Жалпы отырысы



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата27.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#481765
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
6сентября23-Мажилис-изд

МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек 
Стенографиялық есеп 
29 
Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік органдардың кемшілікке жол беретіні, кейде 
асыра сілтейтіні жасырын емес. Сондықтан экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу 
әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажет.
«Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтату керек. 
Мұндай әрекеттерге тыйым салынған, бірақ соған қарамастан әлі де жалғасып жатқанын 
білемін», – деді Тоқаев. 
Иә, кәсіпкерлерді қудалау әлі тыйылмай келеді. Былтыр кәсіпкерлермен кездесуде 
де Президент бақылаушы органдардың кәсіпкерлерді негізсіз репрессиялық қудалауларын 
тоқтатуды талап етті. 
Былтырғы жылы бес айда прокуратура 100 мың кәсіпкердің құқын қорғауға тура 
келген. Бұл бақылау органдарының кәсіпкерлерге деген қарсы шабуылының қатты 
қарқынын көрсетеді. 
Қолдан жасалған қылмыстық істің дәуірі қызып тұр. 2016 жылы осындай негізсіз іс 
қозғалған 80 компанияның жартысына жуығы, яғни 40 пайызы жұмысын тоқтатқан. Бұл 
қаншама адам жұмысынан айырылды деген сөз. Бірақ құқық қорғау органдары тарапынан 
адал да іскер кәсіпкерлерге ел қазынасын толтыратын ер ретінде қарамай, жеке қалтасын 
толтыратын жем ретінде қарау әлі де жалғасып келеді.
Атышулы 90-шы жылдары кәсіпкерлер қылмыстық топтардан қысым көрсе, қазір 
олардың орнын құқық қорғау органдары басқан. Олардың қудалауларына қарасаңыз, 
құқық қорғау емес, құқық қорлау органы деуге болады. 
Осыдан бір апта бұрын кәсіпкерлерді қудалауды тоқтатуды талай жылдан бері 
көтеріп келе жатқан «Ақ жол» партиясына онға жуық адвокат араша сұрап келді. Олар 
қылмыстық істердің рейдерлікпен басып алу үшін, табысты бизнесті бопсалау үшін 
жасалатынына шағымданды. 
Кәсіпкерді айыптауға нақты дәлел таппаса, құқық қорғау органдары оны өздері 
ойлап табады екен, «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген айып тағады. Ол қандай 
«ұйымдасқан қылмыстық топ» дейсіз ғой? Сөйтсе, кәдімгі кәсіпорынның штаттық 
қызметкерлерінің міндеттерін бөлуі «қылмыстық айғақ» болып табылады екен. 2020 
жылдан бері Ресейде мұндай штаттық қызмет бөлу қылмыс болып саналмайды.
Бұл түсінікті тілмен, қазақша айтқанда, кәсіпкер кәсіпорын құрады, салық төлейді, 
ал мемлекеттік бақылаушы органның, яғни құқық қорғау органының қызметкерлері сол 
салықтан жалақы алып күн көреді, бірақ сол кәсіпорынды құрғаны үшін, қазынаға салық 
төлегені үшін, өзіне жалақы төлегені үшін қудалап, тұтқындауын қалай түсінуге болады?
Алла нәсіп берген кәсіпкерден қылмыскер жасау кімге, не үшін керек? 
Бұл ең алдымен мемлекеттік бақылаушы органдардың қызметінің адалдығына 
күмән келтіреді. 
Жолдауда Мемлекет басшысы салықтық қылмыстар үшін қылмыстық 
жауапкершілікке тарту нормаларының ниетін айқындаудың әділ механизмін енгізуді 
тапсырды.
Субсидия алғандарды сотқа сүйреу көбейді. 
Егер кәсіпкерге салықтарды төлеу, субсидиялар және басқа да жеңілдіктер алу 
кезінде оның кәсіпкерліктің негізгі капиталына салған инвестициясынан он есе аз 
мөлшердегі заң бұзушылықтар үшін айып тағылса, онда мұндай қылмыстық істер 


МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек 
30 
Стенографиялық есеп 
айыптаудың айқын экономикалық сауатсыздығы ретінде дереу тоқтатылуы тиіс. Бір 
жобаға 2-3 миллиард немесе одан да көп қаржы салған инвестор өз жобасынан 100-200 
миллион теңге ұрлады дегенге құқық қорғау органынан басқа кім сенеді?? Бұл барып 
тұрған абсурд.
Біздің ұсыныстарымыз:
1) экономикалық себептермен қозғалған барлық қылмыстық істерді тоқтатуды 
талап етеміз; 
2) Қылмыстық кодекске өзге елдердегідей ресми кәсіпорын қызметкерлерінің 
қызметтік міндеттері ұйымдасқан қылмыстық топтың белгісі бола алмайды деген 
толықтыру енгізілуі тиіс; 
3) Қылмыстық кодекстегі кәсіпкерлерге қысым жасайтын баптарды қысқарту 
қажет; 
4) кәсіпкерліктің негізгі капиталына салған инвестициясынан он есе аз мөлшердегі 
заң бұзушылықтар үшін қозғалған қылмыстық істер тоқтатылуы тиіс. 
5) отандық бизнеске негізсіз тергеу-тексерумен кедергі келтіріп рейдерлік жасауды 
мемлекет мүддесіне қарсы жасалған қылмыс ретінде қарап қатаң жазалау керек. 
Құрметпен «Ақ жол» фракциясы». Рақмет. 
ТӨРАҒА. Құрметті әріптестер, Регламентті сақтаңыздар. 
Депутат Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы. 
ЖАЙЫМБЕТОВ М.Ж. Рақмет, құрметті Ерлан Жақанұлы.
Біздің депутаттық сауалымыз Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі 
Жамаубаевқа. 
«Құрметті Ерұлан Кенжебекұлы! Халықтың таршылық көрмеуі негізінен еліміздің 
бюджетінің қаншалықты әділетті де тұрақты түрде қалыптасуына тікелей байланысты. 
Бүгінгі күні Ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың бюджетке берілетін 
дивиденттеріне қатысты сын да көп, үміт те көп.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 
Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсауды тоқтатып, қаражатты аса қажетті 
инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға 
жұмсалу керектігін назарға салды.
Президент Ұлттық әл-ауқат қорына қатысты сатып алудың тиімсіз жүйесі, еңбек 
жанжалдары, залалдылық, ауқымды жобалардың аяқталмауы, күтіп-ұстауға жұмсалатын 
шамадан тыс шығындар, яғни бұл мәселелерге қоғамның наразылығы бар екендігі туралы 
айтып, Үкіметке және жауапты органдарға тапсырмасын берді. 
2020 жылы Мемлекет басшысы ұлттық компанияларға жылына таза кірісінің 100 
пайызына дейін дивидендтер төлеуі тиіс екенін атап өтті. Осыған орай Үкіметтің 
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер туралы» қаулысына түзетулер 
енгізілген болатын. Алайда айтылған сынға, берілген тапсырмаға біраз уақыт өтсе де 
Ұлттық әл-ауқат қорының мемлекет бюджетіне қаражат бөлуі көңіл көншітпей отыр. 
Атап айтқанда, 2022 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мемлекетке 
берілетін пайданың 70 пайызының орнына тек 10 пайызын ғана төлеген. Нақтырақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет