Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет28/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

 
ЕскертуҮлкен шүйде, мойындырық және емізіктәрізді тесіктердегі
түзілістерді бассүйектің сыртқы негізінен қараңыз (6-кесте). 
Бассүйектің бет бөлігі 
Бассүйектің бет сүйектері көзұяны, мұрын қуысын, ауыз қуысын, самайасты
және қанаттәрізді-таңдай шұңқырларын түзуге қатынасады. Самай шұңқыры
бассүйектің мисауыт бөлігіне жатады. 
Көзұя,orbita - төртжиекті пирамида пішінді жұп қуыс. Пирамиданың
негізі алға бағытталып көзұяға кіруін шектейді, aditus orbitae ал
пирамиданың ұшы көру өзегіне жалғасады,canalis opticus. Көзұяда
көз алмасы мен оның қосалқы аппараты орналасқан.
Көзұяға кіру шектелген: 
- мұрын бөлігімен, маңдай сүйектің жоғарғы көзұялық жиегі және бет
өсіндісімен, pars nasalis margo supraorbitalis et processus zygomaticus ossis
frontalis; 
- бетсүйекпен, oz zygomaticum 
- жоғарғы жақсүйектің көзұяасты жиегімен, маңдай өсіндісімен, margo
infraorbitalis et processus frontalis maxillae. 
Әрқайсысы әр түрлі сүйек құрылымдарынан түзілген. 
Көзұяның 4 қабырғасын ажыратады: жоғарғы, латералды, төменгі
және медиалды.Көзұя қабырғаларының толық көріністері 10-кестеде
берілген. 
Көзұяның бассүйектің басқа да топографиялық түзілістерімен
қатынастары 11-кестеде сипатталған.Көзұяның бірқатар қатынастары жеке
сүйектердің бір-бірімен қосылыстарынан пайда болады. Олар: жоғарғы


58 
жақсүйектің маңдай өсіндісінің көз жасы сүйегімен қосылысынан, мұрын –
көзжасы өзегі, canalis naso-lacrimalis, жоғарғы жақсүйек пен сынатәрізді
сүйектің үлкен қанатынан төменгі көзұялық саңылау fissura orbitalis inferior.
Маңдай және торлы сүйектердің қосылысынан алдыңғы және артқы торлы
тесіктер,foramen ethmoidale anterius et foramen ethmoidale posterius
қалыптасады. Көзұя қатынастарындағы түзілістер туралы мәлімет
11-кестеде көрсетілген. 
 
11 кесте. Көзұя қабырғаларының құрылысы
Көзұя қабырғасы 
Қабырғаны құрайтын сүйек құрылымдары 
Қазақша атаулар 
Латынша атаулар 
Жоғарғы қабырға, 
paries superior 
-маңдай сүйектің көзұялық 
бөлігі; 
-сынатәрізді сүйектің кіші 
қанаты; 
-pars orbitalis ossis frontalis 
 
-ala minor ossis sphenoidalis 
Латералды қабырға
paries lateralis 
-сынатәрізді сүйек үлкен 
қанатының көзұялық беті; 
-маңдай сүйек бет өсіндісінің 
көзұялық беті; 
-бет сүйектің көзұялық беті;
-facies orbitalis alae majoris 
ossis sphenoidalis 
- facies orbitalis processus 
zygomaticus ossis frontalis 
- facies orbitalis ossis zygomatici 
Төменгі қабырға, 
paries inferior 
-жоғарғы жақсүйектің көзұялық 
беті; 
-бет сүйектің көзұялық беті; 
-таңдай сүйектің көзұялық 
өсіндісі; 
- facies orbitalis maxillae 
- facies orbitalis ossis zygomatici 
- processus orbitalis ossis palatini 
Медиалды қабырға, 
-жоғарғы жақсүйектің маңдай 
-processus frontalis maxillae 


59 
paries medialis 
өсіндісі; 
-маңдай сүйектің мұрын және 
көзұялық бөліктері; 
-көзжасы сүйек; 
-торлы лабиринттің көзұялық 
табақшасы; 
-сынатәрізді сүйек денесі 
- pars nasalis et pars orbitalis 
ossis frontalis 
-os lacrimale 
-lamina orbitalis labyrinthus 
ethmoidalis 
-cjrpus ossis sphenoidalis 
 
12 кесте. Көзұя қатынастары
Тесіктер атаулары 
Көзұя қатынасатын құрылымдар 
Қазақша атаулар 
Латынша атаулар 
Көру өзегі,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет