ақ қабық арқылы өтетін ең үлкен көлденең өлшемі -  экватор, equator, 77,6 
мм. шамасында болып келеді. Экваторға перпендикулярлы бағытта өтіп, екі полюсті 
қосатын сызықтар меридиандар, meridiani, деп аталады.
Көз алмасы қабықтардан және ядродан түзілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет