Абилбакиева галия турысбековна


 Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ



Pdf көрінісі
бет21/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Dissertation1

2.2 Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастырудың құралдары мен әдістері 
 
Педагогикалық зерттеулерде «педагогикалық құрал» ұғымының бірыңғай 
түсінігі жоқ. Авторлардың бірі кең мағынада оқытудың барлық жобасы 
оқытудың құралын білдіреді десе; басқалары құралдарды – оқытудың жалпы 
білімділік және тәрбиелік мақсатына жету үшін пайдаланатын саймандар деп 
түсінеді; үшіншілері оқыту құралдарына материалдармен қатар, адамға 
объективтік болмысты жалпы тануға мүмкіндік беретін, ойдағы әрекетті жүзеге 
асыратын иттеллектуалды құралдарды жатқызады . 
90-жылдары дидактикада оқыту әдістемесімен байланыстырып оқыту 
құралдарының жіктелуін ұсыну қабылданған болатын. «педагогикалық құрал» 
ұғымының педагогикалық құралдар деп мұғалім мен оқушының (физикалық 
және рухани) жеке күштерін; оқыту мақсаты үшін қолданылатын табиғи және 
адамның жасаған объектілер, пәндер, органикалық және органикалық емес 
табиғаттың үдерістері мен құбылыстарын түсінеді. Функционалды белгіленуіне 
байланысты оқыту-танымдық акті құрылымында зерттеуші оқыту құралын 
топтарға бөледі: педагогтың оқыту-танымдық міндеттерін құруына және оларды 
оқушылардың қабылдауына арналған оқыту құралы; педагогтың білім беру және 
оларды оқушылардың меңгеру құралы; оқыту-өндірістік практиканың құралы; 
оқушылардың білімін, білігін және дағдысын педагогикалық тексеру құралы.
Құрал- бұл мақсаттан шын нәтижеге жететін біртұтас үдеріс. Оқыту құралы 
ұғымы дидактикада оқытушы мен үйренушінің басқа әрекеттері қатарындағы 
әрекет құрауыштарының бірін анықтау үшін қолданылады (түрлендіру пәні, 
құралы, әрекет технологиясы және т.б. 


64 
Біз зерттеуімізде құралды, саймандарды қамтамасыз ету жолымен мақсатқа 
жету ретінде қарастырып, оқыту үдерісі төңірегінде құралдар деп педагог пен 
үйренуші арасында орналасқан және жеке тұлғада жеке мінездер жүйесінің 
сапасын қалыптастырумен қамтамасыз етуде қолданылған материалды немесе 
объектіні түсінеміз.
Бұл білім алу нәтижесі ретінде, жүзеге асыру жолдары, өлшемдер мен 
құралдарды құрастыру мен бағалауды қиындатады». Осыған байланысты, біз 
болашақ МДҰ мамандары үшін біріншіден, түйінді өздігінен білім алуды 
топтаудың негіздемесін; екіншіден – өздігінен білім алудың бірқатар жалпы 
компоненттері; үшіншіден – құраушыларға енетін өздігінен білім алу 
номенклатурасын анықтауға және ғылыми-әдістемелік негіздеуге ұмтылысы 
жасалды.
Біз болашақ МДҰ мамандары өздігінен білім алуға даярлығын 
қалыптастыру мақсатында өздігінен білім алу үдерістеріндегі өзіндік іс-әрекет 
барысын басты мәселе етіп қойдық. Оның құрамына жаңа материал жинақтау, 
интербелсенді тақтадан көру, есту, жасап көру арқылы түсіндіру, нәтижесін 
талдау, мазмұнын негіздеу, цифрлы технологияларды, мобильді құралдарды 
қолдану жатады. Өздігінен білім алу дегеніміз, көзқарастар мен ойларымен 
бөлісе отырып, нақты алға қойған мәреге жету мақсатында, түрлі анықтамалар 
мен ұғымдарға, теорияларға және т.б. мәліметтерге сүйену, негізге алу өздігінен 
білім алу даярлығын қалыптастыратын өзіндік іс-әрекеттердің жиынтығы деп 
түсіндіреміз.
- өзіндік жұмыс әдіс-тәсілдері бойынша жоғары білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартында берілген, өзіндік жұмыс маңызды етілді
- маңызды болған тіректі өзіндік жұмысты қайта құрылымдау және 
өздігінен білім алу блогынан тұратын, болашақ МДҰ педагогтерінің кәсіби 
өздігінен білім алуға даярлығының құрылымы құрастырылды, олар модульді 
білім беру бағдарламасын қолдануда іске асыруды «талап» етеді;
- болашақ МДҰ педагогтерінің кәсіби өзіндік жұмыс даярлығының 
құрылымына сәйкес өздігінен білім алу технологиялар арқылы білім алудың 
үлгілік бағдарламасында өздігінен білім алу үдерісінде маңызды етілді; 
- болашақ МДҰ педагогтерінің кәсіби өздігінен білім алуға даярлығының 
құрылымына сәйкес, заманауи технологиялар бойынша білім алудың мазмұнын 
қайта құрылымдадық.
Құзыреттілік тұғырға сәйкес, нәтижеден білім алудың мазмұны 
құрастырылуы тиіс, сонда біз ұсынған өздігінен білім алу құрылымы, жаңа білім 
алу бағдарламаларын құрастыру үшін бағдарлы болып саналады, олардың 
мақсаты – болашақ МДҰ педагогтерінің кәсіби өздігінен білім алуға даярлығын 
қалыптастыру, сонымен бірге, аталған өзіндік іс-әрекетті қалыптастыру үшін, 
білім алу бағдарламаларының нәтижесінің тиімділігін бағалау болып табылады. 
Болашақ МДҰ педагогтерінің кәсіби өздігінен білім алуға даярлығының 
құрылымын қолданып, өздігінен білім алуды маңызды ету кез келген білім беру 
бағдарламасының мазмұнын, кәсіби өздігінен білім алуға даярлығын 
қалыптастырудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестілігі анықталды: 


65 
- білім беру бағдарламасы мақсатты түрде бағдарлары тексерістен өткізіліп, 
сәйкес тұстары анықталып көрсетіледі; 
- күрделі элементтер арқылы өздігінен білім алуға даярлығының 
тақырыптар тізімі және білім беру бағдарламасының модульдер тізімі бойынша
салыстыру және сәйкес тұстары айқындалды
- элементтер бойынша, модульдерге сай келетін өздігінен білім алу 
мазмұнмен толықтыру мәселесі қарастырылды; 
- элементтер мен модульдерде бір-біріне сәйкес келетін өздігінен білім алу 
іс-әрекеттін толықтыру және білім беру бағдарламасы салыстырмалы түрде 
тексерілді; 
- салыстыру нәтижелері талқыланып, болашақ МДҰ педагогтерінің кәсіби 
өздігінен білім алуға даярлығын қалыптастыруға арналған білім беру 
бағдарламасын тиімді қолдану, жүзеге асыру туралы тұжырымдама жасалады.
Айтылып өткен кәсіби іс-әрекетіне қойылатын талаптарды ескере отырып, 
мамандығына қажетті білімдерді, өздігінен білім алудың жеке бағдарламасын 
құрып және жүзеге асыру, педагогикалық проблемаларға зерттеу жүргізу, 
өздігінен білім алу бағдарламасына өңдеу жұмыстары түзету жұмыстарын 
жасау, нәтижесі мен іс-әрекет барысын бақылау біліктерінің қалыптасуы шарт. 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің АКТ пайдалану қызметіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет