Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


 Тіласты сүйегіне бекінетін бұлшықеттер



Pdf көрінісі
бет72/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

2. Тіласты сүйегіне бекінетін бұлшықеттер
1) Тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттер. 
Жауырын-тіласты бұлшықеті: m. omohyoideus 
- басталатын жері: venter inferior - lig. transversum scapulae superius et margo 
superior scapulae; 
- бекитін жері: venter superior – corpus os hyoideum. 
Төс-тіласты бұлшықеті, m.sternohyoideus 
- басталатын жері: facies posterior manubrium sterni, extremitas sternalis claviculae 
және art. sternoclavicularis-тің қапшығы; 
- бекитін жері: corpus os hyoideum 
Төс-қалқанша бұлшықеті: m. sternothyroideus 
- басталатын жері: facies posterior manubrium sterni et cartilagо costae 1
- бекитін жері: linea obliqua cartilagо thyroidea 
 
Қалқанша-тіласты бұлшықеті: m. thyrohyoideus 
- басталатын жері: linea obliqua cartilago thyroidea 
- бекитін жері: corpus os hyoideum 
- қызметі: осы бұлшықеттердің бәрі тіласты сүйегі мен көмейді төмен түсіреді. 
2. Тіласты сүйегінен жоғары орналасқан бұлшықеттер: 


134 
Қос қарыншалы бұлшықетm. digastricus 
- басталатын жері: venter posterior – incisura mastoidea ossis temporalis; venter 
anterior – fassa digastrica mandibulae 
- бекитін жері: екі қарыншасын қосып тұратын сіңірі арқылы corpus os hyoideum-ге 
бекінеді; 
- қызметі: төменгі жақсүйекті түсіреді; төменгі жақсүйек қозғалмай тұрғанда – 
тіласты сүйегін көтереді. 
Біз-тіласты бұлшықеті: m. stylohyoideus 
- басталатын жері: processus styloideus 
- бекитін жері: os hyoideum-нің үлкен мүйізінің негізі 
- қызметі: os hyoideum-ді жоғары және артқа қозғалтады 
Жақ-тіласты бұлшықеті, m. mylohyoideus 
- басталатын жері: linea mylohyoidea mandibulae 
- бекитін жері: ортаңғы сызықта екі жақтағы бұлшықеттер бірігеді де, raphe 
mylohyoideus түзеді; артқы будалары – corpus os hyoideum
- қызметі: os hyoideum-ді алға және жоғары қозғалтады; os hyoideum қозғалмай 
тұрғанда – төменгі жақсүйекті түсіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет