Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет22/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Dissertation1

қарапайым-бейімделушілік деңгей қызметін жаңа бастаған маманға тән, оның 
мақсаты оған қойылатын талаптарға бейімделу, яғни пернетақтада, түрлі 
перифериялық құрылғыларда жеткілікті дәрежеде сенімді жұмыс жасау, 
компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін білу және оқытуды жандандыру, оқу-
тәрбие үдерісін тиімді басқару мақсатында дайын бағдарламалық әзірлемелердің 
жиынтығын пайдалана білу. 
Бұл деңгейдегі мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін ақпараттық 
көздерге жоғары сұраныс тән, әсіресе АКТ-ны пайдалану қызметін меңгеру және 
оған бейімделуге көмектесетін жаппай компьютерлік оқыту жөніндегі 
әдістемелік әдебиет дидактикасына деген қажеттілік жоғары болады. 
Сонымен бірге арнайы әдебиетті оқуға, оқу-тәрбие үдерісінде АКТ-ны 
қолдану саласындагы озық педагогикалық тәжірибені зерделеуге деген 
қажеттілік 
басымдық 
алады.Соңында 
АКТ-ны 
пайдалану 
қызметі 
функционалдық-компьютерлік біліктілікке сәйкес келеді. 
Функционалдық-ізденушілік деңгейі қызметтің сапалық тұрғыдан жаңа 
деңгейі болып табылады. Бұл деңгейдегі педагогтар үшін автоматтандырылған 
оқу курстарын құру қағидаларын білуге және оқу-тәрбие үдерісінде оларды 
пайдалана білу ептілігіне деген қажеттілік тән. Осы деңгейдегі еп-дағдыларда 
компьютерлік технология негіздері жөніндегі ақпаратты теориялық 
тұжырымдауға, оны дидактикалық-әдістемелік проблемаларды шешу мәселесі 
маңына топтастырумен байланысты зияткерлік сұраныстар басымдық алады. 
Жүйелік-шығармашылық деңгей кәсіби білімі жоқ мамандар үшін тиісті 
білім мазмұны мен еп-дағдыларын дамытудың жоғары деңгейін болжайды. Ол 
жоғары деңгейде бағдарламалау тілдерін сенімді меңгерген және кәсіби 
мүдделер 
шеңберін 
сауатты 
меңгергендерді 
компьютерлендірудің 


66 
энтузиастарына жатқызады. Бұл деңгейдегі қызметтің мақсаты - АКТ-ны 
пайдаланудағы еп-дағдыларды жетілдірудің авт
орлық сұраныстарын және 
қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Ол шығармашылық еңбекке деген жеке 
қабілеттерді іске асырумен, кәсіпті меңгеру арқылы өзін-өзі көрсетуге, АКТ-ны 
пайдаланудың жеке педагогикалық тәжірибесін әлеуметтендірумен, жеке іс-
тәжірибені жариялау арқылы оқып-үйренушілердің кең топтарына жеткізумен 
байланысты. 
Сонымен, мектепке дейінгі ұйымдарда АКТ-ны пайдалану қызметі үздіксіз 
білім беру аясында шығармашыл еңбекке деген қабілетті іске асыруға 
бағытталған, жеке тұлғаның еркін және серпінді түрде компьютерлік-
сауаттылық дамуын көздейді. 
Адамның білім-тәрбиелік қалыптасуындағы
мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің АКТ пайдалану қызметі «ақпараттық хабардарлық», «ақпараттық 
сауаттылық», «ақпараттық білімділік», «ақпараттық мәдениет» сияқты маңызды 
санаттардың бірлігі мен сабақтастығына байланысты, ал одан кейінгісі 
«ақпараттық идеология» екендігін баса айтқан жөн. Оларды біз жаппай 
ақпараттық сауаттылыққа баулу, өндірісті электронды ретке және кешенді 
автоматтандыру, адам қызметінің барлық салаларына жаппай компьютерлік 
техниканы енгізу жағдайларындағы оқу-тәрбие үдерісіндегі жалпы стратегияны 
сезіну деп түсінеміз [141]. Бұл үдеріс кәсіби деңгейге дейінгі және балабақша, 
кәсіби және кәсіби деңгейден кейінгі сияқты кезеңдерден тұратын жүйеде іске 
асырыла алады. 
Біздің тұжырымдауымызша, цифрландыру жағдайында өздігінен білім 
алудың мобильдік технологиясы коммуникациялық, компьютерлік, желілік, 
мультимедиалық, мобильдік және т.б. біріктіреді. Олардың жиынтығын 
өздігінен білім алу ортасы деп атауымызға болады. Өздігінен білім алу ортасы 
жаңа ұғым, әлі күнге дейін анықтамасы нақты емес. Алайда, бұл ұғымның мәні 
былай түсіндіріледі: өздігінен білім алу ортасы - ақпараттық, мобильдік, 
техникалық, оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру, білім алу үдерісінің субъектісі 
ретіндегі тұлғамен үздіксіз байланысы [127]. Өздігінен білім алу ортасы - 
педагогикалық жүйеде және оның қамтамасыз ету құралы.
Біздің тұжырымымыз бойынша, өздігінен білім алу ортасы: Өздігінен білім 
алуға, мәлімет жинау, сақтау, өңдеу, қайта жаңғыртуға, ұсыну, тарату әдіс-
тәсілдері мен құралдарының жиынтығы; Оқыту үдерсінің білім алушыларының 
бірлігі, өздігінен білім алу ортасына арналған заманауи құралдарды қолдануы; 
маман даярлау үдерістің үлгісі ретінде субъектілердің (болашақ педагог және 
оқытушы) өзара қатынасын анықтайтын іс-әрекет және оқыту құралы.
Сонымен қатар, өздігінен білім алу ортасын құру цифрлық технология 
арқылы білімді басқару болып табылады. Бүгінгі ақпарат легінің көбеюіне 
байланысты болашақ МДҰ педагогтары да, оқытушы да цифрлық технологияны 
қолдануға дайын болуы керек. Өздігінен білім алу ортасында оқу үдерісін 
ұйымдастыру болашақ МДҰ маманы үшін келесідей болуы шартты:
- ашық ақпараттық ресурстардың болуы; 
- кітапхана қорларын ғаламтор желісі арқылы еркін қолдана алу мүмкіндігі; 


67 
- мобильді құралдарды оқу үдерісінде қолдануы; 
- оқу материалдарының анимациялық, мультимедиялық компоненттерінің 
болуы; 
- оқу нәтижесін болашақ педагог-тәрбиешілердің өздері бағалауы;
- оқытуда өзіндік жылдамдықтың болуы.
Оқу пәндері бойынша оқытушылар мен болашақ МДҰ педагогтері
арасында қарым-қатынастық байланыс аумағы кеңейе түседі. Оқытушылар үшін 
білім беру ресурсы кеңейеді. Болашақ МДҰ педагогтерінің білім алу 
мониторингі автоматты түрде жүргізіліп, оқу материалдарын жеткізу тәртіпке 
келтіріліп, оқу үдерісін болашақ МДҰ педагогтері қажеттілігіне қарай 
қарастыруға мүмкіндік алады, дәріс сабақтары қарым-қатынастық формаға 
ауыстырылады.  
Бүгінде білім беру үдерісінің ерекшеліктері, болашақ МДҰ педагогтерінің
өмір сүрген ортасы және іс-әрекеті өздігінен білім алу ортасында жүзеге асатын 
болғандықтан, өздігінен білім алу ортасында заманауи технологиялардың 
түрлерін: ғаламтор желісі, мобильді құралдарды, электрондық оқулықтарды, 
мультимедия, презентация технологиясы, интерактивті тақтаны қолдануы қажет. 
Педагогика ғылымында жаңа бағыт - цифрлық технология бағыты пайда 
болып және қарқынды түрде дамып жетілуде, яғни бұл көпшілікке қарым-
қатынас құралдарының - теледидар, баспасөз, бейнежазба, мобильді құралдар 
ғаламтор желісі және т.б. материалдары негізінде білім алу болып табылады. 
Болашақ МДҰ педагогтердің мүмкіндіктеріне сәйкес қолданылатын электронды 
оқу материалдары: электронды энциклопедиялар мен СD дискідегі оқу курстары, 
оқу құралдары мен Web-технологиялар мен презентация технологиялары, 
интербелсенді тақталар, ғаламтордың жаһандық жүйесі, ашық онлайн курстар, 
Web-бинар сабақтар, мобильді қосымшалар, Power Point презентация редакторы. 
Мұндай технология қолдану бір мезгілде анимацияны, дыбысты, графиканы, 
бейнені, мәтінді, санды көрсетуге мүмкіндік алды және сезім мүшелері арқылы 
ақпаратты қабылдау қамтамасыздандырылады.
Бүгінде заманауи технологияларды пайдалану кәсіби өздігінен білім алу 
үдерісінің қатысушыларына ақпараттардың қолжетімділік көлемін кеңейтті. 
Сонымен қатар, мобильдік оқыту және оның интеграция қашықтықтан білім 
алуы, ашық онлайн курстар бойынша қазіргі ғалымдар көптеген ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын іске асыруда. Айта кету керек, ЖОО-да мобильді оқытуды дамыту 
бойынша жүйелі жұмыс жасалуда.
Алайда, педагогикалық білім беру жағдайында мобильді оқытудың 
мәселелері, мобильді оқытуды ендіру болашақ мұғалімдер мен оқытушылардың 
дайындығы үшін қолданылуда психологиялық тұрғыда әсер етіп, мобильді 
оқытуды ұйымдастыруға, әлеуметтік қызметтер көрсетуге ықпал етуде. 
Сонымен бірге, білім алушылар үшін мобильді құрылғылар тесттілеу құралы 
ретінде қолданылуда [127]. 
Мобильді технологияның дамуына техно-бағдарланған ағымына тәуелді 
анықтама берушілер. Алайда J.Traxler өз зерттеуінде, мобильді оқытуды басқа 
оқыту түрлерінен ерекшелігі оның электронды түрде оқытылуымен 


68 
байланыстырды. Электронды оқыту дегеніміз ол «барлық жағдайда да 
орындалушы» және «уақытында орындаушы», «мен үшін қолжетімді», және 
«тек мен үшін» тиімді. Білім алушы үшін «Мобильділік» көптеген рөл атқарады 
және мобильді оқуға мүмкіндік береді. Бұл саяхатта жүріпте білім алу, көлік 
айдап бара жатып та білім алу, серуенге шығып та білім алу, «хендс-фри» 
(қолдарды да жұмылдыру арқылы) білім алу, «айз-фри» (көздерді де жұмылдыру 
арқылы) білім алуды айтамыз. Мұның барлығы да мобильді оқытуды анықтауға, 
түсінуге, жүзеге асыруға әсер етеді [125].
Білім беруге деген ынта, қызығушылықты, электрондық оқулықтар мен 
энциклопедиялар, кітаптар, құжаттамалар, фотоальбомдар және т.б. көрсету 
арқылы жүргізіледі, заманауи технологиялар оқу үдерісінде қолдануды 
оңтайландыру, білім беру сапасына диагностикалық зерттеу сияқты құрамды 
компоненттерден тұратын практикалық дидактикада, сонымен бірге, оқыту әдіс-
тәсілдерінің ақпараттық-пәндік қамтамасыз етуде көрініс табады. Ақпараттық 
әсер ету күшіне қарай, білім берудің барлық деңгейінде, алғашқы орындар 
заманауи технологиялық өнімдерге тиесілі болды, содан кейін - білім беру 
саласындағы болашақ мұғалім алынады деп И.В.Трайнев өз тұжырымын 
жасаған [131]. Зерттеу барысында ғалымның осы тұжырымын басшылыққа ала 
отырып, көру әсері аудио құралдар арқылы алынған нәтижелерде жақсы ықпал 
етеді, себебі көру және есту мүшелері қабылданған ақпарат ұзақ есте сақтауға 
әсер етеді. Бұдан оқытудың қарапайым кино, теледидар сияқты аудиовизуалды 
құралдарының маңыздылығын атап өтуге болады.Бұл білім алудағы 
психологиялық мүмкіндіктерідің бірі болып табылады. Алайда, қажетті 
педагогикалық аспектіде заманауи дидактикалық материалдар мен әдістемелер 
болмаса, білім алу пайдасыз және болашақ МДҰ педагогтеріне кереғар ықпал 
етуі әбден мүмкін.
Сонымен, біз білім берудегі цифрлық технология деп, ақпараттың алуан 
түрлері арқылы интербелсенді түрде, білім алудың мазмұнына ұсынылатын 
дидактикалық бағдарламалық құралды атаймыз. Мұндай құралдарды біріктіре 
отырып қолдану, білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға, жүзеге асыруға 
ықпал етеді деп тұжырымдаймыз. 
Цифрлық технологиялар түрлі типтегі мәліметтерді дайындауда, өңдеуде, 
біріктіруде, ұсыну әрекеттерінде ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды 
қолдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. 
Цифрлық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және жеке компьютерлік 
технологияның өркендеуі нәтижесінде жүзеге асады. Цифрлық технологиялар 
стастистикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай 
дәрежеде ұсынуды талап етеді.
Зерттеуші ғалымдардың пікірлері бойынша 25% - дәстүрлі оқу әдісімен 
берілген материалдың, 33% - көру арқылы, 50% - көру-есту арқылы, ал 75% - 
цифрлық технологиялар арқылы оқыту бағдарламасы көмегімен берілген 
материалдар есте жақсы сақталады. Цифрлық технологиялардың ажырамас 
бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық 
энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту үдерісінде орны ерекше болып 


69 
табылады. Сондықтан цифрлық технологияны қолдана алатын болашақ МДҰ 
мамандары келесідей біліктерге ие болады:
- өздігінен қажетті білім алатын және оны практикада қолдана алатын; 
- өздігінен сыни ойлауға, нақты жағдай туындағанда мәселелерді көре 
алатын және олардың шешімін таба білетін; 
- өзіне қажетті ақпарат, мәлімет іздеуде сауатты жұмыс қабілетті болуы; 
- түрлі ұжымдық ортада, әлеуметтік топтарда, қоғамда жұмыс істеуге 
қабілетті; 
- өзінің ақыл-ойын, мәдениеттілік деңгейін дамыта алады. 
Электронды пошта - мәтінді және басқа ақпараттарды бір немесе бірнеше 
қолданушыға жіберу, қажетті ақпараттарды жөнелту, сақтау, алынған 
мәліметтерді қатты дискіге сақтауға тиімді. Электронды поштаның тиімділігі 
болашақ педагог-тәрбиеші бір мезгілде бірнеше тұлғаға хат хабар, мәлімет 
жіберу мүмкіндігіне ие. Кәсіби өздігінен білім алу барысында қажетті ақпаратты 
жылдам табуға көмектеседі. 
Планшет мобильді құралдардың бірі болып табылады, дыбыстық, SMS, 
электрондық пошта, бейне байланыс, әлеуметтік желілер (Twitter, Facebook және 
т.с.с.), интернетке сәйкес жұмыс түрлерімен қамтамасыз етеді. Яғни олар аудио, 
видео, жазу, тыңдау, көру, іздеу қызметін ұсынады. Оқыту формасында қолдану 
түбегейлі өзгеріске алып келді. Мобильді оқыту «кез келген жерде және кез 
келген уақытта ақпараттарға тұрақты түрде қолжетімділікті қамтамасыз ету, оқу 
үдерісіне жаңа бір тербеліс, өзгеріс алып келді. Білім берудің даму 
тенденцияларын толық көрсетеді. Мұнда оқыту үдерісін икемді, қолжетімді 
етеді және дербестендіреді.
Ноутбук - (ағылш. notebook - блокнот) - дербес компьютердің бірі, 
пернетақта, мониторы ықшамдалған компьютердің бір түрі. Білім алу, іздену, 
дербес жұмыс жасау және өздігінен білім алуда тиімді құрал. Алайда, қуаты тез 
бітеді. Алыс жолдарда ұзақ уақытқа жарамсыз келеді.
Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, 
сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, 
атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және 
дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын электрондық оқу 
құралы. Сонымен қатар, электрондық оқулықтарды сабақта қолдалану кезінде 
болашақ педагогтердің бұрын алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен креативті 
тұрғыда тапсырмаларды орындайды. Әрбір болашақ педагог өзі таңдаған 
тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, 
практикалық тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және 
музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып 
түсіндіргенінен әлдеқайда қызықты, тартымды, тиімді және әсерлі. Меңгерілуі 
қиын сабақтарды заманауи технологиялар көмегімен болашақ педагогтарға 
түсіндірілсе, жаңа тақырыпқа деген болашақ педагог құштарлығын оянары 
сөзсіз. Оқыту құралдарының бірі болып электрондық оқулық табылады. Болашақ 


70 
педагог жеке оқытуда жаңа ақпаратты жеткізу, сондай-ақ меңгерген білім мен 
біліктері тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал болып саналады [127]. 
Оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды қолдану кезінде болашақ МДҰ 
педагогтері бұрын алған білімдерін тереңдетіп, аумағын кеңейтіп, өздігінен 
креативті тапсырмалар тиімді орындайды. Әрбір болашақ МДҰ педагогтері 
таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тараудағы тест жұмыстарын 
орындап, практикалық тұрғыда тапсырмалармен жұмыс жасауға дағдыланады. 
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыстық 
жазбаларды тыңдатып көрсетуге болады және де есте сақтау үшін тиімді. 
Қазіргі кезде елімізде АКТ тек ғылыми зерттеулер мен әртүрлі әлеуметтік, 
экономикалық және саяси үдерістерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де 
кең қолданылып жүр. Ақпараттық технологиялар компьютерлік желілерді 
пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп 
келеді. АКТ қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдаланылу кезеңінде білім 
мекемелерін білікті мамандардан, аппараттық құралдар кешенінен, құжаттар 
айналымынан, мәліметтер базасынан және басқа да ақпараттық қамтамасыз ету 
элементтерінен тұратын біртұтас жүйе құру қажеттілігі туындайды. Осындай 
жүйе құру кезінде, бір жағынан, ол уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын 
объект екенін, екінші жағынан, мұндай жүйе білім мекемесінің барлық жұмыс 
түрлерін (оқу үдерісі, басқару, ғылыми зерттеу) сүйемелдеуді қамтамасыз ете 
алатынын есепке алып отыру керек.
Жоғары білім жүйесінің тиімді түрде жұмыс істеуі үшін сапалы ақпараттық 
сүйемелдеу қызметі қажет. Мұндай қызмет түрі оқыту үдерісінің мақсатымен, 
студенттердің болашақ мамандықтарының сипатымен, оқытылатын пәндермен, 
білім беру құралдарымен және солардың нәтижелерімен анықталады [138]. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің міндетіне - мектепке дейінгі 
және кәсіби міндеттер жүйесін шешуге маманның кәсіби жарамдылығын 
көрсететін бірнеше құзыреттілік кіреді. Болашақ МДҰ педагогтерінің басқару 
құзыреті болашақ маманға сауатты, шығармашылық, басқарушылық 
функцияларды саналы түрде атқаруға мүмкіндік беретін осындай қажетті қарым-
қатынастарды, кәсібилікке, жеке қасиеттерге және сапаға байланысты 
көзқарасты болжайды. Сонымен қатар, ғалымдардың зерттеулері болашақ МДҰ 
педагогтерін басқару құзыреттілігін қалыптастыруға тән мәселелердің бар 
екендігін көрсетеді. Атап айтқанда: көптеген студенттер авторитарлық қарым-
қатынаспен, диалогтың болмауымен сипатталады. Болашақ мектепке дейінгі 
ұйым педагогінің кәсіби жағдайы көбінесе тұрақсыз болып табылады. Ол 
керісінше, жаңа ұстанымдардың әсерінен өзгереді, сол арқылы ол өздерінің 
принциптік қарым-қатынастарын өзгертеді. Көптеген болашақ педагогтар өз 
әріптестерімен байланыс орнатуда кедергілерге тап болады. 
Қоғамдағы экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, 
қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттану мен қарқынды даму білімге қойылатын 
талаптарды түбегейлі өзгертті. Біздің жағдайымызда АКТ құзыреттілігі 
қалыптасқан болашақ басқарушы педагогтер ең кем дегенде төменде келтірілген 
қазіргі қолданыстағы мектепке дейінгі мекеме қызметіндегі бар ақпараттық 


71 
технология түрлерімен жұмыс жасай білуі қажет. Сондай отандық басқару 
ұйымдарының ақпараттық технологиялары мен цифрлық білім беру 
ресурстарынына қысқаша талдаулар жасап өтсек. 
Жалпы қазіргі кездегі білім саласындағы қызметкерлерге таныс e.gov.kz, 
балабақша open.almaty, мемелекеттік сатып алу, ұлтық білім деректер қоры, 
enbek.kz, almatybala.kz интерент ресурстары
 
мектепке дейінгі ұйымдардың 
қызметін басқарудағы ақпарат көздері және сол мектепке дейінгі ұйымдардың 
өзге де ұйымдармен, басқада қоғамдық білім беру орталарымен ақпарат 
алмасудағы тікелей қатынас құралдары болып табылады. 
e.gov.kz - электронды үкімет порталы азаматтардың жаңа туған нәрестенің, 
жалпы мектеп жасына дейінгі балаларды мобильді қосымшалар көмегімен 
балабақшаға орналастыру кезегіне қойып, кезектерін қадағалап отыруына 
мүмкіндік береді. 
Мемлекеттік сатып алу порталы мектепке дейінгі мекеме қызметін 
жүргізуге қажетті құрал-жабдықтарға дел далсыз қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
РММ «Республикалық орталық «Мектепке дейінгі балалық шақ» порталы-
Мектепке дейінгі ұйымдарды нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына 
сәйкес,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану арқылы 
оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі ұйымдардың 
бағдарламалық-әдістемелікпен қамтамасыз етілуін зерделеу және талдау. 
ҰБДҚ –ұлттық білім беру деректер қоры статистикалық мәліметтерді 
ақпаратты беруші бірінші көздерден (білім беру ұйымдарынан) автоматты 
режимде жинауға, мәліметтерді сақтау және өңдеуге, ұйым әкімшіліктерінің 
уақытымен есеп беруін қалыптастыруға жағдай жасайды. 
enbek.kz - Электрондық еңбек биржасы – МДҰ-да пайда болған бос 
лауазымдық орындарға қызметкерлер табу жұмысын жеңілдетеді. 
almatybala.kz сайты – қазіргі кездегі мектепке дейінгі ұйымдарға арналған 
веб-сайт болып табылады. Веб-сайт балабақшалардың қоғам мүшелеріне,басқа 
да болашақ МДҰ педагогтерін даярлайтын жоғары оқу орындарының, 
қызметкерлеріне, жалпы қоғам мүшелеріне, ата-аналарға балабақшалардың 
ағымдағы жұмысы туралы хабардар етуге мүмкіндік береді. 
Қазақстанның біліктілікті арттыру жүйесіне жоспарлы түрде смарт-білім 
беру (smart-education) енгізілуде. «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы
педагог кадрлардың біліктілігін арттыру Институты филиалдарында осы бағыт 
бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қысқа мерзімді біліктілікті арттыру 
курстарының бағдарламасында мына сияқты тақырыптарды оқып білу 
қамтылған: Оқытуда Smart-құрылғыларды пайдалану; Smart мектептердің 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялары; Цифрлық білім беру контентін 
әзірлеу кезінде педагогтың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін 
қалыптастыру [150]. 
Осы берілген тақырыптар бойынша лекциялық-практикалық сабақтардың 
материалдары Лондон, Рединг (Ұлыбритания), Сеул (Корея Республикасы) 
университеттерінің шетелдік тәжірибесі негізінде әзірленген. 


72 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтері заманауи ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың оқытуды онлайн ұйымдастыруға және 
қызметті басқаруға мүмкіндік беретін бұлтты технологияларды кәсіби пайдалана 
білуі керек. Яғни болашақ МДҰ педагогтерінің шығармашыл, креативтік 
әлеуетке ие, «ақпараттық кеңістікте» ойлана алатын және жұмыс жасай алатын 
дайындалған кадр болуы қажет. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша болашақ МДҰ 
педагогтерінің біліктілігін арттыру формасының бірі - бұлтты технологиялар
Ол болашақ МДҰ педагогтерінің замануи ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар бойынша базалық білімін және білім беру тәжірибесіндегі желілік 
құралдарды пайдалану шеберлігін қалыптастырады және білім берудегі, 
географиялық және әлеуметтік кедергілерді жоюға мүмкіндік беріп қана қоймай,
пайдаланушыларға берілетін білім мен ғылыми ақпаратты неғұрлым мобильді 
және үнемді тәсілде жеткізеді, таратады. Мысалы Google бұлтты 
технологиясының сервистерін: формалар, классты білім беру мен қатар оны 
басқару қызметінде де пайдаланушы өз ісіне ыңғайлы түрде еркін және қандайда 
бір мөлшерде тегін пайдалана алады. 
Шындығында, бұлтты технологиялар қарапайым ақпаратты сақтаудан 
бастап, күрделі қауіпсіз АТ-инфра құрылымдарды ұсынумен аяқталатын 
өздерінің сервистерінің шексіз мүмкіндіктерін ұсынады. Ал оларды кәсіби 
қызметте пайдалана білу үшін арнайы АТ-маманы болудың қажеті жоқ, шебер 
пайдаланушы болу жеткілікті. Айта кетерлік бір жайт, бұлтты технологияның өзі 
айтарлықтай жаңа пайда болуы себепті оларды қоғамның әр түрлі 
құрылымдарында пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу мәселесі әлі күнге 
жалғасуда. 
Сондықтан да болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлауда 
басқарушылық құзыреттілікті ақпараттық - коммуникациялық технологиялар 
арқылы қалыптастыру бүгінгі күн талабы. Ендеше аталған технологиялар 
бойынша білімді болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастыру элекивті курсты және оны оқытудың әдістемесін оқу мазмұнына 
енгізу дұрыс шешім. Енді мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымдық бөлімдері 
бойынша ақпараттық технологияларды пайдаланудың бір қатар мәселелеріне 
тоқталайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет