Жалпы отырысы



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата27.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#481765
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
6сентября23-Мажилис-изд

МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек 
Стенографиялық есеп 
23 
разработать и утвердить единый типовой банковский договор займа для кредитных 
линий МСБ, в котором будут четко указаны обязательства сторон, причем без права их 
расширения; 
понизить базовую ставку Национального Банка; 
обязать банки второго уровня финансировать МСБ не менее 30 процентов от 
портфеля. 
С уважением, депутаты фракции ДПК «Ак жол». 
ТӨРАҒА. Сөз депутат Сәрсенғалиев Нартай Аралбайұлына беріледі. 
СӘРСЕНҒАЛИЕВ Н.А. Рақмет, Ерлан Жақанұлы.
Депутаттық сауалым Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші 
орынбасары Роман Склярға. 
«Құрметті Роман Васильевич! Бүгінгі депутаттық сауалыма оттан көйлек киіп 
жүрген жанкешті азаматтардың жанайқайы себеп.
Үлкен жұмысты кішкентай жалақыға атқаруға мәжбүр азаматтарды Үкімет 
қашанғыдай қазынаның қазанына жолатпау үшін барын салып жатқандай. Сөзіме дәлел, 
Абай облысында орман өрті болып, ондаған азаматымыздан айрылған соң Экология және 
табиғи ресурстар министрі орманшылардың жалақысы үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен 
бастап өседі деп ақпарат құралдарынан ақтарылып сөйледі. Күн сайын өмірлерін 
болмашы жалақы үшін бәйгеге тігіп жүрген мамандар қуанды. Бірақ қуаныштары ұзаққа 
бармады, себебі Үкімет бұл саладағы қызметкерлердің тең жартысын ұмытып кеткен. 
Атап айтқанда, 1 шілдеден бастап жалақысы өскендердің санатына «Орман және 
жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мекемелердің директоры, директордың 
орынбасары, Орман өртін сөндіру станциясының басшысы, аңтанушы, орманшылық 
басшылары сынды бірқатар мамандары кірген. Бірақ осы мекемедегі өрт сөндіру 
станциясының сарбаздары, трактор жүргізушісі, автокөлік жүргізушісі, өрт сөндіру 
автокөлігінің жүргізушісі, тұқымбақ жұмысшылары, радиобайланыс операторы, автокөлік 
жөндеушісі, ағаш құлатушысы, қарауылшық, кіші қызметкер, бас есепші, экономист, 
есепші-кассир, заңгер, механик, шаруашылық меңгерушісі, кадр маманы, іс жүргізуші 
лауазымдарындағы қызметкерлердің айлығына көк тиын да қосылмай қалды».
Ертең Үкімет тағы біреуді ұмытып кетпесін деп бұның барлығының лауазымдарын 
тізіп айтып отырмын. 
«Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы орман шаруашылығында қызмет ететін 
өрт сөндірушілер 70 мың теңге айлық алатынын білеміз. Одан және салық ұсталады. 
Алматы облысындағы орманшыларда да осы жағдай. Қазіргі қымбатшылықта бұл ақша 
түкке де жетпейді. Орманшылардың жалақысын өсіреміз деген бастама айналып келгенде 
осылайша ұжымдарды екіге бөліп тастады. 
Біздің депутаттарға келген хатты Экология және табиғи ресрустар министріне 
жіберіп едім, сырғытпа жауап келді, яки «жалақысы өспеген мамандарға жергілікті 
бюджеттен қаржы қарастырылсын» деген, бірақ жергілікті бюджетте аталған мақсатқа 
қаржы қаралмаған. Бұл бірінші мәселе.


МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек 
24 
Стенографиялық есеп 
Екінші мәселе – орман шаруашылығындағы техникалар әбден тозған, тракторлар 
жүрмейді, көліктер баяғыда темір-терсекке айналған. Бұл елдегі бүкіл орманшылардың 
арызы деп қарау керек, өйткені керемет жасақталған бірі жоқ.
Ұсыныстар. 
Біріншіден, орман шаруашылығындағы қызметкерлердің барлығын бөліп-жармай, 
еліміз бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерде қызмет 
ететін мамандардың бәрінің айлығын дереу 100 пайызға көтеру керек. Бұл – «AMANAT» 
фракциясы депутаттарының ұстанымы. 
Екіншіден, орманшыларға қажетті материалдық-техникалық базаны 100 пайызға 
жаңарту керек. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл шаруаны тек 2027 жылы 
іске асырамыз депті. Бірақ 2020 жылы Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл 
ішінде 2 миллиард түп ағаш отырғызу бойынша тапсырма бергенін ескерсек, орманшылар 
аталған аумақтарды тілсіз жаудан немен қорғайды?
Үшіншіден, орман отырғызу жұмыстарын науқаншылықпен бастап кетпей, 
алдымен топырақтың жарамдылығын тексеретін ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу қажет. 
Мәселен, Батыс Қазақстан облысында 1 мыңнан астам гектарға орман отырғызылады 
делінген, бірақ тексеру барысында ол жерлердің бестен бірі орман отырғызуға мүлдем 
жарамсыз екені анықталған. Бұл мәселе еліміздің барлық аймағына қатысты.
Осы депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша жауап 
күтеміз. 
«AMANAT» партиясының фракция мүшелері депутаттар Н. Сәрсенғалиев, 
Ж. Әшімжанов». 
ТӨРАҒА. Сөз депутат Баққожаев Анас Ахатұлына беріледі. 
БАҚҚОЖАЕВ А.А. Рақмет, Ерлан Жақанұлы.
«Ауыл» фракциясы депутаттарының депутаттық сауалы Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғаринге жолданады. 
«Құрметті Серік Мақашұлы! Қазақстанда суыққа тоңып, ыстыққа күйіп, ел асырап, 
жыл бойы еңбек етіп, ауыл тұрғындарына қамқоршы болып келе жатқан тек қана 
шаруалар. Өкінішке қарай, осындай азаматтардың өндірген өнімін тұрақты, кепілді түрде 
сатып алатын жүйе жоқ деп біз ашық айта аламыз.
Шаруаларға алдын ала ақша төлеп, жүн мен тері, сиыр, жылқы, қой етін сатып 
алатын, оны өңдейтін «Мал өнімдері корпорациясы» деген ұйым бар еді. Үкімет қажетсіз 
деп санап оның да көзін жойды. 
Өсімдік шаруашылығында түрлер өте көп, бірақ «Азық-түлік келісімшарт 
корпорациясының» сатып алынатын өнімі тек қана арпа мен бидай. Оның өзінде сатып 
алу көлемі оннан бір бөлігіне де жетпейді.
Ресейден арзан өнім келді. Диқаншыларды қуаңшылық шалды. Баға түсті. Міне, 
осындайда бұл азаматтарды кім қолдайды?
Естеріңізде болсын, халық Үкіметтің жұмысын субсидиямен, бағдарламалармен 
бағаламайды, тұрақтылықпен бағалайды. Егер өндірілген өнім сатылмаса, «Үкімет түк 
бітірмей жатыр» деген жаман ой туындайды, халықтың болашаққа деген сенімі сетінейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет