Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет29/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
Dissertation1

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


98 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру жүйесі еліміздің әлеуметтік-
экономикалық саяси және ғылыми кеңістігі болып табылатын сыртқы ортамен 
қарқынды алмасуда өзіне тән дәрежесімен сипатталатын ашық жүйе. Eліміздің 
жоғары білім беру жүйесінде педагогтерін дайындауда білім алушылардың өз 
мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, қоғам дамуына сәйкес қабілеттерін 
жетілудіруге ықпал етіп, оны нәтижелілігін арттырудың теориялық негіздері мен
педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктерін, анықтау өзекті мәселе болып 
табылады.
Сондықтан кәсіби білім берудің маңызды бір мәселесі болып табылатын
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар арқылы басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруда өз 
мамандығының қоғамдағы орнын түсініп, соған сәйкес кәсіби дамуға ерікті 
түрде өзін бейімдей алуының маңызы зор.Ақпараттық -коммуникациялық 
технологиялар арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастыру атты диссертациялық зерттеу 
жұмысы барысында алынған теориялық және қолданбалы нәтижелер 
төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға 
арналған зерттеу жұмысында мәселенің еліміздің экономикалық даму 
бағдарламасына сәйкес өзектілігі және оның шешімін табуға тиісті 
педагогикалық мәселенің бірі ретінде әрі қарай пайымдауды қажет ететіндігі
дәлелденді.
2. Зерттеу 
барысында 
әзірленген 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың мазмұныны болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
өзінің кәсіби іс-әрекетінде тиімді пайдаланып, субъективті және объективті 
дайындығын қамтамасыз ететін ұстанымдарды, құрылымды, заңдылықтарды 
ашып көрсететін теориялық және әдістемелік сипаттағы негізгі қағидалар 
жиынтығымен анықталынады.
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру 
моделінің тұжырымдамалық негізі ретінде мазмұндық компоненттері 
анықталды. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық 
моделінің 
стратегиялық мақсаты ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттілігін 
қалыптастыру 
белгіленді.Басқарушылық 
құзыреттілікке 
дайындық тұлға мен іс-әрекет кәсібилігінің құрамдас бөлігі және педагогтің 
ішкі қарама-қайшылықтарды жеңудегі және іс-әрекет жоспарлары мен 
бағдарламаларының шығармашылықпен жүзеге асырылуындағы оның ішкі 
белсенділігінің біртұтас көрінісі ретінде қарастырылды.


99 
4. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға 
бағытталған «Мектепке дейінгі ұйым мамандарының ақпараттық –
коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ басқару құзыреттілігін
қалыптастыру» атты элективті курс, оқу әдістемелік кешені зерттеу барысында 
дайындалып тәжірибеден өтіп, педагогтердің ақпараттық құзыреттілігін 
арттырып,кәсіби әрекетте биіктіктерге қол жеткізудің теориясы мен 
практикасын меңгеруге ықпал етті.
5. Эксперимент барысында қолданылған технологиялар (педагогикалық, 
психологиялық, ақпараттық-коммуникациялық), арнайы тренингтер мен әдістер
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қалыптастыру тиімділігін 
арттыруға ықпал етті. Педагогтердің ақпаратты белсенді танымдық, 
шығармашылық әрекет жағдайында болуын, субъектілігін дамытуға жағдай 
жасап, шығармашыл, креативтік әлеуетке ие болып, «ақпараттық кеңістікте» өз 
бетінше жұмыс жасай алуына көмектесті.
Зерттеудің қорытындылары бойынша төмендегі ұсыныстар жасалды:
1. Педагогтердің 
басқарушылық 
құзыреттілігін 
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар арқылы қалыптастыруға өзекті мәселе ретінде 
көңіл бөліп, арнайы оқу бағдарламалар бойынша мақсатты түрде әзірлеуді 
жолға қою. Бұл ұсынысты барлық МДҰ педагогтерін дайындау үрдісінде жүзеге 
асыру еліміздің МДҰ педагогтерінің кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.
2. ЖОО-да педагогтердің басқарушылық құзыреттілігін ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар арқылы қалыптастыруды ақпараттық 
парадигмаға негіздеу мақсатында қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын 
жазуды жоғары оқу орындарында тәжірибеге ендірілуін қадағалау.
3. Білім және ғылым саласындағы журналдарда ЖОО-ғы МДҰ мамандары 
мен оқу орындары оқытушыларының тәжірибелері мен жаңашылдық 
ізденістерімен бөлісулерін ұйымдастыру қажет.
4. Педагогикалық 
оқу 
орындарының, 
мектепке 
дейінгі 
тәрбие 
мамандықтарын кәсіби шеберлікпен еңбек ететін оқытушылар мен 
магистранттар мен докторанттарға арнап шығармашылық шеберханаларын, 
зертханаларын ұйымдастыру. Болашақ МДҰ педагогтердің басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптастыру күрделі және көпқырлы мәселе. Сондықтан зерттеу 
барысында алынған нәтижелерді оны шешудің бір ғана жолы деп есептеп, бұл 
бағыттағы ізденістер болашақта МДҰ педагогтерін дайындаудың басқа да 
қырларын, психологиялық астарларын, педагогтердің басқарушылық 
құзыреттіліктерін зерттеу тұрғысында өзінің жалғасын табуы тиіс деп 
есептейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет