өтініш.
_________________________________________________________________
қала (кенті, ауылы)
елдімекені аумағында тұратын, ЖСН _________________________________,
__________________________________________________________________
(баланың Т.А.Ә. (бар болса) қағаз түрінде толтырған жағдайда)(бар болғанда)
______________________ жылы туған баламды мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу
үшін кезекке қоюды сұраймын.
Хабардар етемін, бала (керегін көрсету):
1) әскери қызметшінің, оның ішінде қызмет атқару кезінде қаза тапқанның, қайтыс болғанның
немесе хабар-ошарсыз кеткеннің баласы (құжаттың көшірмесі);
2) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, оның iшiнде қызмет атқару кезінде қаза тапқан,
қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкердің баласы (құжаттың көшірмесі);
3) заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың баласы;
4) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала (құжаттың көшірмесі);
5) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;
6) жетім бала;
7) көп балалы отбасыдан шыққан бала;
8) педагогтің баласы;
9) мүгедек баласы бар отбасынан шыққан бала;
10) жоғарыда аталған санаттардың біреуіне қатысты емес болып табылады.
Мені берген өтінішімнің жағдайындағы өзгерістер туралы төмендегідей әдістермен хабардар
етуіңізді сұраймын:
1) мобильді телефондардың мынадай нөміріне ерікті нысанда жазылған электронды смс(sms)-
хабарлама (екі нөмірден көп емес):
______________________________________________________________;
2) ерікті нысанда жазылған электронды email хабарлама: __________________________
бойынша.
(Өмірлік жағдайлар өзгергенде, кезектегі өтініштің жай-күйі өзгеруі мүмкін. Кезектегі
өтініштер баланың туған жылына (күнтізбелік жыл) қарай өтініш берілген күннің басымдығы
тәртібінде топтастырылады).
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім
беретіндігімді растаймын.
Қолы _______________ Күні _____________
Мектепке дейінгі білім беру
саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
2-қосымша
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін)
кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көрсетілетін қызметті
берушінің атауы
Мемлекеттік корпорация, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы
және Шымкент қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы
бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, қаладағы
аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің,
ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері.
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну
тәсілдері
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету
нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "Азаматтарға
арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық
емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан
әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету
мерзімі
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға,
порталға жүгінген сәтінен бастап – 30 минут.
4
Мемлекеттік қызмет көрсету
нысаны
Электронды және (немесе) қағаз түрінде.
5
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің нәтижесі
Кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда) немесе
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді
жауап.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету
кезінде көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлем
мөлшері және Қазақстан
Республикасының
заңнамасында көзделген
жағдайларда оны алу
тәсілдері
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
7 Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін
қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс
кестесі бойынша дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден
14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету
нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен
сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп
қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда,
белгіленген жұмыс кестесі бойынша дүйсенбі мен сенбіні қоса
алғанда түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау "электронды" кезек тәртібінде жеделдетіп қызмет
көрсетусіз көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша
жүзеге асырылады, электронды кезекті портал арқылы
брондауға болады;
3) портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты
техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы ( көрсетілетін
қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанда жүгінгенде,
Қазақстан Республикасында еңбек заңына сәйкес демалыс және
мереке күндерін қоспағанда, өтініштерді қабылдау және
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде
беріледі).
8
Мемлекеттік қызмет көрсету
үшін қажетті құжаттар
тізбесі
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік
корпорацияға жүгінгенде:
1) Қағидаларға
1-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің
немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін) жеке басын
куәландыратын құжат;
4) әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган
қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және
уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда)
(берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
5) білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен
расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген
күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның
сканерленген көшірмесі;
6) ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның
қорытындысы (бар болғанда);
7) фтизиатр-дәрігердің қорытындысы;
8) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын
растайтын құжаттар (бар болғанда).
Көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік
корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын
құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға
бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы
мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден
"электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік
корпорацияның қызметкері Қазақстан Республикасының
заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету
кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиясы
бар мәліметтерді пайдалануға келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы кент, ауыл, ауылдық округ
әкіміне жүгінгенде, құжаттардың түпнұсқаларын (сәйкестендіру
үшін) және көшірмелерін ұсынады.
Порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-
қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін
қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат
нысанындағы өтініші;
2) әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган
қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және
уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтаманың (бар болғанда)
(берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды) скан-
көшірмесі;
3) ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация
қорытындысының (бар болғанда) сканерленген-көшірмесі;
4) фтизиатр дәрігердің жолдамасы.
Порталға жүгінгенде: электронды сұрау көрсетілетін қызметті
алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат
нысанында немесе бір реттік құпиясөз енгізу арқылы жүзеге
асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы
куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу
құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін
қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден
"электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Порталда электронды сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті
алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.
9
Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген
мемлекеттік қызмет
көрсетуден бас тарту үшін
негіздер
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін
қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы
деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік
қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың,
объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің, оның ішінде
электронды нысанда және
Мемлекеттік корпорациясы
арқылы көрсетілетін
қызметтердің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын
өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік
корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің
рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік
корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ
уақыты – 15 минут.
Организм функцияларының тіршілік әрекетін шектейтін
денсаулығы тұрақты бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар
қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығының 1414,
8 800 080 7777 нөмірлеріне жүгінгенде, Мемлекеттік
корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін
құжат қабылдауды олардың тұрғылықты жерінде жүргізеді.
Егер баланың мектепке дейінгі ұйымда болуына кедергі
келтіретін медициналық қарсы көрсетілімдер болса, онда ол
мектепке дейінгі ұйымға қабылданбайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету
тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол
жеткізу тәртібінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін
қызметті берушінің интернет-ресурсы, мемлекеттік қызметті
көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, сондай-ақ
Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама
қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің
www.edu.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік
көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай
байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша кезекке
қою жөніндегі мемлекеттік қызмет "Бала тууды тіркеу, оның
ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметімен
жиынтықта "бір өтініш" қағидасы бойынша көрсетіледі.
Мектепке дейінгі білім беру
саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
3-қосымша
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болғанда)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекен-жайы)
Достарыңызбен бөлісу: |