86
Эксперимент жүргізудің мақсаты:
Сурет 16 - Эксперимент жұмыстардың жүргізілу сызбасы.
Енді осы суреттегі құрылымдық элементтердің жүргізілу
реті мен
сипаттамаларына тоқталамыз.
Эксперименттік зерттеу келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
1. Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
арқылы
болашақ
мектепке
дейінгі
ұйым
педагогтерінің
басқарушылық
құзыреттілік
дайындығының деңгейін анықтау;
2. Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
арқылы
болашақ
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілікқалыптастыру
курсын оқытуда ұсынылатын әдістемелік жүйесінің тиімділігін тексеру;
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілік дайындығының
деңгейін анықтау кәсіптік қолдануға арналған бөлімдерін қосқан кездегі
қызметінің тиімділігін арттыруды негіздеу.
Тәжірибелік- эксперимент жұмысының міндеттері:
- болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтерінің басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастырудың бастапқы деңгейін айқындау;
Тәжірибелік
жұмыстардың
мақсаты
Тәжірибелік
жұмыстардыңм
індеттері
Эмпирикалық
болжамдар
Диагностика-
лық әдістемелер
Статистикалық
талдау әдістері
Тәжірибелік
жұмыстардың
нәтижелері
87
- болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастыруға арналған жүйені тәжірибеге енгізу;
- тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін статистикалық,
математикалық өңдеуден өткізу.
Алға қойылған мақсаттарға сәйкес эксперименттік зерттеу 2016-2019
жылдар аралығында өткізілді. Эксперимент Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты,
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының білімгерлерімен өтті.
Тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстың
анықтау
эксперименті
педагогикалық ЖОО-ның «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік
педагогика» кафедрасының МДОжТ мамандығының екі топтарында
эксперимент және бақылау жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу келесі кешенді әдістерге негізделді: теориялық-анализ, синтез,
жалпылау,
модельдеу, абстрактілеу; эмпирикалық-сұхбат, анкета, эксперттік
бағалау, эссе, өзін-өзі бағалау, бақылау топтарының әдістері, педагогикалық
эксперимент.
Зерттеу жұмысының анықтау кезеңінде осы
мәселенің қазіргі кездегі
зерттелу барысы, оған әсер ететін жағдайларды анықтау мақсатында жұмыстар
жүргізіп, оны болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің құзыреттілігін
қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштеріне сүйеніп жасалған кешенді
әдістеме көмегімен жүзеге асырдық.
Педагогикалық-психологиялық
әдебиеттерде
келтірілген
үлгінің
анықтамаларына сүйеніп, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
басқарушылық құзыреттілік қалыптастыру үлгісі - белгілік құралдар арқылы
берілген студенттерді болашақ мектепке дейінгі ұйым маманыны ретінде
басқару құзыреттілікке даярлау үдерісінің сапаларын,
қасиеттерін және
байланыстарын көрсететін сұлбасы, бейнесі болып табылатынын анықтадық.
Педагогикалық
эксперименттің
бірінші
кезеңінде
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтерінің басқарушылық құзыреттілік дайындығының деңгейін
анықтау,әдістемелік нұсқау жасау, қолданумен байланысты мәселелер
зерттелді. Осыған байланысты «Мектепке дейінгі ұйымдарды басқару және
ұйымдастыру» пәні бойынша жасалынған және пайдаланылып жүрген оқу
бағдарламалары, оқу стандарттары, оқу үдерісінде пайдаланудың Қазақстандық
және шет елдік тәжірибелер зерттелген болатын.
Сонымен қатар сынақ кезінде басқарушылық
құзыреттілік бойынша
әдістемелік құрал жасау мен пайдалану саласындағы кәсіптік дайындық деңгейін
анықтау мақсатымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы
студенттері арасында анкета жүргізілді (Ә - қосымшаны қараңыз).
Зерттеу мәселесін өз деңгейінде ашу үшін қойылған зерттеу міндеттеріне
сәйкес теориялық талдау жасалғаннан кейін эксперименттік жұмыс жүргізу
қажеттілігі анықталды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс педагогикалық
зерттеулерде қолданылатын эксперименттік жұмыстар логикасына сәйкес
88
жүргізілді. Бірінші кезеңде айқындаушы эксперимент жүргізіліп, студенттерде
болашақ мектепке дейінгі ұйым маманы ретінде басқару құзыреттіліктерінің
қалыптасу деңгейі анықталды.
Айқындау экспериментiнің негiзгi мақсаты –
болашақ мектепке дейінгі
ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілік даярлықтарының жай-күйін
зерттеу талдау болды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін зерттеу барысында
сауалнама, әңгiмелесу, бақылау әдiстерi, құзыреттілікке бағытталған
тапсырмалар, әдістерді қолдану арқылы ЖОО-ғы болашақ мектепке дейінгі
ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттіліктерін жетілдірудің бастапқы
күйi анықталды.
Педагогикалық эксперименттің екінші кезеңі 2017-2018
жылдары
қалыптасты. Екінші кезеңнің мақсаты, ол оқытудың ұсынылған әдістерінің
тиімділігі мен болжамын тексеру. Қолданылатын әдістер – студенттермен
сұхбаттасу, олардан анкета және тест алу.
Оқыту мақсаттарын жүзеге асырудың жетілдірілген әдістемелік жүйесіне
сәйкес дәстүрлі әдістер (түсіндірушілік-көркемдік, репродуктивті) мен бірге
келесі әдістер ұсынылды:
- жобалар әдісі;
- ақпараттық ресурс әдісі;
- демонстрациялық мысалдар әдісі.
Бүгінгі қоғам талаптарынан туындаған нарық сұранысы болашақ
педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің жоғары болуын талап етеді.
Эксперимент болашақ педагогтардың теория және практика тұрғысынан АКТ
арқылы басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға
арналып жасалған
құрылымдық-мазмұндық
модельді
тәжірибелік-практикадан
өткізуге
бағытталды.Теориялық модель компоненттерінің мазмұндық сипаты және оның
тиімді қолданылуы тәжірибеден өткізіліп, оның жоспары әзірленді. Біздің
зерттеуіміздегі педагогикалық эксперименттің мақсаты
болашақ МДҰ
педагогінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесін енгізу
мен түзету және ол қалыптастыру моделінің үдерісі болып табылады.
Педагогикалық эксперименттің міндеттері:
- студенттің құзырет, басқарушылық құзырет туралы ұғымын, болашақ
МДҰ құзыреттілігін қалыптастырудың бағалау деңгейін анықтау;
- студенттердің
басқарушылық
құзыреттілігін
қалыптастырудағы
педагогикалық үдеріске оларды баулу;
- студенттердің оқу әрекетінің нәтижелерін талдау, болашақ МДҰ
педагогінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік
жүйесін жетілдіру және шартын анықтау.
Педагогикалық экспериментті өткізу үшін үш негізгі кезеңнен тұратын
бағдарлама жасалынды.
Достарыңызбен бөлісу: