Жалпы отырысы



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата27.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#481765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
6сентября23-Мажилис-изд

МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек 
Стенографиялық есеп 

кәсіпкерлік субъектілердің қызметін реттеу мен ұйымдастыруға мемлекеттің 
қатысуын азайтуға; 
тасымалдау процесіне қатысушылардың ұйымдастырушылық шешімдерді 
қабылдау барысына қатысу мүмкіндігін кеңейтуге; 
қажетті стандарттар мен қағидаларды жедел қабылдауға бағытталған. 
Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге 
дайын. 
Қолдауларыңызды сұраймын. Рақмет.
ТӨРАҒА. Нұртай Салихұлына сұрақтарыңыз бар ма? 
ОРНЫНАН. Жоқ. 
ТӨРАҒА. Онда осы мәселе бойынша қаулыға дауыс берулеріңізді сұраймын. 
Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» – 93, «жақтағандар» – 92. 
Шешім қабылданды.
Келесі мәселе «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 
кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. 
Сөз Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы депутат Имашева 
Снежанна Валерьевнаға беріледі.
ИМАШЕВА С.В. Құрметті Ерлан Жақанұлы, құрметті әріптестер! Аталған заң 
жобасы Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарына сәйкес 
әзірленді. 
Заң жобасының басты мақсаты әкімшілік-деликтік заңнаманы одан әрі жетілдіру 
болып табылады. 
Атап айтқанда: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қоғамдық 
жұмыстарға тарту түріндегі әкімшілік жазаны енгізу, оны орындау тетігін және 
жазалаудың осы түрі қолданылатын құрамдарын айқындауға; әкімшілік құқық бұзушылық 
туралы істерді жүргізу кезінде күштеп әкелу мәселелерін заңнамалық регламенттеуге; іс 
жүргізу қысқартылған тәртіппен жүзеге асырылатын жағдайларда жаңадан ашылған мән-
жайлар бойынша істерді қайта қарау тәртібін құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға 
бағытталған. 
Сонымен қатар заң жобасы Президент жанындағы Құқық қорғау және сот 
жүйелерін реформалау жөніндегі комиссия әзірлеген және Мемлекет басшысы мақұлдаған 
түзетулерді іске асыру, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде істерді жүргізу тәртібін 
жетілдіру бойынша нормаларды көздейді. 
Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын. Қолдауларыңызды сұраймын. 
ТӨРАҒА. Снежанна Валерьевнаға сұрақтарыңыз бар ма? 
ОРНЫНАН. Жоқ. 


МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек 

Стенографиялық есеп 
ТӨРАҒА. Онда осы мәселе бойынша қаулыға дауыс берулеріңізді сұраймын. 
Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» – 93, «жақтағандар» – 93. 
Шешім қабылданды.
Келесі мәселе «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва 
Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша 
құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы 
хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша 
қорытынды әзірлеу жөнінде. 
Бұл заң жобасы бойынша да сөз Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің 
төрайымы депутат Имашева Снежанна Валерьевнаға беріледі.
ИМАШЕВА С.В. Құрметті Ерлан Жақанұлы, құрметті әріптестер! Заң жобасы 
аталған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға бағытталған. 
Хаттама тараптардың шартта тағайындалған орталық органдары, олардың 
атауларының, функциялары мен байланыс деректерінің өзгеруі туралы бір-бірін хабардар 
ету тәртібін өзгерту мақсатында жасалған. 
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес хаттама ратификациялауға жатады.
Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын. Қолдауларыңызды сұраймын. 
ТӨРАҒА. Снежанна Валерьевнаға сұрақтарыңыз бар ма? 
ОРНЫНАН. Жоқ. 
ТӨРАҒА. Онда осы мәселе бойынша қаулы жобасы дауысқа қойылады. 
Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» – 92, «жақтағандар» – 92. 
Шешім қабылданды.
Келесі мәселе «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен 
Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының 
шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. 
Сөз заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы депутат Имашева 
Снежанна Валерьевнаға беріледі.
ИМАШЕВА С.В. Құрметті Ерлан Жақанұлы, құрметті әріптестер! Аталған 
келісімге өзгерістерді көздейтін хаттама 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында 
жасалды. 
Хаттаманы ратификациялау бір тарап мемлекеті азаматтарының екінші тарап 
мемлекетінің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Атап айтқанда, бұл хаттама екі ел азаматтарының Қазақстан немесе Өзбекстан 
аумағында болған кезде күнтізбелік 30 күн ішінде міндетті тіркеуден екіжақты босатуды 
көздейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет