МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек
28
Стенографиялық есеп
Ағымдағы жағдайға байланысты мал шаруашылығын және жеке қосалқы
шаруашылықтарды дамыту болашағына қауіп төніп тұр.
Осының бәрі күзде мал басының саны мен асыл тұқымды ауыл шаруашылығы
малдарының жойылуына әсер етпей қоймайды. Шөп жоқ болғандықтан мал сойылады.
Деректер бойынша Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола
облыстарында мал көбірек
сойылған. Дәл осы аймақтарда құрғақшылық, жақсару перспективасы жоқ. Мұның бәрі
енді жаңа жылға дейін еттің амалсыз арзандайтынын білдіреді. Бірақ келесі жылы елде ет
тұтыну үздіксіз өсіп жатқандықтан баға тағы көтеріледі деп күтілуде.
Осындай климаттық жағдайларға байланысты ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге құрғақшылық пен өзендердің тайыздануының кері әсерін жою үшін қолдау
мен шұғыл шаралар қажет.
Бұған қоса, қыркүйек айында несиелік ұйымдар – «Қазагроқаржы» АҚ, «Аграрлық
несие корпорациясы» АҚ, несие серіктестіктері, тұқым, гербицидтер мен
тыңайтқыштарды жеткізуші ұйымдар келісімшарт бойынша
ақшаны қайтаруды және
төлемді талап ете бастайды. Бұл ретте несие серіктестіктері банкротқа ұшырайды,
жеткізушілер сот ісін бастайды.
Бірақ қиыншылық мұнымен бітпейді, 2024 жылдың көктемінде егістік маусымы
басталады, диқандардың астықты қай ақшаға себетінін де ешкім ойлаған жоқ. Ағымдағы
өнімді ескерсек, шаруалардың кепілі де, қаражаты да жоқ. Жолдауда Мемлекет басшысы:
«Еліміздің стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығының жетекші ауыл шаруашылығы
орталықтарының біріне айналу. Шағын шаруа қожалықтарын қолдау – ауылды дамыту
үшін түбегейлі маңызды. Етті, сүтті
және астықты терең өңдеу, өнеркәсіптік
жылыжайларды дамыту – біз үшін перспективалы салалар біздің басымдықтарымыз
болуы керек», – деген болатын. Ал мемлекет тарапынан қолдау болмаса, мұның бәрі қалай
жүзеге асады?
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, «Ақ жол» партиясының депутаттары
талап етеді:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен Қазақстан Республикасындағы
ағымдағы жағдай туралы нақты түсініктемелер беруді;
2) құрғақшылық фактілері бар аймақтарда төтенше жағдай жариялауды;
3) республика бойынша агрометеорологиялық
болжамдар туралы алдын ала
ақпарат беруді;
4) осы жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық қолдау
көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылдауды.
Құрметпен «Ақ жол» фракциясының депутаттары.
ТӨРАҒА. Сөз депутат Иса Қазбек Жарылқасынұлына беріледі.
ИСА Қ.Ж. Рақмет, құрметті Төраға.
«Ақ жолдың» сауалы Бас Прокурор Асыловқа.
«Президент биылғы экономикалық Жолдауында кәсіпкерлерді қудалауды
тоқтатуды тағы да көтерді.