Жалпы отырысы



Pdf көрінісі
бет16/26
Дата27.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#481765
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
6сентября23-Мажилис-изд

МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек 
Стенографиялық есеп 
31 
тоқталсақ, 1 триллион 629 миллиард теңге таза табыстың 170 миллиард теңгесін қайтарып 
отыр. Ал тапсырма бойынша бюджетке 1 триллион 140 миллиард теңге қайтару қажет еді. 
Яғни, 970 миллиард теңге мемлекет қазынасына аударылмаған. Бұл қаражат 
республикалық бюджетке құйылса, елдің әл-ауқатын көтеретін жобаларды іске асыруға 
бағытталатын еді.
Өкінішке қарай, әлі де Ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компаниялардың 
табыстары туралы ашықтық және жариялылық сақталмай отыр.
Мысалы, 2022 жылы «Air Astana» басшысы өзіне 394 миллион теңге сыйақы 
төлегені туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жарыса жазды. Ал 
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының деңгейімен салыстыруға келмейтін «Отбасы 
банк» мемлекетке 67 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарды.
Өз кезегінде «AMANAT» партиясы Жолдаудың маңыздылығын ескеріп, Мемлекет 
басшысының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, мемлекеттің қаржысын 
оңды-солды шашып ысырап етуге жол бермеу үшін бүкіл қоғамның күш-жігерін 
жұмылдыруға шақырады. 
Осыған байланысты келесі ұсыныстарды назарға алуыңызды сұраймыз. 
Бірінші. Дивидендтік саясаттағы жүйелілік кемшіліктерді қайта реттеу қажет. 
Екінші. Ұлттық әл-ауқат қоры мемлекетке берілетін 70 пайыз пайдасын толық 
қайтаруды және қайтарылған қаражатты «Жайлы мектеп» жобасына немесе әлеуметтік 
нысандардың бой көтеруіне жұмсауды ұсынамыз. 
Үшінші. Холдингтер мен ұлттық компаниялардың дивидендтік табыстары 
бойынша Парламентке ашық есеп беруін қамтамасыз ету аса маңызды екенін де атап 
өткіміз келеді.
Депутаттық сауалға заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз. 
Құрметпен «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары». 
ТӨРАҒА. Сөз депутат Қасқарауов Данияр Алдабергенұлына беріледі. 
ҚАСҚАРАУОВ Д.А. Құрметті Төраға, құрметті әріптестер! Менің депутаттық 
сауалым 
Қазақстан 
Республикасы 
Премьер-Министрінің 
орынбасары 
Тамара 
Босымбекқызына арналады. 
«Алматы облысында Жетісудың жауһары, еліміздегі жеті кереметтің біріне 
баланған Көлсай көлдері бар. Ұлттық парк аумағындағы ең шұрайлы жерлер кезінде 
жекенің қолына өтіп кеткен. Басында бұл жерлер Ауыл шаруашылық мақсатқа, шабындық 
және жайылымға деп берілген, енді кәсіпкерлер қонақүй, бассейн, дәмхана салып жатыр. 
Мәлімет бойынша бірде-біреуінің құрылыс салуға рұқсат қағаздары жоқ. Жер мақсатсыз 
пайдаланылуда. Ал ұлттық парк аумағында капиталды құрылыс жүргізуге болмайды 
деген ережені ешкім елемейді. Құзырлы орындар да оны тексеруге, шара қолдануға 
құлықсыз.
Ресми мәлімет бойынша соңғы бір жарым жылда Көлсай көлдеріне жарты миллион 
турист келіпті. Көлдің айналасында бос жер жоқ. Айналаның бәріне шамамен үш жүздей 
киіз үй мен тамақтану шатырлары тігілген. Ешқайсысында дәретхана жоқ. Таулы аймақта 
кәріз жүйесі болмағандықтан шайынды сулар мен нәжіс жерге сіңіп жатыр. Септик, 


МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек 
32 
Стенографиялық есеп 
ассенизатор деген атымен жоқ. Осылайша тұмса табиғаттың экологиясы бұзылуда. Қала 
берді түтіні будақтаған көліктер көлдің басына дейін барады. Ал Алматыдағы Медеу мен 
Шымбұлақ шатқалдарына тек электромобильдердің кіруіне ғана рұқсат берілген. Екеуінің 
де ұлттық парк деген мәртебесі бар. Сондықтан Көлсайға да сондай шектеу енгізбесек, 
енді бес-алты жылда еліміздегі ең көрікті жерден айырылып қаламыз.
Біз сыртқа кеткен активтерді қайтарамыз деп жаңа заң қабылдадық. Ел ішінде де 
кезінде қолды болған, арзан бағаға сатылған, заңсыз өзгенің иелігіне өткен осындай 
шұрайлы, ерекше қорғауды қажет ететін жерлер бар. Арнайы комиссия құрылып соларға 
кешенді тексеру керек.
Осы ретте жалғыз Көлсай емес, барлық ұлттық парк аумағындағы сатылған, ұзақ 
жылға жалға берілген жерлердің заңдылығын тексеріп, мемлекет меншігіне қайтару қажет 
деп санаймын.
Құрметпен Д. Қасқарауов». 
ТӨРАҒА. Сөз депутат Сатыбалдин Ерболат Жалғасбайұлына беріледі. 
САТЫБАЛДИН Е.Ж. Рақмет, құрметті Ерлан Жақанұлы.
Депутаттық сауал Скляр мырзаға. 
«Құрметті Роман Васильевич! Жылу маусымы басталысымен Ұлытау облысы 
көмір тапшылығын қатты сезінетін аймақтардың бірі. Іргесінен газ магистралі өтіп жатса 
да облысқа қарасты ауылдық елді мекендердің тұрғындары 100 пайыз көмір тұтынуға 
мәжбүр. Дегенмен биылғы жылы «Шұбаркөл Көмір» АҚ ішкі нарыққа көмір 
босатпайтыны жөнінде хабарлама жасады. Осылайша іргесінде ірі көмір бассейні бар 
облыста жасанды көмір тапшылығы болу қауіпі туындап отыр.
Іргедегі «Арселор Митталдың» тірлігі қайғы жұттырып отырғанда халықтың 
несібесін ауыздан қағып отырған Шодиев пен Машкевичтің ойлағаны не? Бұл қазақты 
қорлау ма, әлде Үкіметке көрсетілген доқ па?
Ағымдағы жылыту маусымында қимада көмір алып кету пунктін жабу туралы 
шешім халық арасында үлкен наразылық тудыруда. Сондықтан облыс тұрғындары 
«Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның бөлімінде алып кету пунктін ашуды талап етіп отыр. 
Құрметті Роман Васильевич! «AMANAT» партиясының 2023 – 2027 жылдарға 
«Халықпен 
бірге» 
бағдарламасында 
біз 
энергетика 
саласын 
реформалауды 
жалғастырамыз, бұл ретте делдалдардан және олардың тарифтік әсерінен құтылу қажет 
деп нақты көрсетілген.
Жоғарыдағы жайттарды ескере келіп, «Шұбаркөл», «Жалын» көмір орындары 
Ұлытау облысы тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету мақсатында көмірді қимадан 
босатуды жылу маусымы бойынша үзіліссіз ұйымдастыруына ықпал етуіңізді сұраймыз.
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері». 
ТӨРАҒА. Сөз депутат Смышляева Екатерина Васильевнаға беріледі. 
СМЫШЛЯЕВА Е.В. Спасибо, Ерлан Жаканович. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет